EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 82

¹ 3-4( 17) 2017 Ïåäàãîãèêà
ОРАЗҒАЛИЕВА АЛТЫНАЙ БАЙНУКЕНОВНА
Семей қ. № 22 жалпы орта білім беретінмектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
КУТАНОВА АСЕМ ОСПАНБАЕВНА
Семей қ. № 22 жалпы орта білім беретінмектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Берілген әдістемелік жұмыс- жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша педагогтардың өзара тәжірибе алмасу тренингі үлгісі. Тренингті әдістемелік бірлестік отырысында қолдануға болады.
Данная методическая работа- пример проведения тренинга для обмена опытом между педагогами по обновленной программе обучения. Данный тренинг можно использовать на заседания методического объединения школы.
This methodical work is an example of conducting a training for the exchange of experiences between teachers on an updated training program. This training can be used at the meetings of the methodical association of the school.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА- ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КІЛТІ( ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫНЫҢ ЖОСПАРЫ)
Жалпы мақсаттары:- заманауи оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалай білу;- критериалды бағалау туралы түсінігін кеңейту;- тыңдаушылардың зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал ету;- құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйрену;- топта диалогтік әңгіме дамыту;- топпен жұмыс жасай отырып, оларды еркін ойлауға қалыптастыру.
Шеберлік сынып міндеттері:- сабақтың мақсатын қою мәселесі бойынша мұғалімдердің білім мен практикалық дағдыларының деңгейлерін дамытады;
- заманауи мектепте оқыту мен сабақ беру тәсілдерінің өзгеруі аясында аталған мәселенің өзектілігін түсінеді;
- сабақтың әр кезеңін, әр минутын жоспарланған басты мақсатқа жету екендігін түсінулеріне жетеді;
- мектеп мұғалімдерінің қарым-қатынас дағдыларының дамуы мен кәсіби деңгейлерінің артуына әсер етеді;
- білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын түсінеді;
- өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындайды;
- критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздері жетеді;
- оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсініп, тәжірибе бөліседі.
Ресурстар: Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар, парақтары, стикерлер, маркерлер. рефлексия
Әдіс-тәсілдер: жеке, жұппен, топпен Әдісі: 1. оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 2. сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3. оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; 4. оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; 5. оқытуды басқару және көшбасшылық; 6. топтық жұмыс;
Оқу нәтижесі:
1. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идеялармен бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.
2. сыни ойлауы дамып, өз ойларын еркін айтуға үйренеді.
3. өзара әрекеттесу арқылы қатысушылардың танымдық белсенділігі артады
4. шеберлік сағатқа қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарлайды;
5. өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын білетін болады;
Тапсырма көздері: 1. Кеңейтілген тапсырмалар 2. Ізденіс жұмыстары. 3. Жұптық, жеке жұмыстар 4. Шығармашылық тапсырма
Мотивациялық кезең: Қатысушылардың ерекшелігіне қарай жұптарға бөлу Шебер-сыныптың барысы: Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: І. Тренинг 2 мин Психологиялық ахуал туғызу. " Құбыр " жаттығуы. Шеңберге тұру. Қолдарында қағаздан жасалған құбыр. Сол құбыр арқылы домалақ затты жіберіп, қалғандары көмектесе отырып жерге түсірмей аяғына дейн жеткізу. Бірлік бар жерде тірлік болады деген қорытындыны өздері жасау.
Топқа бөліну 1 мин
І топ
Оқылым.
ІІ топ
Тыңдалым.
ІІІ топ
Айтылым.
ІҮ топ
Жазылым.
4 мин
" Таңда да таста " әдісі бойынша " Мұғалімдер үшін ",
" Оқушылар үшін ", " Ата-аналар үшін " Білім беру
мазмұнын
жаңарту
жағдайында
оқушылардың
критериалды бағалау маңызы туралы пікір жазу.
80