EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 29

ßñëè-ñàäèê “Àæàð" ¹4 (4) 2015 Мақалада балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу мәселелері көтерілген. Автор мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастырудың маңыздылығын баяндайды. Сонымен қатар, ертеңгіліктерде қолданылатын әр түрлі жаттығу формаларын ұсынған. Хамитова Ақерке Серикхановна мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын денсаулық сақтау технологияларының тиімділігі жайында сөз қозғайды. В статье поднимается вопрос о введении в работу детского сада здоровье сберегающих технологий. Автор пишет о важности организации здорового образа жизни детей в учреждениях дошкольного образования. Также представлены различные формы используемых утренних разминок. The article touched upon the implementation issues of health care technologies in a kindergarden. Author wrote about the importance of organizing the preschool healthcare and a healthy lifestyle. In addition, the various forms of exercises for future life are presented. ХАМИТОВА АҚЕРКЕ СЕРИКХАНОВНА КМҚК №12 "Ажар" ясли бақшасы дене шынықтыру нұсқаушысы МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет. Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. Осыған орай жұмыстың обьектісі - мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады. Жұмыстың мақсаты - мектепке дейінгі ұй ымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады. Міндеттер: - мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау; - денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну; - білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру; - балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-техникалық база қалыптастыру. Күтілетін нәтижесі: Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың дені сау, психологиялық және интелектуалдық тұрғыда жан-жақты қалыптасқан, бастауышқа дайын болған мекеме түлегі. Нұсқаушының балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде денсаулықсақтау технологияларының түрлері: Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн. Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану: - Тынысалужаттығулары - Құрсаумен жаттығу жасау - Сымбаттытүзетужаттығулары - Созылу(стретчинг) жаттығалары - Йога жаттығулары - Әр түрлі доптармен қызықты жаттығулар жасау. - Қимыл-қозғалыс ойын-жаттығулар ой-өрісін дамыту шапшандылық, ептілік көрсете білу не ықпал ету . Баланыңдені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды. Себебі ағзада барлық өмірлі кәрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды, жиырылуы, босауы, тыныс алуы, демалумен- дем шығару кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады. 27