EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 31

ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС- ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
ßñëè-ñàäèê“ Àæàð " ¹ 4( 4) 2015
ОРАЗОВА ҚАРЛЫҒАШ МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ
КМҚК № 12 " Ажар " ясли бақшасы музыка жетекшісі
Автор өз мақаласында ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын ұсынады. Мақала педагогикалық мамандықтағы студенттерге, мектеп және балабақша қызметкерлеріне пайдалы.
В своей статье автор представляет технологическую карту обучения для взрослых групп. Статья будет интересна студентам педагогической специальности, а также учителям школ и воспитателям в детских садах.
In her article, the author presents a technological map of adult learning groups. The article will be interesting to students of pedagogical specialty, as well as school teachers and kindergarten teachers.

ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС- ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка Тақырыбы: " Татулығы жарасқан ұлттар " Мақсаты: Балаларды ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Ойын арқылы әр ұлттың әуенін ажырата білуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, теледидар слайд, электронды қазақ үй, әр ұлттың аспаптары. Қолданылатын құрал-жабдықтар: Аттар, әр ұлттың бас киімдері, әдемі суреттермен безендірілген карточкалар. Билингвальдық компонент:
Оқу ісәрекетінің кезеңдері Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру шылық – ізденістік
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Балаларға әуен ырғағымен залға кіріп жайғасады. Музыка жетекшісімен музыкамен амандасады. Дыбыс жаттығуларын жасайды. Музыка жетекшісі:- Жаңа оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын, өткен оқу іс әрекетіндегі әнімізді еске түсірейік. Ән: « Тұлпарым » Музыка жетекшісі әнннің мәтініне сәйкес қимылдарды көрсетіп тұрады.
Қане балалар бәріміз экранға қарайық. Слайд қосу.
Сурет арқылы әр ұлттармен таныстыру. Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін-елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі.- Балалар біздің ұлтымыз қандай?- Біз қай тілде сөйлесеміз? Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады.-Қазақстанымызда қандай-қандай ұлт өкілдері тұрады?
Қане балалар сергіту сәтін жасап жіберейікші:
Балалар шеңбер жасап тұра қалады.-Балалар, біз қайда жиналдық?
- Адамдар шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреді?
- Өйткені бақыт, қуаныш, ұлттар арасындағы достық адасып қалмайды.- Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға кездеседі. Сергіту сәті: Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан.
Балалардың іс-әрекеті
Балалар көтеріңкі көңіл күймен залға кіреді. Сәлеметсізбе. А-а-а-а-а, о-о-о, е-е-е-е.
Балалар бір-бір атқа мініп әннің мәтініне сай қимылдарды естеріне түсіреді.
Балалар экранға назар аударады.
- Қазақ ұлты- Қазақ тілінде.
Өзбек, орыс, қырғыз, татар ұлт өкілдері тұрады.
Балалар:- Біз достық шеңберіне жиналдық.- Өйткені шеңбердің бұрышы болмайды.
( Балалар музыка жетекшісің өлеңге сәйкес қимылдарын жасайды)
29