Ïñèõîëîãèÿ ¹ 3-4( 17) 2017
АБДУЛЛИНА ГУЛЬНАРА КАБДЫШЕИТОВНА
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің аға оқытушысы
ЖУМАХАНОВА БАҚЫТНҰР
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты
Мақала мектептегі психологиялық қызметтің жұмысына арналған. Мақала авторлары мектеп психологының күнделікті функционалдық міндеттері мен қатар қазіргі уақытта психолог алдында тұрған маңызды міндеттерді саралайды.
Статья посвящена вопросам деятельности школьной психологической службы. Авторы статьи рассматривает функциональные обязанности школьного психолога, а также задачи, стоящие перед ним на современном этапе.
The article is devoted to the activities of the school psychological service. The authors consider the functional duties of the school psychologist, as well as the tasks facing him at the present stage.
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
Қазіргі қоғамның жағдайы, өмір жылдамдығының өсуі, ақпарат алмасу көлемінің ұлғаюы, табиғаттағы, қоғамдағы және отбасындағы кризистік құбылыстардың пайда болуы, адамдардың жан күйзелістері психологиялық көмектің қажет екенін анық көрсетіп отыр. Қазіргі кезде көптеген елдерде психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастыру мен психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте маңызды [ 1 ]. Жұмыстың қалыптасқан түрлерін ұйымдастыру мен мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектеп тәжірибелерінде психологиялық қызметтің мақсаты мен мідеттерін анықтаған.
Психологтың кәсіптік міндеті, тәжірибелік этикасы басқа адамға әсер ету деңгейімен анықталады. Психолог маманның ең маңызды әлеуметтік міндеті- басқа адамның дербес бекітілген, қайталанбас бейнесін жасау. Психолог адамның жеке өмірін зерттеп, оған ықпал ете отырып, психологиялық ақпаратты мәліметтер жинау арқылы, сол адам өмірінің маңызды кезеңіне айналады. Бүгінгі күндері тәжірибеде кең қолданылып жүрген психологиялық диагностика, психологиялық коррекция, кеңес, психотерапия сияқты кәсіптік әрекеттің түрлерін психикалық міндеттерге байланысты қолдану адамға әртүрлі әсер етеді.
Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің мақсаты- бала дамуының әр кезендегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Білім беру саласындағы- мектептегі психология ғылымының негізгі мақсаты:
- Этникалық мәдени білім беру кеңістігінде оқу-тәрбие үрдісі үшін психологиялық оң ахуал тудыру;
- Орта білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет жұмысының бағыт-бағдарын анықтау;
- Жеке тұлғаның интеллектуалдық ақыл-қабілетінің дамуын, танымдық құбылыстарын, тәрбиелік деңгейін зерттеу;
- Әр баламен( дарынды, тәрбиесі қиын, денсаулығы төмен, жаңадан келген, өз еркімен қатысушы) жұмыс жүргізу;
- Оқушы, мұғалім, ата-ана және оқушы қарымқатынасын; жаңадан ендірілген пәндер мен таңдаулы курстардың берілу деңгейін; баска пәндермен үйлесімділігін және кері әсерін зерделеу;
- Ұстаздың шығармашылық потенциалын және кәсіптік тұлғалық бағытын, типологиялық ерекшеліктерін, өзінөзі дамыту қабілетін анықтау. Педагогикалық ұжымда, психологиялық ахуал тудыру;
- Ата-аналардың мектептегі оқу-тәрбие үрдісімен психологиялық карым-қатынас байланысын қалыптастыру, нақты мәселелерді шешу барысында жұмыстар жүргізу;
- Топтағы жағымды және конфликтілі позицияны( ұстаушылар, топтан сырттап қалушылар анықталып) сынып жетекшісіне, пән мұғалімдеріне арналған психологиялық кеңес, консилиумдар өткізу [ 2 ]. Осы анықталған міндеттерді орындау және басқа да өміp барысында туған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағытбағдар беріп отырады. Психологиялық қызмет жұмысының мазмұны өзінің бастапқы қалпынан біраз өзгерістерге ұшырады. Қызмет аясы кеңейіп бірнеше бағыттарды қамтитын мүмкіндіктер туғызылды. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі мазмұны мектептің ішкі проблемаларынан туындайды.
Психологтың кәсіби әрекеті мен мамандық тұлғасының ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар бірнеше онжылдықтарда әртүрлі ғылым салаларының, сондайақ психология ғылымы зерттеушілерінің назарын аударды: Қ. А. Абулханова, Л. И. Анцыферова, Л. И. Божович, М. Р. Гинзбург, Б. Г. Ананьев, Е. А. Климов, А. К. Маркова, А. И. Папкин, А. М. Столяренко және т. б. Бүгінгі таңда еңбек етіп жүрген психолог мамандар өз қызметіне, көбінесе, білім берудің дәстүрлі, кейбір ерекшеліктерін пайдалануға ғана даярланады, оның себебі:
- жаңаның барлығы дәстүрлі оқу жүйесінен қалыптасады;- оны іске асыруға уақыттың қажеттігі;- басқаға еліктеп, жаңаша оқытудың мәнін түсінбеуден. Психолог маманның еңбегі- шығармашылық еңбек. Өйткені бұл еңбек маманнан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңа педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді. Әрқашанда өз кәсіби шеберлігін арттыруы қажет. Үздіксіз іздену- бүгінгі психолог мамандарына қойылатын басты талаптардың бірі [ 3 ].
53