¹ 3-4( 17) 2017
Ïåäàãîãèêà
Мақала Қазақстандық білім беру жүйесінің 12 жылдық оқуға көшу жағдайында қазақ тілін оқыту мәселелеріне арналған. Мақала авторы 12 жылдық оқыту бағдарламаларының аясында орта мектепте қазақ тілін оқытуға қатысты өз көзқарасын жеткізеді.
Статья посвящена вопросам обучения казахскому языку в условиях перехода Казахстана на 12-летнее образование. Автор статьи излагает свое видение по некоторым аспектам преподавания казахского языка в средних школах по программам 12-летнего образования.
БАЙҒАЗИНА ӘЙГЕРІМ ЖАНҒАЗЫҚЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты
The article is devoted to the issues of teaching the Kazakh language in conditions of Kazakhstan ' s transition to a 12-year education. The author of the article presents her vision on some aspects of teaching the Kazakh language in secondary schools according to the programs of 12-year education.
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Қазiргі әлeмде бoлып жaтқан қарқынды өзгерістер әлeмдік бiлім бeру жүйeсін қaйта қaрау қaжет eкендігін пaш eтті. Елдің экономикалық өсуінің тұрақтылығы негізінен білім беру саласында қамтамасыз етіледі. Аталған мақсатқа білім жүйесіне жаңа ұйымдастырушылық экономикалық механизмді енгізу, білім саласының өсуін қамтамасыз ету, білім құрылымын, оқытудың мазмұны мен технологиясын жаңарту, білім беру саласына білікті мамандарды жұмылдыру, орта мектептің жаңашыл әлеуетін көтеру арқылы жетуге болады. Демек, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.
12 жылдық білім беру жағдайында " Оқушы тек білім алушы ғана ма?" деген сұрақ туындайды. Оқушы ізденуші, зерттеуші, басқарушы, ұйымдастырушы, кеңесші, көшбасшы, дербес әрі жеке тұлға. Мұғалім-білім беру үрдісінде негізгі субьект, оның кәсіби шеберлігі мен пәнін терең білуі оқушы бойындағы құзыреттіліктің даму көзі. Осы көзқарас тұрғысынан келсе, 12 жылдық мектепте оқушы бойында негізгі құзыреттіліктерді дамытуға баса назар аударылады. Құзыреттілік оқытуда алғашқы кезекке оқушыны дайын біліммен қаруландыруды емес, проблеманы шеше білуге үйретуді шығарады. Сапалы білім- ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету- мұғалімнің басты міндеті. Әр мұғалім өз сабағының- көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Оқу- бұл, ең алдымен, бұл үрдіске қатысатын адамдар арасындағы қарым- қатынас. Мұғалім- оқушы мен оқу материалы арасындағы дәнекер. Ендеше, мектептің дайындығы, көбіне, мұғалімнің әр оқушының ерекшелігін байқап, түсініп, ескере алу қабілетіне және өз шәкіртіне көмектесе алу біліктілігіне байланысты. Қазақ тілі сабақтарының тиімділігін арттырып, оқушылардың алған білімінің сапалы болуына не ықпал ете алады? Қазақ тілі сабақтарының тиімділігі, ең алдымен, оқушылардың
64
іші пыспайтын, оқу іс-әрекеттеріне толы, нәтижесі жоғары деңгейде болу белгілерімен танылады. Ол үшін мұғалім сабаққа даярлығын тиімділікті арттыру мақсатында құруы керек. Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен білімінің жан-жақтылығы, деңгейі жоғары болуы бұл ретте үлкен орын алады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі мәселелерін зерттеу қaзіргі зaмaнғы әдістеменің бaсты міндеті болып отыр. Қaзaқ тілін оқыту әдістемесіне бaйлaнысты жaзылғaн құнды зерттеулер де осы мaқсaтқa aрнaлaды. Мұндa білім беру әдістерінің бірaз түрлері жaн- жaқты бaяндaлaды. Қай елдің ғалымын алсақ та, туған ұлтының тілін оқыту әдістемесіне ерекше назар аударғандығын байқаймыз. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне зор үлес қосқан А. Байтұрсынов, Х. Арғынов, И. М. Ұйықбаев, Р. Әмір т. б. ғалымдарды ерекше атай аламыз. Ғасырлар бойы біздің ұлы педагогтарымыз негізін салған және өздері оқып, білім алған дәстүрлі оқыту технологиясын біз ешқашан шетке ысырып тастай алмаймыз. Себебі, сан ұрпақ сол технологиямен оқып, есімдері тарихта алтын әріптермен қалды. " Нағыз мұғалімге бор мен тақта да жеткілікті " деген сөз де сол кезден қалған. Ендеше орта мектепте қазақ тілін оқытуда дәстүрлі әдісті кеңінен қолдану өте тиімді деген ойға келуге әбден болады. Замана ағымы алға жылжыған сайын " Білім кемесі " де алға жүзіп отыруы шарт. Бұл мәселе сабақ жүргізу әдісіне де қатысты. Жоғарыда көрсетілген пікірден " алға жылжымай, бұрынғыша сабақ өткізе берген дұрыс " деген тұжырым тумауы тиіс. Біз бүгінгі күні ақпараттық ресурстар арқылы затты, көріністі т. б. көріп қана қоймай, дыбыс пен әуенді тыңдауға, өз даусын жазып, содан соң диктордың сөзімен салыстыруға, жаттығуға, бірнеше рет қайталауға, қайта айналып келуге, түзетуге, тағы да толып жатқан операцияларды жасауға болады. Бұлардың барлығы- ғылымның тамаша жетістігі. Сонымен қатар, оқушыларға білім берудің тамаша әдістері болып табылады. Тек, бұлардың бастауы, қайнар көзі, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибеде, ұлы педагогтар салып кеткен сара жол- дәстүрлі әдісте жатқандығын ұмытпауымыз шарт. Және де сабақ жүргізу барысында тек жаңа технологияларды қолданудың тиімісіз жақтары да кездеседі:
1 Тек жаңа технологияны қолдану арқылы ғана өткізілген сабақ көп уақытты алады, 45 минуттық сабаққа тиімсіз.
2 Әр түрлі көрнекіліктер, бейнефильм, презентациялар