МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
ßñëè-ñàäèê“ Àæàð "
¹ 4( 4) 2015
Автор өз мақаласын мектепке дейінгі тәрбие мекемелердегі білім берудегі инновацияларға арнайды. Мақала негізінен № 12 " Ажар " ясли-бала бақшасында жүргізіліп жатқан жаңа технологияларды талдауға бағытталған. Автор осы технологияларды қолдану арқылы бала бақша тәрбиеленушілерінің жеткен жетістіктері мен қалыптасқан дағдыларын баяндайды.
Статья посвящена инновациям в воспитании и обучении детей в дошкольных образовательных учреждениях. Статья направлена на анализ использования новых технологий с саду-яслях № 12 Ажар. Автор рассказывает о успехах, достигнутых благодаря использованию данных технологий.
Article is devoted to innovations in education and training of children in preschool educational institutions. This article aims to analyze the use of new technologies at the nursery and kindergarten № 12 " Azhar ". The author tells us about the successes, achieved through the use of these technologies
МОЛДАГАЛИЕВА ЛЯЗАТ ЖУРСИНТАЕВНА
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының әдіскері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
" Қазақстан- 2030 " стратегиялық бағдарламасында елбасы Н. Ә. Назарбаев бағыт- бағдар бергендей, әр педагогтің басты міндеті-заман талабына сай жанжақты, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Балабақшаға алғаш келген, ақ қағаздай еш жазу түспеген бүлдіршінді білім жиынтығының негізі қаланған тұлға етіп дайындап, мектепке шығарып салу- өмірге жолдама берумен бірдей. Бүгінгі технология мен ақпарат дамыған заманда педагог-тәрбиешілер жан-жақты дамыған болуымен қатар, терең білімді, білікті, жаңа технологияны жетік меңгерген және өзінің кез-келген іс-әрекетінде біліктілігін кеңінен қолдана білуі қажет.
Биылғы жаңа оқу жылындағы әдістемелік жұмыс № 12 " Ажар " ясли- бақшасында қызу басталып кетті. Жаңа оқу жылындағы әдістемелік сағатқа құрылған жоспары бойынша айына бір рет педагогтар инновациялық технологиялар презентациясын көрсету, тәжірибе алмасу жоспарланған. Жаңадан келген жас мамандарға, педагогтарға инновациялық технологияларды мектепке дейінгі мекемелерде, тәжірибеде қалай қолдануға болатындығын презентация арқылы бағыт- бағдар беру, өзіндік білімдерін көтеру көзделген. Ондағы біздің міндетіміз тәрбиелеу мен оқытудың негізгі қалпы оқу іс- әрекетімен, оның түрлерімен, әдіс-тәсілдерімен, сабақтастығымен қаруландыру;
- жаңашыл педгогтардың оқыту әдістерін шығармашылыққа пайдалану, арқылы оқыту үрдісін жетілдіру;- таңдап алынған технология түрін көрсетіп айта білу;- маңызды технология түрлерін, сапалы жұмыс жүргізуде тәжірибеде үйлесімді, дұрыс қолдана білуге үйрету;
Осы қыркүйек айындағы бірінші тақырыбымыз: " Кюизенер таяқшалары " болды. Баланың таным мен қоршаған ортаны білудегі қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыруға ізденіс ойындары көмектесетіні бәрімізге мәлім. Сол себептен балаларға анағұрлым қызықты, жалықтырмайтын әр түрлі елдің педагогтарының, ресей мен шетелдің дидактикалық құралдарын Б. Никитиннің дамытушылық ойындарын, Дьеништің блоктарын, " Лего ", Кюизенер санау таяқшаларын тағы басқа ойындарды, " Мнемотаблица ", " Монтесорри " әдістемесінің, " Тәй- тәй " технологияларының элементтерін қолдану арқылы, білім кеңістіген кеңейтуде педагогтарға ұсыныс айтылды.
Баланың таным мен қоршаған ортаны білудегі
қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыруға ізденіс ойындары көмектеседі. Әр түрлі елдің педагогтары ресей мен шетелдің дидактикалық құралдарын( Б. Никитиннің дамытушылық ойындарын, Дьеништің блоктарын, " Лего ", Кюизенер санау таяқшаларын т. б), технологияларын қолданып, әлемдік білім кеңістіген кеңейтуде.
Қазіргі таңда белгілі бельгия математигі Кюизенер, арнайы таяқшалар арқылы балаларға математика негізін үйретудегі тәжірибесін мектепке дейінгі мекемелердің практикасында кездестіруге болады. Кюизенер таяқшаларымен жұмыс істеудегі міндетіміз:- Сандық тізбектілігін, санның құрамының ұғымын белгілі нысанға келтіру
- " Оң- сол ", " Арасында ", " Ұзын- қысқа ", " Биік- аласа " және т. б. ұғымдарын қалыптастыру;
- Бүтіндік бөлшектерге бөлуді, шартты өлшеуіштермен бөлуге үйрету;- Сандарды алу, қосуға үйрету;- Ойлау, зейін, көру, есту, қиял, тілін дамыту сияқты психикалық үрдісті дамыту;
- Балалардың шығармашылығын, қиялдың және қиялдың танымдық белсенділігін дамыту және ұжымдық жұмыс істеуге тәрбиелеу
Құрамында әр түрлі санды білдіретін көптеген таяқшалар топтамасы бар. Бірақ барлық топтама өзіне тән бір ортақ принципке жүгінеді:
- Әр түрлі ұзындықтағы барлық таяқшалар тіктөртбұрышты параллелепипед пішінді болып келеді. Оның негізінде қабырғаларының ұзындығы 1см тең шаршы болады.
- Ұзындықтары бірдей таяқшалар бір түспен белгіленген. Топтамада( қорапта) 10 түсті таяқшалар бар, олар: ақ, қызғылт, көгілдір, қызыл, сұр, жасыл, күлгін, көк, сары, тоқсары; ең қысқа, ұзындығы 1см таяқшаны " шаршы " деп атауға болады.
- Әр таяқша алдыңғы таяқшадан 1см артық; яғни ақ таяқша 1 деген санды білдірсе, келесі 2 санын білдіретін түс- қызғылт, 3- көгілдір т. с. с. Кюизенер таяқшалары үш жастан асқан балалармен жұмыс істеуге арналған. Балалар үйренгенін ұмытып қалмас үшін, іс- әрекеттерді жүйелі түрде өткізген дұрыс. Санау таяқшаларының балаларды қызықтыратыны, олармен жазықтықта тігінен де, көлденеңінен де қойып құрастыруға болады. Бұл, балаларға орындаған модельдерін бір жазықтықтан екінші жазықтыққа ауыстыруына мүмкіндік береді.
19