¹ 3-4( 17) 2017 Ïñèõîëîãèÿ
- тәндік-табиғи әлем жаратылыстану- ғылыми тәсілдер арқылы зерттелінсе, психикалық әлем- психологиялық әдістер арқылы, рухани әлем рухани- ғылыми тәсілдер көмегімен қарастырылады [ 4 ]. Психотехникалық әдіс-тәсілдер аталған үш әлемнің әрқайсысына әсер ете отырып, әрбіреуіне қажетті сәйкес тәсілдерін пайдаланады. Интенсивті интегративті психотехниканың векторы- адамның психикасы мен тәнін психикалық әлем арқылы емдеу. Шарттарға сәйкес маманның алдына қойылған міндеттеріне байланысты интенсивті интегративті психотехникалық барлық әдіс тәсілдерді мынандай типтерге бөлеміз:
- релаксациялық- адамның психикасын салыстырмалы түрде тепе- теңдік қалыпқа әкелуші;
- нақты мақсатқа бағдарланған- белгілі симптомды( себеп-салдарды) қалыпқа келтіруге бағытталған;
- тұлғаға бағдарланған- жеке тұлғаның терең өзгерістеріне бағытталған.
Интенсивті интегративті психологиялық көмек көрсетудіңқұрылымы әртүрлі және әрбіреуіне белгілі бір мақсаттары мен құрылымдары сәйкес келетін бөлекбөлек кезеңдерден( фазалардан) тұрады. Интенсивті интегративтіпсихологиялық көмек көрсету үрдісінің фазаларына жататындар: қарым-қатынасты орнату мен мақсаттарды түсіндіру, психологиялық көмек көрсету меншараларды қолдануды үйрету, интенсивті интегративті психологиялық көмек көрсетудің басталуы мен аяқталуын дұрыс бағалау. Әрбір фазаның өзіне сәйкес мақсаттары бар:
- қарым-қатынасты орнату мен мақсаттарды түсіндіруфазасының мақсаттары: диагноз қою; психологиялық көмек көрсету әдістерін таңдау; қажетті жағдайда медициналық тексеруден өткізу; ақпаратталған келісім.
- психологиялық көмек көрсету меншараларды қолдануды үйрету мыналарға бағытталған: рөлдік құрылымдау; жағымды өзгерістерді қалыптастыру; қажетті жағдайда этиологиясын( себептерін) түсіндіру.
- интенсивті интегративті психологиялық көмек көрсетудің басталуы мен аяқталуын дұрыс бағалауфазасының мақсаттары: қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеру; әрекет- қылық мотивтеріне талдау жасау; " мен " образын қайта құрылымдау.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Таланов В. Л., Малкина-Пых И. Г. Справочник практического психолога- СПб.: Сова. М. 2002. 2. Селье Г. Стресс без дистресса. М.. Прогресс, 1979. 124 с. 3. Козлов В. В. Работа с кризисной личностью: Методическое пособие- 2-е изд., доп.- М.: Психотерапия, 2012.- 336 с. 4. Нардонэ Дж., Вацлавик П. Искусство быстрых изменений: Краткосрочная стратегическая терапия: Пер. с ит.- М.: Изд-во Института психотерапии, 2009.- 192 с.
52