¹ 3-4( 17) 2017 Ïåäàãîãèêà
- Терең мазмұнды ақпаратты таба білу;- Оқушының мәтіннен ой түюі; Күтілетін нәтиже: оқушылардың жазба мәтіндерді түсініп және қолдану дағдылары жүйеленеді, жаңа білім түсіну дағдысын игеріп, әлеуметтік ортаға бейімделеді. Уақыт аралығы:
|  Пәні |  Кезеңдері |  Іс-әрекет |  Мерзімі |  Жауапты мұғалім | 
|  |  І. |  Жоспарлау |  12.10.2016ж |  Тусупова | 
|  Қазақ тілі |  ІІ. |  Өткізу |  « Қазіргі кітаби |  А. Р. | 
|  |  ІІІ. |  Талқылау |  стиль |  | 
|  |  |  |  туралы » |  | 
 География І. ІІ. ІІІ.
 Алгебра І. ІІ. ІІІ.
 Физика І. ІІ. ІІІ.
 Жоспарлау Өткізу Талқылау
 Жоспарлау Өткізу Талқылау
 Жоспарлау Өткізу Талқылау
|  |  |  Бақылаушы мұғалімдер | 
|  |  |  Омарханова Ш. Л. | 
|  |  |  Батталова Ғ. Ә. | 
|  |  |  Разина Қ. М. | 
|  |  |  Мукатаева А. Қ. | 
|  |  |  Сапақбаева Г. М. | 
|  |  | ( тәлім алушы) | 
|  15.10.2016ж. |  Разина ҚМ. |  Тусупова А. Р. | 
|  |  |  Омарханова Ш. Л. | 
|  |  |  Батталова Ғ. Ә. | 
|  |  |  Мукатаева А. Қ. | 
|  |  |  Сапақбаева Г. М. | 
|  |  | ( тәлім алушы) | 
 18.10.2016ж. « Екі айнымалысы бар теңсіздік »
 27.10.2016ж. « Бүкіл әлемдік тартылыс заңы »
 Мукатаева А. К..
 Омарханова Ш. Л.
 Омарханова Ш. Л. Батталова Ғ. А. Разина Қ. М. Тусупова А. Р. Сапақбаева Г. М.( тәлім алушы) Тусупова А. Р. Мукатаева А. Қ. Батталова Ғ. А. Разина Қ. М. Сапақбаева Г. М.( тәлім алушы)
 Мониторинг
 Пікірлер Рефлексия Оқушылармен сауалнама Кері байланыс
 Пікірлер Рефлексия Оқушылармен сауалнама Кері байланыс
 Пікірлер Рефлексия Оқушылармен сауалнама Кері байланыс
 Пікірлер Рефлексия Оқушылармен сауалнама Кері байланыс
 Зерттеу жұмысына рефлексиялық талдау. Бірінші зерттеу сабағын қазақ тілі пәнінен жүргіздік. Тақырыбы: " Қазіргі кітаби стиль ". Сабақтың жалпы мақсаты: оқушылар қазіргі кітаби стильдің ерекшеліктері туралы түсінік алады, тілдік құрылымдарды өздігінен талдап меңгере отырып, сауатты жазу, сауатты сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Күтілетін нәтиже:- Оқушыларды мәтіндегі ақпараттарды жіктей білуге үйрету;- Бұрыннан таныс және жаңа ақпараттарды байланыстыру;- Терең мазмұнды ақпаратты таба білу;- Оқушының мәтіннен ой түюі; Сыныпта 24 оқушы бар. Оқушылардың қабілеттері, қабылдауы, түсініктері, ой тұжырымдау қабілеттері әр түрлі. Сабақты " шашылған " пазлдарды құрастыру арқылы топқа біріктірдім. Қызығушылықты ояту сәтінде әр топқа мәтінді жоспарлау( жай жоспар, күрделі жоспар, сұраулы жоспар, тезистік жоспар) тапсырылды, оқушылар мәтінді маңызды бөліктерге бөліп, жоспарлайды. Бұл әдіс оқушының мәтінді түсініп оқып, қабылдаған ақпаратты жүйелеуге мүмкіндік береді, яғни оқу сауаттылығын жетілдіруде маңызды. Оқушылар тапсырманы топтасып орындады және өзара бір-біріне ықпал етіп отырғандары байқалды. Сынып оқушыларын тапсырмаман жаппай қамтуда бұл әдіс тиімді болды, әр оқушы өз мүмкіндігінше ортақ жұмысқа өз үлесін қосты. Сабақтың келесі кезеңінде жаңа мәтінмен танысу жұмысые " Инсерт " әдісімен жалғастырдық. Бұл әдісті жаңа мәтінмен танысу барысында жиі қолданып жүргендіктен оқушылардың біршама төселіп қалғаны байқалды, бұл жағдайды бақылаушы мұғалімдер де атап өтті. Бұл әдісті қолданудағы негізгі мақсатым- кері байланыс пен алдыңғы байланысты ұштастырып, оқушының өзіндік тұжырым жасауына мүмкіндік беру. Оқушылардан жауап алу барысында үлгерімі жақсы оқушылармен үлгерімі төмен оқушылардың жауаптарында үлкен алшақтық анық байқалды. Демек, үлгерімі төмен оқушылармен мәтіннен өзіндік ой түйіп, өз ойын еркін жеткізу бағытында әлі біршама жұмысты жүйелеу керектігі көрініп тұр. Тіл жұтаңдығымен жұмысты жүйелеу, балалардың өз ойын дәлелді жеткізуге машықтандыру- бүгінгі заман талабына сай оқу сауаттылығын жетілдіруде керек ең негізгі дағдылар екенін ескере отырып, әріптестеріміздің мойнындағы үлкен жауапкершілікті сезіндік. " Инсерт " әдісімен жұмыс жүргізі барысында С деңгейлі оқушы өзге құрдастарының көмегімен болса да белсенділік танытып, мүмкіндігінше жауап берді. В деңгейлі оқушы да ерекше белсенділік танытты, кәсіби әңгіме барысында әріптестерім оқушының қол жеткізген жақсы жетістіктерін осы сыныпта жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының, мұғалімдердің күнделікті жүргізіп жүрген қажырлы еңбегінің нәтижесімен байланыстырды. Алдағы уақытта В деңгейлі оқушыны А деңгейлі оқушылардың қатарына енгізу туралы ұсыныс та айтылды.
 А деңгейлі оқушы( Айгерім) ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Сұрақты оқушы өзі құрастырып әкелді. Айгерімнің топпен жұмыс істеу барысында сыныптастары үшін жауапкершілікті сезінгені, жанашырлығы ерекше көрініп тұрды, мұны бақылаушы пән мұғалімдері де атап өтті.
 Кезекті зерттеу сабағын география пәнімен жалғастырдық. Сабақтың тақырыбы: " Халықтың ұлттық және діни құрамы ". Жалпы мақсаты: " Халықтың ұлттық және діни құрамы туралы ұғым қалыптастыру. Халықтың ұлттық құрамы олардың белгілі бір этностық белгілері бойынша ажыратылатынын түсіндіру. Күтілетін нәтиже: 1. Халықты этностық белгілері бойынша бір-бірінен ажырата білуге үйрету. 2. Оқушылардың бір-бірін оқыту, бір-бірінің білімін
 58