EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 33

ßñëè-ñàäèê “Àæàð" ¹4 (4) 2015 Мақала мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйретудегі ерекшеліктер жайында жазылған. Балаларға ағылшын тілінің фонетикасын және грамматикасын үйретудің тиімді жолдары берілген. Еңбекте бала дәрісте білу керек минималды тіл дағдысы туралы баяндалған. Статья посвящена особенностям преподавания английского языка детям дошкольного возраста. Представлены эффективные пути обучения детей фонетике и грамматике английского языка. Кратко описываются основные навыки, осваиваемые в детском саду. The article is devoted to the peculiarities of teaching English to preschool chil- dren. The effective ways of teaching children in phonetics and grammar of the English language are presented. The main skills, mastered in kindergarten are briefly described. САТБАЛДИНОВА АЙЫМ СЕРИККАЛИЕВНА КМҚК №12 "Ажар" ясли бақшасы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ Аннататция Ағылшын тілінің беделінің артуына байланысты мектепке дейінгі жастан бастап шет тілінде қатынасу негізін қалыптастыру таным белсенділігін арттыру, мотивацияны жетілдіру, тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдану қажеттілігін тудырды. Балаларымыздың болашағын және өзіміздің болашағымызды қалай көргіміз келетінін айқындайтын уақыт келді, осы жөнінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында да айтылған болатын. Балабақшаларда, бір жағынан, оқу жүктемесінің артуына байланысты, екінші жағынан, баласына ағылшын тілін үйретуге ата-аналардың қызығушылығының артуына байланысты "Мек тепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету" Мектепке барғанда балалар алған білімдерін және тәжірибелерін қолдана алады. Ол уақытта балаларда ең бастысы - ағылшын тілін одан ары оқуға қызығушылық және бастауыш мектепте кез келген бағдарламаны жеңіл меңгере алатындай білім қалыптасады. Ағылшын тілін үйретуде төмендегідей міндеттер қойылады: - үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру; - баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту; - мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау; - ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету; - фонетикалық есту қабілетін дамыту; - ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету; - зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; - айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту; - пәнаралық байланысты қамсыздандыру. Балаларға ағылшын тілін үйретуге арналған, ІІ кіші топқа 18 сағат, ортаңғы топқа 18 сағат, ересек топтарға 36 сағат (аптасына екі оқу іс - әрекет) есептелген. 10- 12 баладан тұратын шағын топтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес көрсетілгендей, ІІ кіші топқа 15-20 минут, ортаңғы топқа 20-25 минут, ересек топтарға 25-30 минутоқу іс - әрекеттері өткізіледі. Осы жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілін үйрету сабақтары құрастырылған. Алғашқы оқу жылында басты міндет айтылу бойынша жұмыс жүргізу болып табылады. Айтуға үйрету және дыбыстық жүйені меңгеру - барлығы шет тілін түсінумен байланысты. Ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты қалыптастыру және алғашқы ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында бір апта ішінде үйренген сөздер, сөйлемдер және сөйлеу үлгілері беріледі, сонымен бірге ойындар мен жаттығулар арқылы меңгерілген жаңа пысықталады. Оқу үдерісі практикалық, білім беру, тәрбиелік және дамытушы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталады. Жұмыс мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісімен тығыз байланыста және педагогтардың шығармашылығымен тиімді үйлесімде жоспарланады. Негізгі шарттардың бірі - ағылшын тілі аймағын (жеке кабинет және топ бұрышын) құру болып табылады. Сөздің дыбыстық мәдениеті Фонетикалық жаттығуларды пайдалану арқылы дұрыс дыбыстау ("Тіл туралы ертегілер"). Фонетикалық естуді қалыптастыру (дыбыстарды тыңдау, оларды анықтау және айту). Оқытушының тілі мен ернінің қимылын бақылау. Оқытушыдан кейін екпіндерді, ырғақты және интонацияларды хормен және өз бетімен қайталау. Дыбыстау Педагогтың және өз құрбы-құрдастарының сөзін түсінуге үйрету және аудиожазбалардан естіген сөздерді көру және қозғалыс көрнекіліктері, сонымен қатар паралингвистикалық амалдар арқылы арқылы түсіну (ым-ишара, бет әлпеті, интонация, эмоциналдық қолдау). Күнделікті қарым-қатынас жағдайларында "мен туралы", "менің жанұям туралы" және айнала қоршаған ортадағы заттар, мысалы, ойыншықтар, жануарлар, балабақша, т.б. туралы айтқанда қолданылатын жай және өте қарапайым сөз тіркестері мен сөздерді түсіну. Айтылу Монологты сөйлеу: Берілген тақырыпқа байланысты жай сөз тіркестері мен сөйлемдерді қолдана отырып, әңгімелеп беру (3-4 сөйлем). Затты, тұ лғаны, олардың іс-әрекетін атау және сапалық, сандық сипаттама беру. Адамның іс- әрекетін мен жануарлардың тіршілік әрекетін атау. Жануарлар мен заттарды сипаттау және олардың қандай әрекет жасайтындығын айту. Әндер мен ұйқас өлеңдерді жаттау. Ұйқас мәтіндермен жаттығулар орындау. 31