EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 71

Ïåäàãîãèêà
қоғамдық өмірдің алуан түрлі байлығы мен теңсіздігімен қатар, қоғамның тұтастығын қолдап отыратын оның жүйелілігі мен даму сабақтастығының көрініс табатындығын да айта кету қажет. Мәдениет- біртұтас нәрсе. Оның біртұтастығының көрінетін жері сол- бөлінбейтін, бөлшектенбейтін адам тұлғасын жасайды. Дегенмен, барлық біртұтас нәрселердің құралатын бөліктері болатыны сияқты, мәдениеттің де ішкі тармақтары немесе жүйелері бар. Тұтас мәдениеттің ішкі элементтерін мынадай жүйелерге бөлуге болады. Олар: нормативтік немесе ережелік, мәдениеттің ақпараттық жүйесі, мәдениеттің гуманитарлық құндылықтар саласы, мәдениет қоғамының әлеуметтік зердесі немесе мәдениеттің зерделік жүйесі. Адамдар қауымдастығындағы, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін құндылықтардың жиынтығын мәдениеттің ережелік жүйесі дейміз. Оларға жататындар: рәміздер, салтсаналар, ырымдар, әдет-ғұрыптар, тежеулер, тыйым салушылық немесе қолдау, мадақтау, даттау, бағалау, оң бата, теріс бата беру, т. с. с. Мәдениеттің ақпараттық жүйесі мыңдаған жылдар бойы қалыптасты. Ол көптеген сатылардан өтті. Ақпараттың ең бірінші революциясы жазу өнерінің пайда болуымен байланысты ақпарат жеке адамның баснан сытылып шығып, өз алдына тәуелсіз өмір сүретін халге жетті. Оның бұл халін жаңа сапаға көтерген баспасөз бен баспаның шығуы. Адамдардың өмір сүруінің жаңа үлгілері пайда болды, адамдардың байланысын информациялық байланыстар ығыстырады.
Мәдениет саласын идеологиялық( коммунистік нысандағы) басқару жүйесінің Қазақстанда жойылуы және оған нарықтық қатынастардың енгізілуі мәдениетті қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық шыңдыққа үйретудің тиімді тетіктерін ұдайы іздестіруді талап етеді, арнайы мәдениет тудырушы және мәдениетті қорғаушы институттар жүзеге асыратын, тәрбие-ағартушылық қызмет саласы ретінде мәдениеттің іс жүзінде өмір сүруін қамтамасыз етудің барынша тиімді мүмкіндіктерін табуды қажет етеді. Бұл жағдай теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да өте маңызды және өзекті. Сондықтан да бүгінгі Қазақстанның мәдениет кеңістігінде жүріп жатқан процесстерді терең ұғыну үшін, өзекті мәні бар басты түсініктердің бірі- " ұлттық мәдениет ", " дәстүрлі мәдениет ", " мемлекеттік мәдени саясат ", т. б. мәнін ашу керек. Шын мәнісінде мәдениеттің өзегі- руханилық. Рухани тірегі бар халық ешқандай басқыншыға алдырмайды, біреудің жетегінде кетпейді. Мәдениет туралы теориялық тұжырымдардың ішінен ең көбірек кездесетін мына үш қағидаға көңіл аударған жөн: олармәдениеттің ағартушылық қағидасы, құндылық қағидасы, психоаналитикалық қағида.
