¹ 4( 4) 2015
Тілге үйреткен кезде әрбір ұлт тілінің негізін қайталайтын, оның лексикасының, фонетикасының, граматикасы мен синтаксисінің дамуы, қалыптасу заңдылықтары болатынын есте сақтау керек. Басқа ұлт балаларын қазақ тілінде үйретуге кездесетін қиындықтар осындай тілдік заңдылықтарға байланысты. Әсіресе, қазақ тілі фонетикасына тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, балалармен сөйлесу барысында оның сөз қолдану ерекшелігіне, дыбыстарды дұрыс айтуына баса назар аударуды, аталған дыбыстарды айтуда сөйлеу мүшелерінің өзгерісін қолдану ерекшелігін көрсетіп, түсіндіру, дұрыс айтып үйренуге ойната жаттықтыру жұмысына айрықша көңіл бөлу керек. Өзге ұлт балаларының қазақ тілін түсінуі мұғалімнің кең тараған сөздерді, сөз тіркестерін күнделікті оқу-іс әрекетінде жиі қолдануына байланысты. Мысалы: " Тұрыңдар ", " Отырыңдар ", " Жақсы ", " Рахмет ", " Атың кім?", " Мынау не?" сөздерін балалар күнде естіп, естерінде сақтайды. Балалар бір- бірімен сәлемдесе қоштаса білуі, атыжөнін, заттарды атай білуі керек. Оқу іс-әрекетінде үйренген сөздерін сөйлем ішінде қолдана білуі керек, өздеріне бағытталған сұрақтарға еқі-үш сөзден дұрыс, толық сөйлем құрап жауап бере білуге үйрету керек. Мектепке дейінгі жастағы балалар сөз ұқсастығын жақсы қабылдайды. Осы жүйедегі жұмыс балалардың зейінін, тақпақ жолдарындағы сөз ұқсастығын, сөздерді қабылдау қабілеттерін арттырады. Оқу іс-әреккеттерінде тақпақтар, санамақтар, әндер жаттата отырып тілге деген баланың қызығушылығын арттыруға болады. Сонымен қатар ұқсас сөздерді айтқызу арқылы, балаларға жаңа сөздерді тез жаттатқызуға болады.
Балалардың қазақ тілін жақсы игеруі оқу-іс әрекеті, дайындық және оны өткізу кезінде есепке алу керек, әртүрлі факторларға байланысты:
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
1. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктері; 2. Балалармен қазақша игерілетін заттар, құбылыстар, жануарлар оларға өз тілінде белгілі болуы тиіс. 3. Күнделікті жаңа сөздермен жинақталған сөз қорын толықтырып отыру керек.
4. Игерілген сөздер әрбір оқу іс- әрекетінде қайталанып, күнделікті қолданып, бекітіліп отыруы қажет. Қазақ тілі мұғалімі оқу іс-әрекетін бастар алдында мынандай әдістемелік ұсынысты есінде сақтау керек: 1. жаңа сөзді игерту заттар, ойыншық, сурет, сызба көрсету арқылы жүзеге асады; 2. жаңа сөз дұрыс, таза аталуы тиіс; 3. жаңа сөз алғашында ақырын мұғалімнің соңынан, сосын 2-3 қайтара бірге, содан кейін ғана жеке бала атай алады. Мұғалімнің үні, сезімі, әрбір сөзі баланың жаңа сөзді игеруіне әсер етеді.
Баланың мемлекеттік тілде емін-еркін қарым- қатынас жасап, игерген білімін күнделікті өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасау мектепке дейінгі мекеменің педагогтарының шеберлігі мен біліктілігіне, атааналардың жауапкершілігіне байланысты деп санаймыз. Сөзімді қорыта келе айтарым, қазақ елі аман болса, қазақ тілі де жасай бермек. Ең бастысы, елбасымыз айтпақшы: " Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде!" Бүгінгі күні егемен ел ретінде әлем мойындаған Қазақстанға деген қызығушылық артып, өркениеттің материалдық ғана емес, рухани құндылықтарымызды да танып-білуге деген ынта-ықыласы тереңдей түсуде. Атабабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, айжұлдызымыз оңынан туып тұрған шақта осы рухани құндылықтарымыздың қайнар бұлағы- қазақ тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын өзіміз жете түсінуіміз қажет. Қазақ тіліне деген құрмет пен ықыласты ұлттық сана биігіне көтерген жөн.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Алматы Мектеп, 1976. 2. Сәтімбекова М. С. " Ойна да ойлан " Алматы. 2000 3. Баймұратова Б. Мектепжасынадейінгібалалартіліндамыту методикасы. 2-6 жасаралығы. Алматы: Рауан, 1992. 4. Бақраденова А., Баймұратова Б. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшаларда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1992.
34