EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 81

Ïåäàãîãèêà Сызбаға сәйкес сабақ жоспары жасалды. Зертханалық жұмыстың мақсаты: Ерітінді дайындау және оның қасиеттерін оқу. Виртуалды зертхана: Ir Ydium ChemistryLab Виртуалды ұқсастықтың мүмкіншілігі: - Ерітіндінің электрөткізгіштігін анықтау; - Заттардың ерігіштігіне температураның әсерін байқау. Зертханалық жұмыстың тапсырмалары: - Алгоритм бойынша берілген көлемде ерітінді дайындау. - Заттың массасын есептеу - Ерітіндідегі бөлшектердің концентрациясының өзгеруін байқау. Қорытынды: Заттардың ерігіштігі мен еру кезіндегі жылу эффектісі туралы нәтиже шығару. Жоғарыда көрсетілген виртуалды зертхананы chemcollective.org сайтынан қарап орындауға болады. Бұл сайтта көптеген химиялық зертханалар мен практикалық жұмыстар оқулық бойынша құрастырылған. Әрбір видео ¹3-4 (17) 2017 нақты тапсырманы қандай да бір тәжірибемен жұмыс жасауға септігін тигізеді. Жұмыстың нәтижесіне жету үшін барлық құралдар мен заттар жеткілікті. Егер келесі тәжірибені орындайтын болсақ, реактивтер жиынтығын қосуға рұқсат етіледі. Тек қана тәжірибенің тақырыбын анықтап, реакцияны жүзеге асырса жеткілікті. Бейорганикалық және органикалық пәндер бойынша да тақырыпшалар ұсынылған. Мысалы, металдар мен бейметалдардың қолданылуы, алынуы физикалық және химиялық қасиеттері, органикалық химиядан жай және күрделі заттардың үлгілері, қасиеттерімен танысуға болады. Жалпы айтқанда, қолдануға өте қатты тиімділігімен ерекшеленетін қызықты және пайдалы ақпарат көзі. Студенттер химия бойынша дұрыс құрылған виртуалды зертханалық жұмысты орындай отыра, біріншіден тақырып бойынша есептеу тапсырмаларын шешу қабілетін дамытады, екіншіден химиялық тәжірибені орындау техникасы мен алгоритмін бекітеді, үшіншіден химиялық процестердің жүру заңдылығын меңгереді [4]. ӘДЕБИЕТТЕР. 1.Морозов.М.Н. Разработка виртуальной химической лаборатории для школьного образования // образовательные технологии и общество. - 2004. - №3.- С 155- 164 2. Virtual Lab/ ChemCollective. Online Recources For Teaching and Learning Chemistry [Электронный ресурс].- URL: http: // Chemcollective. Org 3.Гин.А.А Приемы педагогической техники. / Свобода выбора. Луганск: СПД, 2006,- 100 с 4.Лакоба.С.Е. Методика преподавания химии в условиях современной школы: пособие / С.Е. Лакоба. Л.Я. Толкач. - Гродно: ГрГУ, 2011. - 111с. 79