EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 56

¹ 3-4( 17) 2017 Ïñèõîëîãèÿ
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар-адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жандүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау. Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығын қалыптасты-рудың мәселесін өзекті етуде. Өсіп келе жатқан ұрпақтың қоғамдағы өмірге дайындығымен айналысатын мектептегі психологиялық қызметсіз нәтижелі жұмыс істей алмайды. Орта және арнаулы орта мектептер- бұл болашақ потенциал, біздің мемлекетіміздің даму двигателі.
Көптеген елдерде психологиялық қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындағы психологиялық кызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р. Б. Радионов, И. А. Соколова, З. А. Малькова және т. б. ғалымдар зерттеген. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалаық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды [ 4 ]. Өткен ғасырдың басында Францияда А. Бине жекелік қасиеттерді зерттеу барысында бipнешe мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық кабілетін зерттеу жұмысын жолға койды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүpгiзгeн тәжірибесін қортындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білyi қажет екенін көрсетті. Олар: 1) өз кабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырғын білу; 2) Таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол кызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру кездері туралы толық мағлұмат алу; 3) әр баланың арманы мен мүмкіншіліктерінің бip-бipiнe сай келуін бағалау.
Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет көрсету- балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлесін қосады. Білім беру саласындағы психологиялық кызметтің теориялық тұжырымдамасы отандық психологияның негізі жағдайына сүйенеді. Бұл тұжырымдама белгілі шарттарда барлық сау балалар дамуға қажетті деген болжам жасалған. Егер әрбір баланың білім мен ісәрекеттің түрлі салаларында қажеттіліктерін дамытса ғана білім беру мәнге ие болады.
ХХ ғасырдың аяғынан бастап мектептегі психологиялық қызмет Шығыс Европа елдерінде де қарқынды дами бастады. Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық, қызметтің мақсаты мен мазмұнын аныктау ХІХ-ХХ ғасырдан бастап педалогия ғылымымен байланысты болып келді. Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. 30- шы жылдардың аяғынан бастап практикалық психология дами бастады. Мектеп психологиясының дамуы мына ғалымдардың есімімен байланысты: А. Г. Асмолов, Ю. К. Бабанский, А. А. Бодалев, Б. А. Бяткин, В. В. Давыдов, И. А. Дубровина, Ю. М. Забровин, А. М. Прихожан, Н. Г. Салмина т. б. зертеді.
Кез-келген білім беру мекемесінің мақсаты- баланың ер жетуіне көмек көрсету, оны қоғамда өзбетімен жұмыс істей алуына біртіндеп дайындау. Әрбір ересек адам бұл мағынаны өзінің пәндік бағдарламасына байланысты жүзеге асырады: ойын, сурет салу, математика, әдебиет, тіл, әуен және т. б. Ал психолог бала-бақшаларда, мектепте, интернатта және т. б. жерлерде жұмыс істей отырып, әр жастағы балалармен жұмыс істейді: мектепке дейінгілермен, кіші сынып оқушыларымен, жасөспірімдермен, жоғарғы сынып оқушыларымен. Осының негізінде ол балалардың жастарын статикада емес, динамикада көреді- оның көз алдында балалар өседі, есейеді, онтогенездің бір кезеңінен келесі кезеңіне көшеді [ 5 ]. Бұл өтуге көмектесу- психологтің ең маңызды міндеті. Сондықтан баланың жаңа жас кезеңдеріне ауысуға психологиялық көмек көрсету. Әрбір білім беру мекемесі баланың дамуына әсер ететін өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Білім беру мекемелеріндегі салаларына байланысты( мысалы, ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар мекемелерінде) мектептегі психолог маман жұмысының өзіндік ерекшелігі бар. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық кызмет мынандай бағыттарда ұйымдастырылады:- психодиагностикалық жұмыс;- психопрофилактикалық жұмыс;- психологиялық кеңес беру;- психокоррекция жүргізу;- ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру;
- психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі қызметті насихаттау;- әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету;- педагогикалык ұжымға психологиялық қызмет көрсету. Психолог мамандығы көп қырлы, әр салада қажетті мамандық. Мектептегі психологиялық жұмыстың өзіндік ерекшеліктері бар. Психолог қызметінің құрылымы мен көлемі мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен міндеттеріне байланысты анықталады, ал психолог жұмысының тиімділігі өзара қарым-қатынас пен әрекеттесудің негізінде пайда болады. Оқушылар тұлғасының өзін-өзі шыңдауын қамтамасыз ету үшін және тұлғаға бағдарланған технологияларға көшу үшін олардың( оқушылардың) психологиялық ерекшеліктерін жақсы меңгеру қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Бегалиева Н. Мектептегі психологиялық қызмет // Қазақстан мектебі № 7, 2000, 24-27 б 2. Абдуллина Г. К. Болашақ психологтың кәсіби құзырлығы: оқулық құрал- Семей, 2014- 94 бет 3. Авчарова Р. Практик-психолог в образовании. Москва. 2009. 4. Рогов Е. Настольная книга практического психолога. М.: Владос. 2012. 5. Тутушкина Б. К. Практическая психология. М.: Дидактика плюс. 2000.
54