Ïåäàãîãèêà
Ерхан:
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурық тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
Еркежан:
Көңілдің құлпыларын ашайық та,
Қиялмен қияларға асайық та.
Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,
Ерке бір қуанышы десе айып па?
1-жүргізуші: Күндіз бар да түнде жоқ
Түнде бар да күндіз жоқ
Бұл екеуі болмаса
Тіршілігің мүлде жоқ.
КҮН:
Самарқанның көк тасы,
Ериді мен келгенде.
Тоң боп қатқан топырақ,
Жібиді мен келгенде.
Енесіне баласын,
Телиді мен келгенде.
Тар көңілдер түнерген,
Кеңиді мен келгенде.
Ақ жүзіңді бері бұр,
Тұсыңа бір келгенде.
ТҮН:
Неткен ыстық күн көзі,
Неткен ғажап күн көзі.
Ағаш біткен көгерсін,
Жасыл шалғын көктесін.
Адамдарға нұр сеуіп,
Шарлайық біз көктесін,
Наурыз күні келген бақ
Қалың елдің ырысы,
Босағаңнан тепкілесе кетпесін.
КҮН: Сәулесі мол күнмін
ТҮН; Жұлдызы көп түнмін
БІРГЕ; Бүгін біздер бірдей боп
Теңелеміз біз бүгін
ТҮН; Ал ертең күн ұзақ
КҮН: Түн қысқарар бірақ
Бірге: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек шырақ.
2 -жүргізуші: Қос жанары аспанның,
Қос арқауы дастанның.
Домбыраның қос ішегі,
Мына тұрған Ай мен Күн.
Арта берсін халайық,
Берекелі байлығың.
Наурыз тойы құтты боп- олай болса Күн мен Түннің
құрметіне "Келді көктем" әнін 2 Г сынып оқушылары
шырқап берсін
1-жүршізуші: Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді
аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете келген
жарапазаншыларға адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік,
ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал таққан.
Нұрқасым:
Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас - басыңа.
Тілесек денсаулықты бас - басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Береке, бірлік берсін қауымыңа.
Береке, бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа
Аружан:
Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Байласаң жақсы орамал белімізге,
Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?
¹3-4 (17) 2017
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?
2-жүршізуші: Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан болғанда - Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.
БИ: "Жігіттер" - биі 2 Г сынып
1-жүршізуші: Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған салтымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз - олай болса
аналарымыздың салт-дәстүр жайлы бізге айтары бар
екен.
Сәлемдеме (дәстүр) - адамдардың бір-біріне деген
сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар
көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне
жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік
тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы
шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ
батасын, шын ризашылығын білдіріп қатты қуантады.
(Қоржынынан зат, қысқы сыбаға, сарқыт алып
жанындағыларға береді.)
Кеусен - бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз.
Әдетте егін пісіп мол өнім алғанда егіншілер туған
туыстарына, ауылдастарына астық береді. Мұны кеусен
дейді. (Тостағанға бидай салып әкеліп оны дастарханға
былтырғы жылдың кеусені деп қояды.)
Тәбәрік - Біреу ойын тойда бәйге, жүлде алса немесе
құдалық салт-дәстүрде кәде алса, одан жанында-
ғыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт одан "Тәбәрік
бер" деп сұрайды. (Жақында құдалықтан мынандай
тәбәрік алып едім деп матаны жанындағыларға жыртып
береді)
Қалау - біреудің жақсы затына , малына, мүлкіне
көңілі кеткен адам сол үйге барып қалау қалайды.
Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы
беріп, қалағанын орындап қайтаруға тиіс. Бұл -
жомарттық пен мәрттіктің белгісі. (Жанындағы бір кісіге
барып сіздің мойын орамалыңыз маған қатты ұнап,
қалауым түсіп тұр.)
2 -жүргізуші: - Олай болса , салт-дәстүрді дәріптейтін
мына бір әнді білмейтін қыздар жоқ шығар? Сіздерден
біз ән кәдесін сұрайық
ҚЫЗДАР ӘНІ: "Шілдехана , бесік той"
1-жүршізуші: Жаңа жыл туып, алғашқы күн күркіреп,
көк дүркірегенде ел ішінде "саумалық " айту дәстүрі бар.
Саумалық,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Саумалық, Саумалық,
Самарқанның көк тасы
Жіберді ме; көрдің бе?
Ауыл қыздары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті
шөмішке құйып қойып:
1 ауыл қызы
Саумалық, Саумалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
2 ауыл қызы
Саумалық, Саумалық,
Сүті коп, көмірі аз.
Жаңа жыл, жарылқа,
Ескі жыл, есірке -
(Деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, "қабақ сынды,
қайғы кетті" деп ырым жасаған.)
2 -жүргізуші: - Қазақтың жігіттері тек күштерімен мен
ғана емес сал-серіліктерімен де танымал болған.
Ендеше жігіттеріміздің күшін сынап көрдік. Енді жақсы
әндерін тыңдап көрелік.
83