МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ
ßñëè-ñàäèê“ Àæàð " ¹ 4( 4) 2015
КУДАЙБЕРГЕНОВА ГУЛНУР СЕРИККАЗИНОВНА
КМҚК № 12 " Ажар " ясли бақшасы қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі- кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл- халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы, өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.
Белгілі ғалым Махмұд Қашқари " Тәрбие басы- тіл " деп көрсетеді. Ана тілін қадірлеуге, сыйлауға, ұмытпауға, патриоттық сезімнің оянуына ат салысар еді. Қазақ халқы " Отан " ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысқан, оны туған жер, ана тіл, атамекен ұғымдарымен байланыстырған. Отан отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырақтан, ана тілінен басталған. " Ұлттың болашағы- ұрпағында, ұрпақ тәрбиесі- ұстаз қолында ".
Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру орындарында қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, грамматикалық құрылысын меңгеруге, ойын еркін жеткізуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге, сонымен бірге қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. мұндай дәрежеге жеткізу үшін педагог мамандар түрлі жаңа технологиялардың тиімді жақтарын алып, баланы жеке тұлға ретінде дамыту жолында жұмыс жасай алулары қажет.
" Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе- жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: " Білімді, сауатты адамдар- ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші " деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Бүгінгі таңдағы оқу үрдісі жаңа әдістәсілдерді жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Яғни, заман талабы- оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалана отырып, тәрбиеленуші бүлдіршіндерге саналы да сапалы білім беру. Өзге ұлттың, өз ұлтымыздың баллары мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізе алуларына, қарым-қатыс жасай алуларына жағдай туғызу " деген ой білдіреді. Біліммен сусындатқан бүлдіршіндеріміз сенім ақтап жатса, педагогтың мерей арта түсері сөзсіз. Ел ертеңі жас ұрпақ мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, қазақ тілімізге құрметпен қарайтындай дәрежеге жетсе, тілді оқытушы ұстаздардың ел алдындағы парызының ақталғаны деп білемін. Ол үшін кез-келген педагог-маман өз ісінің білгірі болып қана қоймай, мемлекетіміздің болашақ туын желбіретер ертеңгі ұрпақты рухы мықты, патриоттық сезімі оянған жеке тұлға, азамат етіп тәрбиелеуі шарт. Мемлекеттік тілді оқып-үйрену- бүгінгі күннің өзекті
Мақалада қазақ тілінде жаңа технологияны қолдана отырып оқушыға бағыт-бағдар беру, зейінін көтеру, белсенділігін арттыру туралы жазылған. Автор қазақ тілі сабағында оқушылардың дағдыларын дамытуда қолданылатын әдістердің қаншалықты тиімді екендігін талдайды. Мақала мектеп мұғалімдері мен филология факультетінің студенттеріне арналады.
В статье рассматривается использование новых технологий на уроках казахского языка, направленных на пробуждение интереса и повышение внимания у учащихся. Автор анализирует эффективность используемых методов в развитии учащихся на уроках казахского языка. Статья предназначена для учителей школ и студентов филологических факультетов.
Article reports about using of new technology in the Kazakh language, also said how improve their attention, to increase the activity. Author analyses how establish the effective methods to develop skills of the students in Kazakh language classes. The article is dedicated to the school teachers and students of the Faculty of Philology.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ
мәселесі. Бүгінгі балалар- біздің ертеңгі болашағымыз. Сондықтан мемлекеттік тілді үйретуді балабақшадан бастаған дұрыс. Әрбір қоғамда баланың бойында азаматтылықты, патриотизмді тәрбиелеудің маңызды факторы сол мемлекеттің тіліне деген терең сыйластық болып табылады. Бала тілді тым ерте бастаса, солай тез меңгереді. Негізгі мақсат- тілді үйренушілердің, яғни достық пен туыстықта жайлаған басқа ұлт өкілдерінің, басқа ұлт балаларының ой-қабілетін біртіндеп қазақыландыру, сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетін көтеру.
Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі қазақ тілі мүғалімі, заман талабына сай жаңа технологиялық әдістерді өз тәжірибесінде қолданатын, әрқашан ізденіс үстінде болуы тиіс.
Қазақ тілінде жаңа технологияны қолдану- баланы жан-жақты терең ашуға, оған бағыт-бағдар беріп, жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділікті арттыруға көп септігін тигізеді. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда қазақ тілі мұғалімінің алдына қоятын мақсаты- жаңа әдістемеліктерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру. Өзге ұлт өкілдеріне, яғни екінші тілге үйрету күрделі де көп қилы кезеңдер арқылы жүзеге асады: а) баланың тіл қорының аздығы ә) қазақ тілін қабылдауын баланың ойлау қабілеті мен өз тілінде сөйлеу дағдылары қиындатады. б) оқыту мерзімінің аздығы( жұмасына 1-2 немесе 3 рет, жас шамасына байланысты) в) тіл ортасының жоқтығы. Сәбидің тілін дамытатын, қызығушылығын арттыратын
- ойын. " Баланың ойын-ойын өсіреді " деген халықтың даналық сөзі тегін айтылмаған. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын да, өсіретін де, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет- ойын. Басқа ұлт балаларына қазақ тілін үйретуге алдымен қазақ тіліне үйренуге деген қызығушылығын тудыра отырып, қазақ тіліне тән дыбыстарды, сондай-ақ жеңіл-желпі сөздерді дұрыс айтуға үйретіп, қазақша сөйлеу тілін қалыптастыруды басты мақсат етіп қойған.
Ойындар, жаттығулар баланың логикалық ойлау қабілетін дамытып, бақылауға, зейін қоюға, білуге құмарлығын арттырады. Сонымен қатар, басқа ұлт балалары екенін ескере отырып, логикалық ойлау қабілетімен қатар сөздік қорын да дамыту қажет.
33