¹4 (4) 2015
атты ата-аналар арасында сайыстар болды. Бұл
сайыстардың мақсаты: ата - аналар мен педагогтардың
мәдениетін көтеру, балалар мен ата - аналарды әр түрлі
бағыттағы сайыстарға қатыстыру. Өнердің барлық түрі
арқылы балабақша мен ата-аналар арасында тығыз
қарым қатынас орнату. Көрермендерге жақсы көңіл күй
сыйлау. Әр ата ананың шеберліктерін шыңдау болды.
"Күншуақ" тобында
"Не?, қашан?, қайда?"
интеллектуалды ойын ҚР балалардың құқығын қорғау
тақырыбында өтіп, білгірлер командасы 5-3 ұпаймен
жеңіске жетті. "Жұлдыз - ай" тобы "Үлгілі отбасы"
сайысын өткізіп, 3 отбасының ішінде Бобриктер отбасы
"Үлгілі отбасы" номинациясына ие болды.
"Аяла" тобы "Ажар барысы" сайысына Гареев И.,
Сагимбаев А., Қайратұлы Д., Абдилов А. сынды әкелер
ұлдарымен қатысып, ішінде Сагимбаев А. ұлы Алим
екеуі "Ажар барысы" атанды.
"Әмбебеп әнші" сайысына "Талшын", "Қарлығаш",
"Балапан" топтарының ата-аналары қатысты. Ата -
аналар өздерінің өнерлерін көрсетті. София Ротару,
Верка Сердючко атты Ресей әншілеріне, Қайрат Нұртас,
Мақпал Жүнісова, Мадина Садуакасова, Роза Рымбаева
атты қазақ әншілеріне Мустафинова Ә.,Садыкова
И.,Мустафина О., Жұмаханов І., Кудагельдина Г.,
Абдилова З. сынды ата - аналар пародия жасап
12
“Àæàð" ÿñëè-áàêøàñû
,
өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
"Әмбебеп әнші" атты номинацияны "Талшын" тобының
ата-анасы Мустафинова Орынгуль мен Жумалканов
Ильяс жеңіп алды. "Көрермендер көзайымы" атты
номинацияны әнші Қайрат Нұртасқа пародия көрсеткен
ата-ана Жұмаханов Иль яс жеңіп алды. Барлық
ұйымдастырылған жұмыстың іске асырылуы, ата-ана
мен балабақшаның біріккен тығыз қарым - қатынасының
орнауы болып табылып, оң нәтижесін көрсетті.
Орыс халқының "Масленица" мерекесіне де ата -
аналар ат салыса қатысып, тамаша ойын - сауық
ұйымдастырылды.
"Аналар күні" мерекесіне орай "Менің отбасымдағы ең
керемет адам ол - АНА" атты тақырыпта шығарма
бойынша "Балапан" тобының Шерубаевтар отбасы және
Аукишевтар отбасы тартымды шығармаларымен
ерекшеленді.
Жанұядағы ата - ана мен балабақша арасындағы
қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты
талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың,
жылулықтың мекені. "Отбасы" атауының мәніне терең
үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін
сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу
болуы үшін тәрбиеден қол үзбейік.