EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 70

¹ 3-4( 17) 2017 Ïåäàãîãèêà
САРИНА НАЗИГУЛЬ УРАЗГАЛИЕВНА
Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университеті, магистр Семей
ҚАЙЫРХАНОВА ФАРИДА КАБИРОВНА
Тарих ғылымының кандидаты, доцентСемей
Мақалада этнопедагогика және оны тәжірибе жүзінде іске асыру мәселелері қарастырылады. Авторлар халықтық педагогика деген не, оның ерекшеліктері қандай деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз педагогикалық тәжірибесінен алынған мысалдар негізінде этнопедагогиканы мектепте іске асыру мәселелеріне тоқталады.
Статья посвящена вопросам этнопедагогики и ее реализации на практике. Авторы подробно повествует о роли и особенностях народной педагогики, а также делится собственным опытом реализации этнопедагогики на уроках в средней школе.
In the article discusses issues of the ethnopedagogics and its implementation in practice. The authors write in detail about the role and features of folk pedagogy, and also shares its own experience in implementing ethnopedagogics the lessons in secondary school.
68

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕМІЗДІҢ НЕГІЗІ- ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ

Халқымыздың ежелден бері қалыптасып, ғасырлар бойы сақталудағы дәстүрлі мәдениеті заманның ағымына қарай өзгеріске ұшырап, ерекшеліктерге ие болғанымен, желісін үзбей жалғасын тауып келеді. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық мәдениетіне қайта оралудың маңызы туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз ойын былайша білдіреді: " Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге- дәстүрлерлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Мәдени дәстүрлер қашан да әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің ұлттық тарихи-мәдени тамырларына қайта оралу- бұл, әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, қарым-қатынасты, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Біз барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып, қоғамның ендігі жерде халықтың рухани түлеуіне, оның мәдениетін көтеруге, тарихын және мұрасын қалпына келтіруге, оны өркениет дамуынан кенже қалдырмауға ұмтылып отырмыз. Бұл өзімізді танудың, әрі тәрбиелеудің, ең бастысы жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезімін дарытудың жолы ".
Қандай халық болсын өзінің рухани-мәдени құндылықтарын көздің қарашығындай сақтай алмаса, сыртқы күштердің рухани-мәдени жаулаушы-лығына қарсы тұра алмасы анық. Ондай халық өз мемлекеттілігін де сақтай алмайды. Бүгінгі күні жас Қазақ мемлекетінің қайта ту көтеріп, Тәуелсіз ел болуы- қазақ халқы мен мәдениетінің әлі де болса құрып кетпегендігінің айғағы. Оны баянды ету бүгінгі және болашақ ұрпақтың қасиетті борышы. " Мәдени мұра " бағдарламасы да осы үшін қажет болды. " Мәдени мұра " мемлекеттік бағдарламасында негізгі міндеттердің бірі " мәдени мұраны, оның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерттеудің тұтастай жүйесін құру " делінген. Аталмыш міндетті шешу қазіргі мәдениеттің модернизациялануына, онда жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың дұрыс қауышуына ықпал етері сөзсіз. Себебі, тәуелсіз Қазақстанның мәдениетін жасау және өркендету осы уақытқа дейін жасалынған мәдениет жетістіктері нәтижесінде ғана іске асады.
Мәдениет қорында бізден бұрынғы жасап кеткен ұрпақтардың барлық материалдық және рухани тәжірибесі жинақталып шоғырланған. Ұлттық мәдениет ұлттың рухани дүнитанымы. Ұлт өзінің дүниетанымын- тілі, діні, ділін фольклор арқылы білдіріп отырады. Демек, ұлттық мүддені зерттеу үшін негізгі сүйетініміз
халықтын мәдениеті, рухани мұрасы, өмір сүру тәсілі, діни нанымы, күнделікті тұрмыста қолданылатын әдетғұрыпы, салт-санасы, халықтық денгейде қалыптасқан образдары, дүние туралы ұлттық бейнесі және тағы басқалары жатады. Ұлттық дәстүрді сақтай білу, құрметтеу- ұрпақтардың өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі, иманды тірлігінің ұятына сенуі. " Қай халық болса да өз тарихын, төл дәстүр-салтын, ауыз әдебиетін, тілін қастерлейтіндігі " туралы академик М. Қозыбаевта жазып кеткен.
Халық өзінің ұлттық мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлеуі қажет. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымыз. Ұлттық дәстүрлі мәдениет- адамзат құндылықтарымен үндесіп жатады. Ұлттық мәдениет- белгілі бір рухани байланыстың адамгершілік үлгілерінің жиынтығы. Ұлттық мәдениетті жасаушы ең алдымен сол ұлттың өкілдері, ұлттық мәдениетті өз бойында сақтаушы да, оның насихаттаушысы да, кейінгі ұрпаққа асыл мұра етіп жеткізушілер де сол ұлттың нақты өкілдері болып табылады. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті- тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс Әрбір ұлттық мәдениет- өзінің мәні мен ішкі логикасы бар құндылықтық мағыналар мен идеалдардың ерекше жүйесі. Демек әрбір этнос ең алдымен, өзінің әдетғұрыптарына, тарихи тәжірибесіне, рухани құндылықтарына, ойлау стилі мен дәстүрлеріне жауап беретіндей нормалар мен стереотиптерге бағдар ұстанады. Міне, сондықтан да кеңестік кезеңде мәдениет саласындағы жүргізілген саясаттан туындайтын басты сауал- төлтума мәдениетіміз неліктен бұрмаланды, неге шеттетілді? Бұл сауалдарға жауап іздеу үшін негізгі екі мәселенің басын ой елегінен өткізу қажет. Бірі " халықтық мәдениет ", оның мәні түсінікті, екіншісі, " таптық мәдениет ", оның мәні мәдениеттің саясат құралына айналуы. Осы қойылған мәселелер еліміздің тәуелсіздігі орнап, нығая бастаған 1990-2014 жылдар тарихына тікелей қатысты. Мәдениет қоғамның сапалық ахуалының неғұрлым жалпы көрсеткіші және сондай-ақ, адамның рухани құндылықтық дамуының өлшемі. Егер мәдениет құлдыраса тұлға кері кетіп төмендейді, қоғам ыдырайды. Кез-келген қоғамның өмір сүруінің қажетті шарты ретіндегі мәдениеттің қызмет етуінің аса маңызды қыры- бұл әр түрлі этникалық, ұлттық және өркениеттік деңгейлердегі мәдениеттің төлтумалылығы мен өзара әрекеті мәселесін талдау арқылы айқындалатын мәдениет плюрализмі. Осыған орай, мәдениетте