Ïåäàãîãèêà
бағалау дағдыларын жетілдіру.
3.Тақырып бойынша белгілі бір ой-тұжырым жасату.
Оқушылар сабақтың тақырыбына байланысты
"географиялық ұғымдар" әдісі бойынша топтарға
бөлінді. Қызығушылықты ояту сәтінде "Құпия сандар"
әдісі қолданылды. Оқушылар ұяшықтағы даталы
жылдарды таңдай отырып, астындағы жасырынған
сұрақтарға жауап берді. Топтық жұмыс оқушылардың
өзара пікірлесіп, ой бөлісуіне, өз ойларын еркін
жеткізуіне, сыныптастар арасындағы қарым-
қатынастың артуына оң әсерін тигізді. Осы жұмыс
барысында С деңгейлі оқушы (Ерсұлтан) өз мүмкіндігіне
қарай белсенділік танытты, оны бақылаушы мұғалім
Айгүл Қазтаевна да сабақты талқылау барысында атап
өтті. Сабақтың келесі кезеңі жұптық жұмыспен
ұйымдастырылды - "Джигсо" әдісі арқылы және жұппен
жұмыс "Тірек сызбалар". Оқушыларға әр түрлі
деңгейдегі карточкалар таратылады, әр оқушы өзіне
берілген тақырыпқа байланысты терминдермен, кескін
картамен берілген жұмыстарын жазады. Жұбымен
карточкамен ауысады және бір-бірін бағалайды. Осы
кезеңде сыныптағы барлық оқушы тапсырмамен
қамтылды, біршама оқушылардың жауаптары
тыңдалды. Кейбір төмен деңгейлі оқушыларға
жұптарының көмектескені көрініп тұрды, дегенмен
олардың дұрыс жауап беруге талпынуының өзі - әдістің
оңтайлы қолданылғаны. Сондықтан жұптық жұмысты
ұйымдастыруда осындай әдістерді қолданудың
тиімділігін түсіндім. В деңгейлі оқушы (Ақмарал)
сабақтың осы кезеңінде нақты, толық жауап беруге
тырысты. Ақмарал жекелей тапсырмалар орындағанды
жақсы көреді, топтық жұмыста өзінің мінезінің
ұяңдығынан өз қабілетін толық көрсете алмайтынын
аңғардым.
Жекелей
тапсырма
берілсе,
жауапкершілікпен орындайды және ойын ашық, түсінікті
жеткізе алады. Оқушылардың қызығушылығын оятқан
"Өрмекшінің торы" атты әдіс ең тиімді әдістердің бірі
болды, бұл әдісте оқушылар бір-біріне ашық-жабық
сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты жақсы
қабылдағаны анық байқалды.
Жаңа сабақты түйіндеу үшін жаңа тақырыптан ІІ
нұ с қ ал ы
10
с ұ р ақ т ан
қ амт ы л ғ ан
т ес т
т ап с ы р мас ы мен
қ о р ы т ы нд ы л ад ы қ .
Тес т
тапсырмасын А деңгейлі оқушы (Айгерім) бірінші
болып орындап, өзінің көшбасшы екендігін тағы бір
дәлелдегендей болды.
Зерттеу сабағы барысында алдағы уақыттағы іс-
тәжірибемде оқушылардың сөйлеу және ашық-жабық
сұрақтарды дұрыс қоя білуге дағдыландыру және
балалардың өз ойын дәлелді, емін еркін жеткізе білуге
әлі де болса үйрету керектігін түсіндік. Жалпы таңдаған
әдіс-тәсілдерім тиімді болып, барлық оқушылар белсене
қатысты.
Үшінші сабақты алгебра пәнімен жалғастырдық.
Сабақтың тақырыбы "Бір айнымалысы бар теңсіздіктер
жүйесі". Мақсатым оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру және зерттеліп отырған
оқушыларды "қозғау". Алдыңғы сабақта С деңгейлі
оқушының сабақта сөйлемейтіндігі, өзін қолайсыз
ұстайтындығы анықталды. Келесі сабақта С деңгейлі
оқушыны сабаққа қатыстыру керек деген ұйғарым
негізінде мен жұмысты жоспарладық. С деңгейлі оқушы
топтық жұмысқа қатысып отырды. Тақтада А
тобындағы есепті шығарды. Мысалды шығару
барысында кітаптағ ы көмекші кестені, формулаларды
қарауына рұқсат бердім. Оқушыға өзіне деген сенімділік
туғызу керек болды. В деңгейлі оқушы берілген
тапсырмаларды көмекші кестелер мен формулаларды
пайдаланып өздігінен шығарды. А деңгейлі оқушы өз
тобында көшбасшы ретінде жұмыс жүргізді. Берілген
мысалдарды өздігінен шығарып, тапсырмаларды
тыңғылықты орындап отырды. Зерттеліп отырған
оқушылардың математикалық тілде сөйлеу мәдениетіне
¹3-4 (17) 2017
назар аударылды. А деңгейлі оқушы ойын жетік
жеткізетіндігін, В мен С деңгейлі оқушылар сөйлегенде
ойын толықтай жеткізе алмайтындығын байқалды.
