¹ 4( 4) 2015
Ағылшын тілінде қимылды ойындар өткізу. Диалогты сөйлеу: Тақырып бойынша құрбы-құрдастарымен диалогты қарым-қатынас орнату( 2-3 сөйлем). Амандасу және сәлемдесуге жауап қайтару. Қоштасу. Кешірім сұрау. Мерекемен құттықтау. Бір- бірінен аттарын және жағдайларын сұрастыру. Диалогқа қатысып, әңгімелесушінің сұрақтарына жауап қайтарып, жеңіл түрде сұрақ қоя білу. Сөйлеудің лексикалық жағы Бір мезгілде 4-5 сөзден артық сөз енгізбеу. Енгізілген сөздердің арасында бір- бірімен тығыз байланыста болатын бірнеше жұп сөздер болуы қажет.
Егер семантикалық топтың ішіне бір сөйлем мүшелеріндегі сөздер кірсе, сөз тіркестерін( зат- зат, зат- сын, зат- қимыл) құрастыру мүмкін болу үшін, оларды үйрету басқа сөйлем мүшелеріне қатысты сөздерді қайталаумен тығыз байланыста болуы керек.
Балаларға еш уақытта сөздерді " жаттап ал " деген тапсырма берілмейді. Жаңа сөз жаттығулардың көмегімен баланың есінде біртіндеп сақталуы керек.
Ортаңғы топта лексикалық қордың көлемі оқу жылының соңында 5-ке дейінгі санауды қосқанда, 100- 150 лексикалық бірлікке тең болуы тиіс. Грамматика Жай хабарлы сөйлем құруды үйрету. Жалпы сұрақтар қою. Сұрақтарға қысқа жауап қайтару. Зат есімдерді көпше түрде қолдану. Жұмыс түрлері мен формалары: Мектепке дейінгі білім беру тұжырымдамасы оқытудың құрылымы мен амалдарын, әдістері мен тәсілдерін қолдануға әкеледі. Сонымен қатар балалардың жеке ерекшеліктері мен олардың жанұясы мен жалпы мәдени даму ерекшеліктері ескеріледі. Негізгі тәсілдер:- иммитация;- визуалды, музыкалық, пластикалық бейне құру. Зерттеу әдісі ретінде сабақта вербалды емес оқыту амалын басым қолдану( суреттер, бейнелер, музыка және би).- үйрету ойындарын қолдану;- жұмбақтар;- жетістік әдісі шамалағандай, балалардың өзін- өзі бағалауы мен алатын орнының жоғарылауын, психологиялық кедергілерін жоюға көмектесетін шағын қойылымдарды сахналау. Сабақта келесі жұмыс түрлері қолданылады:- дыбыстауға арналған жұмыстар: " жылдам тіл " ертегісі, жаңылтпаштар, ұйқастар;- ойыншықтармен жаттығулар: ойыншықтармен диалог құру, ойыншықты сипаттау;
- суретпен жұмыс: суретті сипаттау " Не жоғалды?", " Суретті тап " ойындары;
- өлеңдерді жаттау мен декламациялау: өлең сайысы, ән жаттау;
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
- ойындар: қимылды, жай және шығармашылық.- суретке қарап әңгімелеу. Күтілетін нәтижелер: Оқу жылының соңына қарай балаларда бастапқы және коммуникативтік құзыреттілік қалыптасуы керек. Балалар ауызша түрде ағылшын тілін қолдануды үйренеді және ауызша естіген сөздерді түсінеді, сонымен қатар өз ойын ағылшынша жеткізе біледі.
Оқу жылының соңында қалыптастырылатын коммуникативтік біліктер:
" Сөйлеу " саласында( монологты және диалогты сөйлеуде) Нені біледі:- Англияда қалыптасқан этикет және амандасу фразаларын;- үйренетін тілдің елінің атын, бірнеше назар аударатын мекемелерді және мемлекеттік рәміздерді;- сөз бірліктері( тіркестері) қалай құрастырылатынын;- ағылшын тіліндегі тақпақтарды, өлеңдерді, ертегілерді, ойындарды. Нені үйренеді:- жалпы сөйлеу ағымынан ағылшын тілінде сөйлеуді бөліп алуды;
- ағылшын тілін үйрену барысында болатын психологиялық кедергілерді жеңуді;- ағылшын тілінде сәлемдесуді және қоштасуды;- төмендегі сұрақтарға жауап беруді: What is your name?- Сенің атың кім? How old are you?- Сенің жасың нешеде? What is it?- Бұл не? Whose toy is it?- Бұл ойыншық кімдікі? What colour is it?- Бұның түсі қандай?- табиғат көріністерін айтуды;- кейбір ағылшын тіліне тән дыбыстарды атауды. Нені білу керек:- үйреніп жатқан тілдің мемлекеттік дәстүрлері мен мәдениеті туралы белгілі түсініктің болуы;- театрлық іс-әрекет тәжірибесінің болуы;- белгілі лексикалық сөз қорын меңгеруі;- басқа тілді тыңдай білуі. Дыбыстау саласында: Білу: дыбыстар калай дауысталатынын; ағылшын тілінде естіп қабылдауды. Істей білу: тыңдап, дұрыс дыбыстауды; тыңдап, қимылмен жауап қайтару( қол соғу, қолды, суретті және затты көтеру, эмоционалды жауап қайтару). жалпы сұрақтарғаа жауап беру; тыңдап, сөйлемді аяқтау; оқытушының сөйлегенін түсіну. Білу керек: ағылшын тілінің дыбыстары туралы жалпы түсініктің болуы; мектепке барғанда балада ағылшын тілін одан ары үйренуге қызығушылықтың және бастауыш сыныптарда үйретілетін ағылшын тілі бағдарламаларын меңгеруді жеңілдететін белгілі білімі көлемінің болуы.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Агурова Н. В., Гвоздецкая Н. Д. Английский язык в детском саду.- М., 1963. 2. Анухина И. В., Занимательный английский для детей. С-Петербург 2004. 3. Английский и дошкольник. Москва: издательский дом Дрофа, 1998 г. 4. Басик Т. А. Добро пожаловать в мир английского языка. Минск 2004. 5. Васильев А., Григорин Б. Английский с мамой- уроки в рифмах. М. 2007. 6. Вронская И. В., Английский язык в детском саду, для воспитателей и родителей. СПб., 2001. 7. Черепова Н. Ю. Английский для дошкольников. Аквариум. ГИППВ, 2007. 8. EdEuler, H / Sakamoto " GogolovesEnglish ".
32