Мәдениеттің бір жүйесі- оның қоғамның әлеуметтік зердесі болып қалыптасуында. Мәдениет қорында бізден бұрынғы жасап кеткен ұрпақтардың барлық материалдық және рухани тәжірибесі жинақталып шоғырланған. Міне, осы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға өтіп келе жатқан өшпес те өлмес тәжірибе қоғамның әлеуметтік зердесі болып табылады. Мәдениет мыңдаған жылдар бойы жинақталған тәжірибенің інжумаржандары, оны тереңдеп қаза берсең, жан-жақты түсіне білсең көп нәрсеге жауап алуға болады. Сол арқылы адамзат тарихында не болғанын түсінеміз, білеміз. Зерделік қасиет деген міне, осында. Мұны ұрпақтардың сабақтастығы деуге болады. Бұл сабақтастықтың қажеттілігі- мәдениет тек өткен өмірімізге ғана емес, біздің келешегімізге де жол сілтейді. Олай болса алға қарай дамуымыздың шешуші шарты бұл. Ол даму табысты болу үшін әрбір ұрпақ алдыңғы ұрпақтың тарихын, мәдени дәстүрлерін, әдебиетін, т. б. мейлінше терең білуі керек. Мәдениет шығармашылық қызметтері арқылы өмірді қалыптастыру факторы ретінде, қоғамдық жаңа
¹ 3-4( 17) 2017
өзгерістердің таусылмас бұлағы ретінде бағаланады. Кез келген әлеуметтік-саяси трансформация қоғамдағы мәдени өзгерістермен қатар жүреді. Осыдан мәдениеттің потенциалын, оның ішкі резервтерін анықтауға, оның белсенділендіру мүмкіндіктерін табуға ұмтылыс туып отыр. Мәдениетті адамның өзін-өзі жетілдіру, дәстүрлі мәдениетін ұлттың өзін таныту құралы ретінде қарастыра отырып, тарихи процестің және адамның өзінің дамуына ықпал ете алатын қайнар көздерін де анықтауға болады. Рухани мәдениет өндірісі сферасынан және оның нәтижелері- дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым өз кезегінде зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады. Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі де адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның бастауында рухани басы адамның материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары, ойлары тұр, шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп. толықтырып тұрады. Адамдарға әсері бойынша мәдениетті прогрессивті және реакциялық деп бөледі, өйткені мәдениет тек өнегелі тұлғаны ғана емес, өнегесіз тұлғаны да тәрбиелейді. Моральдық мәдениет- адамдардың жасаған заттық және рухани құбылыстарының әлемі ретінде түсінілетін мәдениет, онда дүниені игерудегі, адамның дүниедегі орнын анықтаудағы, адамның тірі жан және әлеуметтік субъект ретіндегі тектік қабілеттері мен мүмкіндіктері дамытылған, адамдық күштері іске асырылған. Мәдениет- бұл адамның текті жан ретінде қалыптасу нәтижесі, шарты және үдерісі. Адам баласы өмірінің басты мақсаты- ол мәдениет ұстынымдарына сүйене отырып, адам өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәңгілігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт табылады.
Дәстүрлі мұрамызды қайта жетілдіріп, іске қосу барысында қазақтың көне дәстүрлі аспаптарын қайта жаңғыртуға ат салысып жүрген азаматтары-мыз қазірде бірең-саран, тіпті жоқтың қасы. Қазақтың ұлттық аспаптарының бояуы кең, үні жұмсақ, жағымды қоңыр үнді домбырасы болсын, сыбызғы, қобызы болсын қашанда халық жадында сақталмақ. Жалпы музыка алаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы- күй. Қазақстанның Шығысында Алтай, Тарбағатайда ел арасында көбіне шертпе күйлер кең тараған. Ел арасында " Шертпе күй " деп те, " Нақысты күй " деп те аталған. Қазақтағы " Сыр шерту ", " Көңіл күйін шерту " деген сөздерге күйлер өзінің аты жағынан ғана емес, ішкі әуендік құрылым мазмұны жағынан да үйлесіп отырады.
Шығысқазақстандық шерпе күй дәстүрінің ерекшеліктеріне күйлердің ән тектес әуенді, сазды және жұмсақ нәзік үнді болып келуін, саусақ басымен шертіп тарту әдістерін жатқызуға болады. Олардың мазмұнына психологиялық суреттемелер, терең толғаныстар, әйелдердің нәзік бейнелері тән. Қазақтың сыр толған күй өнері де, жыр толған ақындық өнері де мақтануға тұрарлық асқақ өнер. Қазіргі кезде эстрадалық ән кең өрістеген заманда қазақтың дәстүрлі ән өнері өлген жоқ. Ел аман болса, халық тірі болса дәстүрлі ән өнерінің жоғалып кетуі мүмкін емес. Қанды қырғыннан, ашаршылықтан, репрессиядан, тоталитарлық дәуірден әлпештеп аман алып қалған халықтың өзі. Енді мына гүлденген заманда, тәуелсіз ел болған шақта айырылып қалсақ, онда тарихымызды өшіреміз. Халықтың дәстүрлі өнері әрбір қазақтың жүрегінде, ал оны насихаттау елдің ортақ қазынасына айналдыру ол сіз бен біздің, бүкіл
69