EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 79

Ïåäàãîãèêà
мақсаттарында көзделген тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу мәселесі де көпұлтты мемлекетке тән құбылыс.
" Ұлттардың бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтамасыз етеді. Дүниенің сұлулығы, табиғаттың кереметі- ондағы сан алуан түстердің гармониясы болуымен құнды десек, адамзаттың рухани әлемнің байлығы- әртүрлі ұлт мәдениеті мен ұлт тілдерінің гармониялы дамуымен де ерекше ".
" Үштілділік " бағдарламасының негізінде қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде меңгеру көзделуде. Орыс тілін білу- тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меңгеру- жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол- жаһанданудың кепілі. Сондықтан жастарды тілге баулу, еркін сөйлеуге машықтандыру мектеп қабырғасында, оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асырылуы қажет: сабақтан тыс
¹ 3-4( 17) 2017
шараларда: факультативтерде, үйірмелерде( драма клубы, хор, спорттық секциялар, оқырмандар клубы, т. б.) тілдердің кіріктірілуі; түпнұсқадан оқытуға мүмкіндік беру үшін мектеп кітапханасының үштілді ресурстармен қамтамасыз етуі; барлық маңызды құжаттамалардың( саясаттар, қарым-қатынастар, веб-сайттар) үш тілде жүргізілуі; тіл құзырлығының дамуына себепші болатын тілдік курстарды ұйымдастыру; халықаралық стандарттар талабына сәйкес келетін халықаралық ойлауды, оқушыларды дамыту мақсатында тіл тәжірибесін мәдениетке, әдебиетке т. с. с. апаратын жол ретінде қарастыру арқылы қолдау табады ".
Көріп отырғамыздай, мектеп кітапханасының үштілді ресурстармен қамтамасыз етуі оқушыларға кез келген мәтінді, шығарманы түпнұсқадан оқуға жағдай жасап, біл імін ұ штауғ а мол мүмкіндік ашады әрі шетел жазушысының шығармасы болса, терең эстетикалық ләззатті сезінуге жол ашады. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына жағдай жасайды және осы жұмыстарды еліміздің барлық мектептеріне енгізу- үштілділік бағд арламасын іске ас ыруд ың ж олы болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Ақиқит. 2011жыл, № 4. " Ел тәуелсіздігінің нышаны- мемлекеттік тіл ", ф. ғ. к. М. Салқынбаев. 2. Абай елі. 2017 жыл, № 5. " Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік ". Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 3. 2011жыл, 29 шілде № 878 Қаулы." Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы " 4. " Назарбаев зияткерлік мектептері " ДББҰ " Педагогикалық шеберлік орталығы ", 2016 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
77