EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 40

¹ 4( 4) 2015“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
АХМЕТОВА ЭЛЬМИРА ТУРАРБЕКОВНА
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының тәрбиешісі
38
Мақалада Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі мекемелеріндегі көптілділікті енгізу мәселесінің бүгінгі жай күйін талданған. Сонымен қатар, мектепке дейінгі оқыту мекемелеріне ағылшын тілін оқытуда қолданатын негізгі баспалар және өзге де тиімді әдістемелік материалдар жайында сөз қозғалады. Балабақша жасындағы балаларға ағылшын тілін үйретудің ерекшеліктері жөнінде мәліметтер берілген.
Статья посвящена нынешнему положению полиязычия в дошкольных учреждениях Республики Казахстан. Наряду с этим автор рассматривает наиболее эффективные методические материалы и основные издания, используемые в преподавании английского языка в дошкольных учреждениях, а также описывает особенности обучения иностранному языку детей дошкольного возраста.
The article is devoted to the current situation of polylinguism in the pre-school institutions of the Republic of Kazakhstan. In addition, the author examines the most effective teaching materials and the basic editions, used in English language teaching at pre-school institutions, along with this the author describes the features of teaching pre-school children to a foreign language.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ КӨПТІЛДІЛІКТІ ЕНГІЗУ

Көптілділік мәселесі- Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып "… еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы- көпұлттылық пен көптілділік " деп атап көрсеткені белгілі. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен " Тілдердің үштұғырлығы " мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай "... барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95 % және 25 %- ағылшын тілін меңгеруі тиіс " делінген.
Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде( қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.
Қазақстан Республикасының ПрезидентіН. Ә. Назарбаевтың " Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан " атты Қазақстан халқына Жолдауында " Тілдердің үштұғырлығы " мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. " Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі " атап көрсетілді.
Көпұлтты Қазақстан жағдайында " Тілдердің үштұғырлығы " мәдени жобасы қоғамдық өзара келісімді нығайтатын маңызды фактор болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы идеясы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін құруға және дамытуға бағытталған ұлттық идеологияның бөлігі болып табылады.
Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың
негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты " Қатынас " білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің алдына қойылған міндет- тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті- Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.
Балабақшамызда ағылшын тілі мектепке дейінгі ересек топтарда және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу іс-әрекеттеріне қызығушылықпен қатысады. Ағылшын тілі оқу іс-әрекетінде ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған бес кітаптан тұратын " Үш тілдің патшалығы " сериясы(" Шикула и К " 2006Ж.) " Кids box " Pupils book Caroline Nixon & Michael Tomlinson Cambridge University Press 2008ж. сериясы әдебиеттері және аудио-видео таспалары қолданылады. Ағылшын тіліне үйретудің негізгі мақсаттары:- Балалардың оқып жатқан шет тілінің, елінің мәдениет әлеміне енгізу, оны туған мәдениетімен байланыстырып салыстыру;
- Шет тіліне деген қызығушылық, ол тілде сөйлеуге ынта таныту;
- Ойлауды, зейінді, қабылдауды, ойды, сезімді, бейнелеуді және танымдық, тілдік қабілеттіліктерді дамыту.
Ағылшын тіліне үйретудің практикалық міндеттеріне, қатынас құралдары жатады( сөйлеу, лексика, грамматика), және бірнеші тілдік іс-әрекет( аудиотыңдау және қайталау, монологтік және диалог түріндегі сөйлеу).