¹ 3-4( 17) 2017 Ïåäàãîãèêà
КҮНСЛЯМОВА МЕЙРАМГҮЛ МҰРАТҚЫЗЫ,
БАЙБОТАНОВА АЙГЕРИМ ЕРМЕКОВНА
Семей қаласы № 35 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектепте Наурыз мейрамын мерекелеудің сценарлық жоспарының үлгісі ретінде беріледі. Әдістемелік жұмыс орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге және педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттердің назарына ұсынылған.
Данная методическая работа представляет собой примерный план-сценарий проведения мероприятия, приуроченного к празднованию Наурыз мейрамы в средней школе. Работа будет интересна педагогам и методистам средних школ, а также студентам педагогических специальностей.
This methodological work is a tentative plan scenario of the event, dedicated to the celebration of Nauryz in high school. The work will be of interest to teachers and trainers of secondary schools, as well as students of pedagogical specialties.
82
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ- НАУРЫЗ
Наурыз- түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз көже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз тойын өткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін құрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды. " Наурыз- қазақша жыл басы. " Наурыз қазақтардың ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі ". Мағжан Жұмабаев: " Қазақ Жаңа жылы- жазғытұрғы күн мен түн-нің теңелген күні( 22 март) болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ Жаңа жылы ғылым қойнына да басып кіріп қалады. Қазақ Жаңа жылын " Наурыз " дейді. Наурыз әулиенің, әнбиенің аты болмаса керек. Сондықтан, қазақтың Наурызы- дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл, адамдармен ұйымдастыратын мейрам ету керек. Бізде осы ретте мектебімізде бастауыш сыныптар арасында ауылдарға бөле отырып, Наурыз мейрамын тойлауды жөн көрдік. Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз- көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. 2-жүргізуші: Наурыз " сөзі- біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады. Наурыз- бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
1-жүршізуші: Жігіттер мен сұлулар! Той болады, Көктем келді, Жаңа жылды ерте келді! Ойын күлкі думанымен Көптен күткен Наурыз келді? / Барлығы көрпелерге шуласа жайғасады / Мұғалім: Балалар көктем келді, Көктем келсе айнала төңірекке жан кіреді, Алыс жақтан құстар ұшып келеді, қысқы ұйқысынан аңдар оянады. Табиғат жаңарып гүлденеді, бұған адамдар қуанады. Әр халықта Көктем мерекесі әртүрлі тойланады: Балалар бұл мереке қалай аталады? / Оқушылар бірге " Наурыз "/ 2-жүргізуші: Бұл әлемде мереке көп, Қуанышты, әдемі! Ал біз үшін ең жақсысы Қымбатты Наурыз мейрамы! / хормен / 1-жүргізуші: Наурыз келсе-құт келгені, халайық! Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық!( Екі ауылдан екі қыз бала шығып шашу шашады) ӘН: / хормен / " Наурыз көктем " Мұғалім: Наурыз мейрамы- жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата- бабамыз үшін жыл басы көктемнен басталады. 2-жүргізуші: Құлағыңды сал, халайық! Естімедің демеңдер! Ойын- сауық қабақ бар, Тіл үйірген тамақ бар, Күш сынар жігіттер Ән салатын қыздар бар. Аяулым: Көргенде қуанасың таза әуені, Құлаққа естілгендей жаз әуені. Жыл сайын тойланатын мәңгі- бақи, Наурызың құтты болсын, қазақ елі. Қанат: Той дегенде қазақтың жаны кірер, Бағаңды жас білмесе, кәрі білер. Наурызың құтты болсын, нар ағалар, Наурызың құтты болсын, бар інілер. Қаламқас: Жақсылық жүрегіне жыр еселер, Биікке шарықтатар киелі өнер, Наурызың құтты болсын, апа- әкелер, Наурызың құтты болсын, ата- әжелер.