EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 80

¹ 3-4( 17) 2017 Ïåäàãîãèêà
САПАКОВА АЙГУЛЬ КАСЕНКАНОВНА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті б. ғ. к., доцент м. а
МӘСӘЛІМ АЙНАМКӨЗ ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, магистрант
Берілген әдістемелік жұмыс жоғары оқу орнында бейорганикалық химия пәнін оқыту мәселелеріне арналған. Әдістемелік жұмыс жоғары оқу орындары оқытушыларының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа посвящена вопросам преподавания неорганической химии в высших учебных заведениях. Методическая разработка будет интересна преподавателям учебных заведений, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This methodical work is devoted to the teaching Inorganic chemistry in higher education. The methodical work might be useful to the higher education teachers, Methodists, students and students in the master ' s programs of pedagogics.

ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕРДЕ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАНЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазіргі уақытта білім беру саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Сол үшін оқытушылар білімнің жарамды, пайдалы тұстарын оқытып, жаңа қабілеттерге ие болу қажеттілігі туындап отыр. Сондай қабілеттердің бірі- химия саласы бойынша виртуалды зертхананы қолдана алу. Виртуалды зертхана міндетті түрде ісәрекет арқылы жүзеге асырылады, себебі істелген әрекет тыңдалған ақпарат пен көрілген мәліметтен гөрі есте жақсы сақталады. Бұл ретте данышпан Конфуцийдің мына сөздері виртуалды зертхананың барлық мәнін ашатындай: " Айтып бер- ұмытып қалайын, көрсетіп бер- есімде қалсын, өзіме істет- үйренейін " [ 1, 155 ]. Сонымен, виртуалды химиялық зертханалар, виртуалды тәжірибе, химия бойынша зертханалық жұмыстар бұл оқытушылар мен студенттердің назарын аудартатын химиялық білімнің дамып келе жатқан түрінің бірі. Оқу тәжірибесіне виртуалды зертхананы негіздеу өзекті болып отыр. Оның себебі біріншіден, уақыттың ақпараттық кеңейтілуіне, екіншіден оқуды ұйымдастырудың нормативті талаптарына, яғни, білім стандартына байланысты. Виртуалды зертхана химияны оқыту және химиялық пәндер тәжірибесінде үлкен рөл атқарады. Оны теориялық, әдістемелік негізде қолдану және виртуалды зертханалық жұмыстарды ойлап шығару
енді ғана қолға алынуда. " Химия бойынша виртуалды зертхана жұмысы " терминіне қазіргі күнге дейін негізгі анықтама берілмеген.
Химиялық зертханада виртуалды зертхананы теорияда және химиялық тәжірибеде қолдану кезінде студент бақылау, талдау, қорытынды жасау, құрал- жабдықтар мен реактивтермен жұмыс істеу қабілетін үйренеді. Демонстрациялық және студенттік тәжірибені; зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, үй тәжірибесін, зерттеу тәжірибесін ажырата алады. Химиялық тәжірибе ойша, сызбалық, виртуалды болуы мүмкін. " Виртуалды " сөзі " нақтылы физикалық іске аспауы мүмкін " деген мағынаны білдіреді; Виртуалды көрсетілім дегеніміз компьютерлік құрылғылар к-мегімен көрсету; Виртуалды зертхананың екінщі атауы имитациялық немесе компьютерлік [ 2 ].
Химия бойынша виртуалды зертханалық жұмыс химиялық объектілер немесе процестерді оқудың жалпы мақсатын біріктіретін виртуалды химиялық тәжірибелердің жиынтығы. Химия бойынша виртуалды зертханалық жұмысты жүргізудің әдістемесін қарастырайық. Оның сызбасы төмендегі суретте көрсетілген. Нақты зертханалық жұмыс " Ерітінділер " тақырыбы бойынша берілген [ 3 ].
Сурет 1. Химия бойынша виртуалды зертханалық жұмысты жүргізу әдістемесінің сызбасы
78