EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 58

¹ 3-4( 17) 2017
бейімделе алмауының сипаты мен денгейі көбінесе биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және оның әлеуметтік дамуына байланысты. Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік пайдалы қарым-қатынас, мінез-құлық, ісәрекеттің өзгеруіне бағытталған. Психологиялық бейімделу әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез-құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын, бағдарын жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары бір-бірімен үздіксіз байланыста [ 3 ].
Студенттердің тұлғалық әлеуметтік бейімделу процесінің негізі әлеуметтік ортаның ұсынатын талаптарына тұлғаның мінез-қылықтарының, жүрістұрысы мен іс-әрекеттерінің әлеуметтік күтілімдер жүйесіне сай болуы. Жеке адам мен топтың өзара қатынасының жағдайын ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, топ ұсынатын рольдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету мен шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы әлеуметтік-психологиялық бейімделу деп аталады [ 4 ]. Әлеуметтік топтарда психологиялық бейімделуді нәтижелі ететін маңызды фактор: әлеуметтік тұтастылық, тұлғааралық қарым-қатынасты орната алу қабілеті. Әртүрлі әлеуметтік жағдайларда студенттер өзара қарым-қатынасқа түсіп, тұлғалық ерекшеліктері қалыптасады, ортақ іс әрекетке бірігеді- ортақтасады. Тек қана қарым-қатынаста- қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді.
Студенттердің тұлғалық әлеуметтенуі мәселесі мемлекеттік талаптар мен сұраныстарында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, сапалы білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті кәсіби мамандарды дайындап, білім мен ғылымды интеграциялау арқылы кәсіптік білім сапасын жетілдіру мәселелеріне қол жеткізу, еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалаумен тығыз байланысты.
Бүгінгі күнгі әдіснамалық және дүниетанымдық мәдениеті жоғары, шығармашылық жағынан белсенді, өзінің кәсіби әрекетіне икемділік пен қабілеттік таныта алатын маман дайындау міндеті тұр. Аталған міндетті шешудің бір жолы студенттерге дайын ғана білімді беріп қоймай, олардың теориялық көзқарастарын негіздеуге, пәндік-тәжірибелік тәсілдер мен іскерліктерді игеруге баулу керек. Қоғамдық дамудағы жаңа технологиялардың, жаңа заңдар мен парадигмалардың өзгеруі адамдарды жаңа өмір сүру жағдайларына бейімделуге мәжбүр етеді. Бұған үздіксіз білім беру жүйесі мен оның әрбір буынынсыз, тұлғаның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану, дамыту жүзеге асырылмайынша қол жеткізу мүмкін емес. ҚР-сындағы жоғарғы білім беру жүйесінде студенттердің тұлғалық дербес қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуын
Ïñèõîëîãèÿ
қамтамасыз етуге жағдай туғызатын әлемдік тенденцияларға назар аударылуда. Студенттердің жеке тұлға болып қалыптасуы, олардың бір-бірімен ынтымақтастықпен қарым-қатынас жасауы, өзгермелі құбылыстарға тез бейімделіп жол табулары, дұрыс шешім қабылдай алуы сияқты қасиеттерге баулуға басым бағыт беріледі. ЖОО- ы ісінің даму жағдайын айқындайтын басты бағдар- оқытушы мен студенттің қарым-қатынасын жетілдіре отырып студенттердің тұлғалық әлеуметтенуін қалыптастыру. Студентті оқытушымен бірдей жауапты субьект ретінде қабылдау-оқу үрдісіне енгізудегі жаңалық болып отыр. Яғни, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастырудың және жетілдірудің теориясы мен практикасындағы танымдық құрылымдықфункционалдық әдісіне, жүйелі қарау ұстанымдарына және жаңаны синтездеуге ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, жаңаны синтездеудің талаптары қазіргі оқу үлгісіндегі әйгілі іс-әрекеттің үшеуіне де өзгеріс енгізуді қажет етіп отыр: олар студенттердің интеллектуалды-танымдық( дүниені және өзін-өзі тануы), эмоционалдық( құндылықтар), олардың жасалынуын көңілмен ұғыну, практикалық( шынайы дүниені білдірудің, оны өзгерту мен қайта жасаудың жолдары) іс-әрекеттері. Заман талаптарына сай білімді де білікті мамандар даярлаудың сапасын жақсартумен қатар, болашақ таңдаған мамандықтарына кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдайлар жасаумен байланысты жүргізілетін шараларды мойындаймыз. Дегенмен, болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру тек білімін оқтын-оқтын жетілдірумен ғана шектелмей, студенттердің тұлғалық әлеуметтенуі мен мәдени деңгейін, белсенділігін, әрекетшілділігін және ізденімпаздылығын көтеруге бағытталуы қажет [ 5 ].
Болашақ бүгіннен басталады десек, адамның жарқын болашағы оның өз өмірін " әсемдік заңы " бойынша ұйымдастыруына байланысты болмақ. Студент жастарға сұлулық-әсемдік жайлы тәрбие беру-идеологиялық жұмыстың маңызды саласы десек, артық етпесі сөзсіз. Жастарды жақсы қасиеттердің барлық түрін дұрыс ұғынуға, қабылдай білуге, бағалауға, өмірдің және еңбектің алуан түрлі саласына " әсемдік " элементтерін енгізе білуге үйретеді, ұсқынсыздық пен парықсыздыққа қарсы күресуге қабілетін шыңдайды. Тұлғаны барлық жағынан жетілдіру оның шығармашылық қабілеттері мен дарындылығын дамыту, оны нағыз еңбекқор ретінде, адамгершілік парасаты мол, мәдениеті қалыптасқан адам ретінде тәрбиелеуді көздейді. Жастар студенттік өмірлерінде тек белгілі бір ғана бағытта шектелмей, әдемілікті-сұлулықты сезінуі, өнердің құпия сырын үйренуі, осы бағытта ой-өрісін кеңейтіп, жан-жақты тәрбие алуы тиіс. Ол үшін жоғары мектеп студент жастарымыздың сұлулық әлемінен сусындап, көркемдік танымдарының қалыптасуына жан-жақты әсер ете отырып, толыққанды дамуына толық мүмкіндіктерді жасауы тиіс. Бүгінгі студент-ертеңгі білікті, білімді, жанжақты қалыптасқан мәдениетті, білгір маман.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Гоноболин Ф. Н. Психология.- Алматы: Мектеп, 1976.- 232 б. 2. Андреева Г. М. Психология социального познания. Учебник для вузов. Под ред. Шипова Л. Н.- М.: Аспект- Пресс, 2000.- 288 с. 3. Андриенко Е. В. Социальная психология. Учебное пособие для студентов педагогических вузов. Подред. Сластенина В. А.- М.: Академия, 2000.- 264 с. 4. Асмолов А. Г. Психология личности. Принципы общепсихологического анализа.- М.: Мысль, 2001.- 416 с. 5. Иманғалиев Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік- психологиялық болжау әдістері. " Фолиант " баспасы. Астана 2008.- 126 б.
56