¹ 4( 4) 2015
Көлемді санау таяқшаларының барлық мектепке дейінгі мекемелерде болмауына байланысты, олардың орнына қатырма қағаздан жасалған жолақшаларды пайдалануға болады. Олардың түсі мен ұзындығы Кюизенер таяқшаларына сәйкес болу керек. Қатырма қағаз таяқшаларымен өздігінен жабысатын немесе магнитті тақталарда жұмыс істеген ыңғайлы. Олар, балалардың бөлмеде еркін жүруіне, бір- бірімен топ құрып әрекеттенуіне мүмкіндік береді.
Сандарды түс пен көлем арқылы символикалық таңбалау, балаларды санау мен өлшеу үрдісіндегі сан түсінігімен танысуға мүмкіндік береді. Модельдеу барысында, бала шығармашылық ойлау, қиялдау қабілетін дамыта отырып, нақты заттарды( үй, ағаш, адам т. б) санау таяқшалармен алмастырады. Яғни, баланың шығармашылық танымы қалыптасады. Бұл қасиеттерсіз кез келген әр түрлі мамандық иелерінің әрекеті де мүмкін емес.
Таяқшаларарқылы өткізілетін ойындар мен тапсырмалар, балаларды қайраттылыққа, алға ұмтылуға, өз мақсатына жетуге, өздігінен әрекеттенуге, дербестікке, ұйымшылдыққа, өзіндік бақылауға, жігерлікке тәрбиелейді. Бос уақытта " Домино ", " Кім бірінші сан құрайды?" т. б. коллективті ойындар мен тапсырмаларды орындау барысында, ата- ана мен бала, педагог пен бала арасында интелектуалды тығыз байланыс пайда болады.
" Мектепке дейінгі мекемелерде ойын технологиясын қолдану " атты тақырыпта өз ойларымен бөлісті. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында ойын технологиясын қолдана отырып, балалардың тілін дамыту, сөздік қорларында еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілетіндігін айтты.
Ойын технологиясы- балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез- келген оқу материалын қызықты да тартымды етіп, балалардың көңіл- күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса, сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Бүгінгі өткізілген әдістемелік сағаттан педагогтар өздерінің істәжірибелерімен алмасып, жас мамандар жаңа құнды мағлұматтар алды.
" Балабақшада ақпараттық-инновациялық технологиялар арқылы балалардың танымдық қабілетін арттыру " тақырыбы, ондағы мақсатымыз балаларды компьютер әлемімен таныстыру; жаңа технологиямен оқу іс-әрекеттерін өткізу, балаларды жаңа технологиялық ақпаратпен таныстыра отырып, балалардың қызығушылығын, танымдық құзіреттілігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, " Қастерлі қалам ", " Электронды қазақ үй " атты дыбысты, суретті кітапшалар бала тәрбиесі ғылымын зерттеуге көптен көмек тигізеді. Баланың ой- өрісін дамытатын таптырмайтын құралдармен мамандарымыз жұмыс жасауда. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал екені бәрімізге мәлім. Келешек ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді, яғни интеллектаулды деңгейін жоғары болуына, заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеуде нәтижелі жұмыс жасауды алға қойған педагогтар осы ақпараттық инновациялық технологияны жиі пайдалануда.
" Тәй-тәй " технологиясы мен әдістемелерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда тиімділігін байқадық. " Тәй-тәй " технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру.
Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқутәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатысады. Ата-аналар жалпы ашық есік күндері өнер орталықтарында әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту мақсатында( мүсіндеу, жапсыру, сурет) ата- аналар тәрбиешілерге көмектеседі. Сезім мен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Өнермен шұғылдануға қажетті құралдарға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Ақыл ой қабілеттерін дамыту майда қимыл қозғалыстардың нақтылығын дамыту өзіндік шығармашылық қасиеттері арқылы( жапсыру, мүсіндеу, сурет салу) өткізілген әртүрлі тақырыпқа сай табиғи материалдардан заттық мазмұнды және сәндік сурет салу, немесе сәндік бұйымдар жасауға жетекшілік етеді.
" Баланың логикалық ойлау қабілетін арттыратын ойын түрлері немесе Дьенеш жүйесі " 48 түрлі геометриялық пішіндер жинағы болып табылады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты: баланың логикалық ойлау қабілетін осы ойын түрлерін пайдалана отырып, дамыту. Яғни баланың қарапайым математикалық ұғымы, қарапайым ойланудан біртіндеп дамыта отырып күрделене ойлауға дағдыландыру болып табылады. Н. Д. Осеева жас мамандарға бірнеше ойын түрлерін таныстыра отырып, ойната отырып баланың түс, пішін, көлем туралы ұғымдарын дамыту, салыстыру, бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыруда " Дьенеш жүйесіндегі " құрастырмалы ойын түрлернің маңызды роль атқарады.
Тағы бір инновациялық технологияларының түрлері " Монтессори әдістемесі ".
" Монтессори әдістемесінің " негізгі ұстанымдары- ойын түріндегі тәрбие мен оқыту жаттығулардың дербес орындалуы.
" Монтессори әдістемесі " баламен жекеленген, тез тіл табысу негізде:
Бала дидактикалық ойын мен ойынның ұзақтылығын өздері таңдайды, өздерінің ырғағында дамиды. Монтессори әдістемесінің өзгешелігі- арнайы даму орталығы және бала өзінің жеке зейіндерін айқындай алатын, жеке қабілетін ашатын кілті.
Соңғы кездері баланы ерте жастан дамытатын Монтессори әдістемесі, кеңінен таралған. Дүкендерде монтессори талаптарына сай жасалған дамытушы ойыншықтар сатылады. Ол ойыншықтар " Бауды байлау ", " Әр пішіннен өз үйіңді тап " және т. б. с. с.
Монтессори материалдарын қолдан жасауға болады. Олар: есту қабілетін жақсартатын дыбысты цилиндр-( киндер қорапшасынан жасалған); бұдырлы кесте- бұл сезу қабілетіне, жұқа моторикаға арналған; рамкадағы байлаулар құралы- балаға ұсақ моториканың дамуына көмектеседі; бантик тақтайшамен-банттерді байлауға үйретеді, сонымен қатар қимыл- қозғалыстың үйлестігін және тақтаның игерушілігінің бөлек-бөлек нұсқаларын дамытады.
" Балабақшада интерактивті оқыту технологиясы " тақырыбы да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдарды біздің балабақшада кеңінен пайдаланылуда. Интерактивті оқыту технологиясының маңызы мен пайдасы және балабақшада оқу іс- әрекетінде қолданудағы тиімділігі айтылып жүр. Сонымен қатар балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылатындығын атап өтуге болады.
20