Ïåäàãîãèêà
¹3-4 (17) 2017
Мақала орта мектепте үш тілділікті дамыту
мәселелеріне арналған. Автор қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінде оқыту міндеттерін жүзеге
асыруға қатысты мектеп тәжірибесімен
бөліседі.
Статья посвящена вопросам развития
трехъязычия в средней школе. Автор приводит
пример из школьной практики по реализации
задач обучения на казахском, русском и
английском языках.
ӘБЕНОВА ДИДАР БЕКТҰРҚЫЗЫ
ШҚО Абай ауданы "Шәкерім атындағы орта мектебі"
КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, ҚР
педагог кадрларының "Мектептегі мұғалім
көшбасшылығы" ұзақмерзімді білім жетілдіру курсын
тәмамдаушы І санатты ұстаз
The article is devoted to the development of three
languages in secondary school. The author cites the
example of school practice for the implementation
of learning objectives in the Kazakh, Russian and
English languages.
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ТІЛДЕР ҮЙЛЕСІМДІЛІГІНІҢ БІРЛІГІНЕ
ЖОЛ АШУ - ЗАМАНАУИ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕПІЛІ
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнында мұ ғалімдер үшін
ең маңызды болып отырған мәселе - "Мұғалімдер
оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?".
Заманауи мұғалім сабақтарын жоспарлағанда осы
көкейкесті мәселені негізгі басшылыққа алады.
Елбасының биылғы жылғы Халыққа арналған
"Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік" атты Жолдауында: "Білім беру жүйесінің
рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді
экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына
айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау
қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға
бағыттау қажет...Қазақ тілінің басымдығы сақталады.
Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді...Ағылшын
тілін меңгермей Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете
алмайды..." делінген.
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде оқушылар үшін терең
білімнің де, соған сәйкес тәжірибелік дағдылардың да
тең дәрежеде маңыздылығы туралы білім берудің
тұжырымдамалық негізі тұрғысынан қарағанда, сабақ
беру әдістемесінде сындарлы, диалогтік оқыту
теорияларының маңыздылығын бүгінгі таңдағы ғылыми
зерттеулер нәтижесі айғақтап отыр. Қай заманда қандай
реформа болсын, мектептің басты тұлғасы - мұғалім.
Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы
жүзеге аспақ. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті - рухани
бай, жан-жақты дамыған, сыни ойлауы жетілген, үш тілде
еркін сөйлей алатын, бәсекеге қабілетті қоғамның
жасампаз тұлғасын даярлау міндеті- өзекті мәселеге
айналды. Елбасының көтеріп отырған "100 нақты қадам"
Ұлт Жоспары - әлемдік деңгейде үлкен өзгеріске түскен
білім беру жүйесінің жаңа ғылыми-техник алық,
инновациялық прогрестерге деген мұқтаждықтан туған.
Олай болса, тәуелсіз еліміз бұрынғы негізге арқа сүйей
отырып, қиындықтарға қарамастан, бүкіләлемдік
деңгейдегі білім жүйесінің өрелі биігіне ұмтылуы керек.
Ендеше, осындай Елбасының ұлы мақсатты көздеген
идеясынан туған көптілді білім беру бағдарламасын іске
асыру барысында "Дамыта оқытудың интербелсенді
заманауи
әдістері негізінде оқушылардың
полилингвистикалық ойлау дағдыларын жетілдіру,
шығармашылыққа баулу" ізденіс тақырыбы аясында
атқарып жүрген ұстаздық еңбегімді өзекті деп санаймын.
Бүгінгі таңда ШҚО көптілділік өңірлік бағдарламасына
орай, сабақтарымда қазақ тілін орыс, ағылшын
тілдерімен салғастыра оқыту арқылы терең
лингвистикалық білім беруді тәжірибеме енгізіп, жеке
шығармашыл тұлға қалыптастыруда ғылыми-ізденіс
сабағы түрінде заманауи сабақтар өткізудемін. Мысалы,
9- сыныпта өткізілген "Қазақ әдеби тілінің стильдері"
тақырыбында өткен сабағымда оқушылардың өзіндік
ғылыми - ізденісіне басымдық бере отырып, еліміздегі
білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын
"СТО" модулінің аясындағы Блум таксономиясы
бойынша танымдық саладағы дағдыларды білу , түсіну,
қолдану және сыни ойлау , яғни, талдау, жинақтау,
бағалау сатыларын сабақтарында тиімді қолданып,
сабақ соңында алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда
қолдана білуін, қабілетті оқушылардың шығармашылық
әлеуеттерінің нәтижелі дамып , көрініс беретін деңгейде
жоспарлауға тырыстым. Алгоритмдік, эвристикалық,
шығармашылық деңгей тапсырмаларын әзірлеу арқылы
оқушыларды оқу үдерісіне барынша тарту мақсатында
өзара әңгімелесу, бәсекелестік, өзара тиімді қарым-
қатынастарын жетілдіретін, түсінік - пайымдарын
кеңейтіп, оқу мен ұғынуын дамытуға ықпал ететін, топтық
, жұптық тәсілдерді пайдалана отырып, әр баланың өз
ортасындағы көрсетер титтей де болсын зияткерлік,
танымдық, мүмкіндік қырларын байқауға аса мән
беремін. Бұл ,бір қарағанда, ересектер үшін қалыпты
дүние болғанымен, жас ерекшеліктері тұрғыдан алғанда
, бұл әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес.
"Шығармашылық дегеніміз бірегей, жоғары сапалы, дана
нәтижелер шығатын тұлғааралық әрі тұлғаішілік үдеріс"
деп сипатталғанындай, заманауи білім берудегі талап
етілетін тәжірибелік дағдылардың маңыздылығын
шыңдай түседі. Мысалы сабақ процесінде мынадай
шығармашылық жұмыс тапсырмаларын ұсынамын:
Орыс-ағылшын тілдерімен салғастырмалы үйрену
кезеңі:
1-топқа тапсырма: (сөздік дәптермен жұмыс)
Қазақ тілі
Орыс тілі
Ағылшын тілі
Арыз --------------заявление -----------statement
Куәлік ------------удостоверение -----certificate
Анықтама --------справка------------ reference
Түсінікхат -------объяснительное письмо ---------expla-
nation letter
Сенімхат ---------довереность -------- power of attorney
Мінездеме------ характеристика -------------сharacteristic
Хаттама ----------протокол ----------------------protocol
75