Келесі сабақтарымда В және С деңгейлі оқушыларға
назар аударып, көмекші кестелер мен формуларды
әртүрлі жолдармен жадыға сақтауды үйрету керек
деген ойда болдым. Келесі зерттеу сабағында сын
тұрғысынан ойлау негізінде жұмыстар жүргізілсін деген
ұсыныс жасадық.
9 "А" сыныбында зерттеу жұмысының төртінші
сабағын физика пәнінен жалғастырдық. Тақырыбы:
"Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Бүкіл әлемдік тартылыс
күші". Сабақта практикалық жұмыстар жүргізген кезде
тәлім алушы Сапақбаева Гүлжан Мейрамғалиқызы
қатыст ы. С абақ тың мақс аты -
Б ӘТ з аңының
физ ик ал ық мәнін түс іну, фор муланы есепт ер
шығаруда қолдана білуге үйрету.
Зерттеуге алған А
деңгей лі о қушы көш бас-шылы қ қабілеті мен
белсенділігін көрсетті, топ басшысы ретінде топ
мүшелерін берілген тапсырманы орындауға барлығын
қатыстырып, жұмылдыра білді, "Шешендер жарысы"
оқыта үйрету ойынында берілген тапсырманы тек
оқулықпен шектелмей, ізденіп қосымша көптеген
мағлұматтарды пайдаланып, жақсы дайындықпен
келгенін көрсетті. В деңгейлі оқушы өзін еркін сезініп,
әрб ір атқар ылған жұ мыст ар, тапс ырмалард ың
барлығына қатысты, әсіресе "Тірек белгілер" оқыта
үйр ету ойынында топ қа қ ұнды идеялар айт ып,
тапсырманың толық орындалуына өз үлесін қосты. С
деңгей лі о қушы топ пен орындауғ а берілген
тапсырмаларды орындауға қызыға қатысты, оның "Бас
қатырғ ылар баз ары" оқы та ү йрет у ой ынында
дайындап әкелген салыстыру тесті оқушыларға ұнады,
бірақ жекелей, жұптық жұмыстарда әлі де өз ойын
айтуға қорғаншақтайтыны байқалды
Тапсырмаларды орындау, есептер шығару барысында
оқушылардың топтық жұмысқа қалыптасқандары
байқалды, балалар ынтымақтаса жұмыс істеп, бір-бірінің
айтқан пікірлерін тыңдап, ортақ бір шешімге келе
алатындықтарын көрдім. Жеке, топпен, жұппен жұмыста
оқушылар оқулықты пайдалана отырып, сөйлеу, жазу,
есте сақтау стратегияларын қолдану арқылы сыни
тұрғысынан ойлады, өз білімдерін жинақтай білді.
Бұл тәжірибе менің оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді
тиімді пайдаланып өткізу арқылы оқушылардың пәнге
қызығушылықтарының артатынына көзімді жеткізді,
себебі бұл қолданған тәсілдер оқушылардың
белсенділіктерін арттырды, бір - бірімен қарым -
қатынастары жақсарады, өзін - өзі бағалауды, өз ойын
еркін айтуды үйренді, сабақты түрлендіріп өткізуге,
өздігінен білім алуға мүмкіндік берді және тәлім
алушымның да сабақты жүргізу әдісінің жоғары деңгейге
көтерілгенін байқадым. Таңдаған әдіс-тәсілдеріміз тиімді
болып, барлық оқушылар сабаққа қызығушылықпен
белсене қатысты.
Жалпы 9-сыныпта жүргізген зерттеу жұмыстарымызда
төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік:
- Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың
топтық жұмысқа қалыптасқандары байқалды, бір-бірінің
айтқан пікірлерін тыңдап, ортақ бір шешімге келе
алатындықтары байқалды;
- Тәлім алушымен арамызда сенімділік, бір-бірі мізге
қолдау көрсету нығайды, Гүлжан Мейрамғалиқызы
зерттеу сабақтарының жоспарын құру барысын-
дабелсенділік танытты, жұмыс соңында да жылы
лебізімізді білдірдік, өйткені көшбасшылықтың
моральдық құндылықтарға негізделетіні белгілі;
- Тәлім алушының сабақта жүргізілетін жаңа әдіс-
тәсілдердің мазмұнын,оны сабакқта қолданудың негізгі
идеясын түсініп, тәжірибеде қолдануға қызығушылығы
артты.
59