Ïåäàãîãèêà
т. б. дайындау қажет болғандықтан, мұғалімге бір ғана сабаққа дайындалу үшін көп уақыт кетеді. 3 Күнде тек жаңа технологиямен өткізілген сабақ оқушыны жалықтырады, қызығушылығын төмендетеді.
Дегенмен, біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің осы жаңа үлгісіне, сонымен қатар 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу үрдісі қалыптасуда. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі- оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу.
Қaзaқ тілін оқытудың дәстүрлі және жаңа әдістемелік қырын бaрыншa aйқын тaнытып бүгінгі зaмaн тaлaбының үлкен сұрaнысынa ие болғaн жaңa технологиялaр жүйесінің ұйымдастыру жұмыстaрын aнaғұрлым ықпaлды бaғыттa жүргізуде орнын тaуып, қaпысыз қолдaнудың тиімділіктері мен ерекшеліктерін aшу aрқылы қaзaқ тілін оқыту әдістемесінің қомaқты бөлімі болып тaбылaтын әдістемелік өрісі мен теориялық мaңызын зерделейміз.
Оқушы тек жаңа технологияларға негізделіп жүргізілген сабақта тілді меңгеру барысында лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ерекшеліктерді үйренбей тұрып, өз ойын дұрыс жеткізе және ана тілінде әдемі сөйлеу нормасын меңгере алмауы мүмкін. Сол себепті жаңа технологиялар арқылы оқушының сөйлеу тілін дамыту, тілдік материалдарды меңгерту, сөздік қорын молайту лингвистикамен тығыз байланыста болады.
Дәстүрлі оқыту дегеніміз- көптеген жылдардан бері қалыптасқан оқыту әдістері екені анық. Ал жаңа инновациялық технология дегенміз АКТ құралдарын қолдана отырып, сабақты жаңаша түрде өткізу. Мысалы, сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту, дамыта оқыту, кембридж технологиясын айтып кетуімізге болады. И. П. Павлов: "... жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, нашар әдіспен ұлы адамның өзі текке жұмыс істейді " деген екен. Әдістің ескі не жаңалығы емес, оның оқушының қызығушылығы мен білім сапасына әсер етуі маңызды. Әлемдік бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру үшін, өзге елдермен тереземіз тең болуы маңызды. Бірақ, ол дегеніміз шет елде бар дүниенің көшірмесін алып, бекіте салу деген сөз емес. Не нәрсені болса да өз табиғатымыз бен таным-түсінігімізге байланысты лайықтағанымыз жөн. Сол сияқты сабақ беру жөніндегі әдіс-тәсілдерді де керегін алып, қажетсізін шетке ысырып отыру керек.
¹ 3-4( 17) 2017
Біріңғай шет елдік жаңа әдіске көшпей, өзіміздің ғасырлар бойы ұлы педагогтарымыз қалыптастырған педагогикадан да алыстамауымыз шарт. Сабақ өткізу барысында ұлтық дәстүрмен байланыстырып, оқушының бойына елжандылық сезімін ұялату өте маңызды. Енді осы орайда мысал келтіре кетсек, жаңа технологиялардың бірі- кембридж оқыту технологиясы. Аталған технология бойынша, сабақты бастамас бұрын психологиялық ахуал қалыптастырылады. Яғни, оқушылар бүгінгі сабаққа тілегін айтады. Жүрекшелерге, күн шуаққа тілектер айту арқылы. Сабақта әр түрлі жаңа технологияларды қолданады. Сабақ ортасына таман сергіту сәтін ойнайды, сабақ қортыланғаннан кейін рефлексия-кері байланыс орын алады. Бұлардың бәріне кемінде 15 минут кетеді. Сонда 45 минуттық сабаққа бұл тиімді емес. Бұл әдістердің барлығы 80-90 минуттық өтілетін шет елдердегі оқу үдерісінен алынған. Жоғарыда айтылғандай бұл әдістер біздің оқу процесімізге лайықталмаған. Бұл ретте мен мынадай пікір айтқым келеді. Осы тақырыпты мен бірнеше айлар бойы қарастырдым, сонда байқағаным, 3-4 жыл бұрын жаңа инновациялық технология деп аталып келген: алты қалпақ, ыстық орындық, постер, синквейн т. б. әдістер уақыт өте келе жаңа емес дәстүрліге айналып кеткен. Себебі, оны барлығы пайдаланады, қазіргі таңда мектептерде кеңінен етек алған.
Ойымызды қорытындылайтын болсақ, әрине, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бүкіл білім беру жүйесін жаңалауды, оны оқушылардың жас, жеке дара психологиялық және шығармашылық қабілеттеріне лайықтауды қажет етеді. Баланың бойында оның өміріне қажетті іс- әрекет тәсілдері мен технологияларын қалыптастыруға негізделген оқытуды ұйымдастырудың амал- тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау- қазіргі таңда кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелердің бірі. Біз де жас ұрпақ өкілі болғандықтан, алға қарай жылжуға, заманауи технологиялардың қарқынды дамуына қарсы емеспіз. Сол сияқты сабақты да тек дәстүрлі технологиямен ғана өткізсін деген де пікірде емепіз. Тек жаңа жүйені, жаңа технологияларды оқу процесіне енгізген кезде " Бояушы бояушы дегенге сақалын бояптының " керін келтірмей, алтын аралықты сақтап, лайықтап алғанымыз жөн. Ғасырлар бойы жинақтаған ұлы отандық педагогтарымыздың еңбегі еш зая кетпесе екен дейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Р. А. Бексұлтанова. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында // 12 жылдық білім. А., 2006, № 1, 25- 26, 38, 78 б. 2. А. Б. Хайруллина. Оқушының интеллектуалдық икемділігі // 12 жылдық білім. А., 2006, № 3, 19 б.; 3. З. Ж. Әділбекова. 12 жылдық білімге көшу // 12 жылдық білім. А., 2006, № 4, 14 б. 4. Ү. Б. Жексенбаева. 12 жылдық білім берудің құрылымдық- мазмұндық ерекшеліктері // 12 жылдық білім. А., 2006, № 5, 3-6б. 5. К. Ж. Аганина. Құзыреттілік тұрғылар негізінде білім мазмұнын жетілдіру // 12жылдық білім. А., 2006, № 5, 7- 9 б. 6. Л. Н. Хабарова. Кілтті құзыреттіліктер. // 12жылдық білім. А., 2006, № 7, 45 б. 7. Г. Ж. Наменова. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу // 12жылдық білім. А., 2008, № 12, 40- 52 б.
65