Ïñèõîëîãèÿ
¹3-4 (17) 2017
Мақалада адамның жеке тұлғалық сана сезімі мен
оның кәсіби бағдарлану әрекетінің дамуы сөз етіледі.
Адамның өзін өзі кәсіби тұрғыдан тануының
психологиялық және әлеуметтік көрсеткіштері
анықталады. Зерттелген деректер негізінде
студенттердің өмірлік жол таңдаудағы кәсіби өзін
өзі тану әрекетінің қалыптасу сатылары туралы
қорытындылар жасалады.
АБДУЛЛИНА
ГУЛЬНАРА
КАБДЫШЕИТОВНА
Қазақ инновациялық
гуманитарлық-заң
университетінің аға
оқытушысы
ҚҰСБЕКОВА АҚМАРАЛ
ШАЙКЕНОВНА
Қазақ
инновациялық
гуманитарлық-заң
университетінің
магистранты
В статье освещаются вопросы становления
личностного самосознания и профессионального
самоориентирования индивидуума. Выявлены
психологические и социальные индикаторы
личностного и профессионального самоопределения
человека. На основе изученных данных делаются
выводы об этапах развития профессионального
самоопределения студентов при выборе жизненного
пути.
Problems of formation of individual's personal identity
and professional self-orientation are highlighted in an ar-
ticle. Psychological and professional indicators of personal
and professional self-determination are identified. Based
on analyzed data, an author draws conclusions about
stages of self-determination development of students while
choosing the lifeway.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТЕНУІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Студенттердің тұлғалық әлеуметтенуін қалыптастыру
мәселесі психология ғылымының және психология
салаларының күрделі мәселелерінің бірі [1]. Әлеуметтік
қалыптасу әлеуметтенудің маңызды механизмі, адамның
бейімделу ерекшелігімен (әлеуметтік әлемге бірте-бірте
енуі мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың әлеуметтік
ережелерін
меңгеруі) және әлеуметтенуімен
байланысты. Әлеуметтену және тұлғаның әлеуметтік
қалыптасуы жақын түсініктер болғанымен (қоғам мен
тұлғаның өзара әрекеттесуін сипаттайды) әлеуметтену
түсінігі қалыптасу түсінігінен кең әрі ауқ ымды. Жеке
тұлғаны әлеуметтендіру (лат.-sосіаlis - коғамдық)
әлеуметгік құндылықтар мен әлеуметтік нормаларды
меңгеру негізінде жеке тұлғаның қоғамдағы әрекетке
қабілеттілігін қалыптастыру.
"Әлеуметтену" - (латын сөзінен шыққан "socialis" -
қоғамдық) тұлғаның қалыптасу үрдісі, индивидтің тілді
меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар, тәжірибе және т.б.
Э.Дюркгейм әлеуметтену процесін қарастырып, оның
белсенді бастамасы қоғамға тән, сол себепті ол
әлеуметтену субъектісі болады деген. Сондықтан қоғам
адамды "өз үлгісіне салып" қалыптастыруға талпынады.
Т.Парсонстың ойынша, әлеуметтену бала дүниеге келген
қоғам мәдениетіне қатысты болса, ролдерді
қанағаттандырушы қызмет үшін бағыт-бағдар реквизитін
игеру қажет.
Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беруді
дамытудың қазіргі үрдістері қазақстандық қоғам өмірінің
барлық саласында болып жатқан түбегейлі қайта
құрылулармен байланысты. Үздіксіз кәсіптік білім беру
мәселелерін іргелі зерттеу соңғы уақытта түрлі білім беру
жүйесінің әлемдік интеграциясы шеңберінде үлкен
маңызға ие болуда. Әлемдік академиялық кеңістіктегі
үздіксіз кәсіптік білім беру үдерістері еңбек нарығындағы
әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайлармен
ұштас обьективті, субьективті факторларға, білім беру
жүйесіндегі мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру
аспектілерімен, сондай-ақ қоғамның білім беру жүйесінің
жаңа моделін енгізуге деген талаптармен байланысты.
Бүгінгі ҚР-дағы білім мен тәрбие берудің негізгі мақсаты
- Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ету, оны бүкіл
дүниежүзі мойындап онымен тең қарым-қатынас жасау,
патриотизм, Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру,
саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтық ірге тас
қалаудың нәтижесінде экономикалық бостандыққа қол
жеткізу. Осылардың барлығын жан-жақты дамыған,
білімді қолынан іс келетін тұлғалар жүзеге асырады.
Студенттердің тұлғалық әлеуметтенуінің қалыптасуы,
жетілу мен даму үрдістерімен ғана жиі байланысады,
ал тұлғалық әлеуметтенуге бейімделу - қалыптасып
қойған тұлғаның икемделу үрдісімен байланысады.
Тұлғаның әлеуметтік қалыптасу үрдісінің субьективті
бағыттылығын А.М.Ростова "егер әлеуметтену үрдісінде
индивид ең алдымен қоғамның әсер ету обьектісі болса,
ал әлеуметтік бейімделу барысында қарым-қатынас пен
іс-әрекеттің субь ектісі болады" деп көрсеткен.
М.И.Бобнева
әлеуметтену
мен
әлеуметтік-
психологиялық бейімделу үрдісінің өзара тығыз
байланысын былайша сипаттаған: бейімделу процесінде
тұлғаның әлеуметтік ортамен өзара әрекет етуі, тұлғаның
мотивациялық және психикалық құрылымы, кейбір
даралық ерекшеліктері мен психологиялық механизмдері
индивидтің әлеуметтеуі барысында әлеуметтік
жағдайдың әсерімен құрылады.
Студенттердің тұлғалық әлеуметтенуі үшін тұлғаның
қоғамда, нақты бір ұжымда бейімделуі аса маңызды
жағдай. Л.Д.Столяренко тұлға әлеуметтеуінің бірінші
сатысы әлеуметтену немесе бейімделу сатысы деп
көрсетеді. Адамның әлеуметтік бейімделуі жеке
позициясы мен әлеуметтік статусын түсінуін, онымен
байланысты рольдік мінез-құлықтары мен міндеттерді
шешу және жүзеге асыру барысындағы тұлғаның дара
ерекшеліктерін жүзеге асыруды қарастырады [2].
Студенттердің тұлғалық әлеуметтік бейімделуі немесе
55