EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 53

Ïñèõîëîãèÿ қан қысымының артуы; қанттың көбеюі; ауыздың құрғауы; тыныс алудың қиындауы, аяқ-қолдың сууы және т.б.). Психология ғылымының әдіснамалық негізінде дәстүрлі (қалыптасқан немесе академиялық) бағытжәне жаңа психологиялық ағымдар, мектептер, ойлар арасында психологиялық мәселелерді қарастыруда қарама-қайшылықтар бар. Дәстүрлі академиялық бағыт әлеуметтік және биологиялық детерминизм (адам белсенділігінің байланыстылық себептері заңдылығын) мен ғылыми материализмнің позитивті парадигмаларына сүйенеді. Ал жаңа бағыттар мен мектептердің, әсіресе, қолданбалы бағыттардың әдіснамалық негіздері жок. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар адам психикасын зерттеуде интегративті психологиялық қөмек көрсету бағытын тиімді деп қарастыруда. Интегративті бағыт психологиялық жұмыста тұлғаның ресурстық мүмкіндіктеріне қарай қажетті психологиялық техникалар спектр ін тәжірибелік әдістер арқылы қолдануды ұсынады [3]. Дағдарыс мәселелеріне байланысты жүргізілетін интегративті бағыттың методологиясы мынандай қағидаларға негізделеді: - тұтастық, - генетикалық, - өзара байланыстылық, - позитивтілік, - тікелей байланыстылық, - мүмкінділік, - ақиқаттың көпдеңгейлілігі. Интенсивті интегративті психотехника (ИИПТ) 90-шы жылдардың басында Россияда әлеуметтік және жеке адам тұлғасы арасындағы көптеген проблемаларға байланысты қалыптасқан. Интенсивті интегративті психотехника тұтас психиканың төмендегі жүйелеріне әсер етеді: - Физикалық және психикалық жүйе:стресс және стрессогендік жағдайлардан пайда болған самотикалық ауруларды реттеуге; өзін-өзі реттеудің психо- физиологиясы; - Психикалық: психикалық дағдарыстарды қалыпқа келтіруге, тұлғааралық және дербестік проблемларды реттеуге және өзін-өзі өзгертуге; - Тұлғаның әлеуметтік-психикалықпроблемаларын шешуге: әлеуметтік интеграция мен коммуникация проблемасын, "жоғалту" дағдарыс тәжірибесін интеграциялау, әлеуметтік бейімдеу. - Өзін-өзі өзектендіру проблемасын қалыпқа келтіру:тұлғаның еркіндік таңдауын кеңейту; ішкі, витальдық, интеллектуалдық және эмоционалдық ресурстарын ашу және т.б. - Тұлғаның "трансцендированиялық" (транс жағдайына ену) қажеттілігін қанағаттандыру: тұлғаның психикалық- рухани өлшемдерін табу; адамның тіршілік мәні мен мағынасы жайлы негізгі сұрақтарына жауаптарды анықтау. Интегративті психологияның әдістері мынандай үштік ынтымақтан тұрады: - психикалықтың теориялық зерттелу сипаты, - психикалық нақтылық феноменінің зерттеу әдіс- тәсілдері, - кәсіптік психологиялық, психотехник алық, практикалық ықпал ету мен субьектпен өзара іс-шара әдістері. Адам психикасы көпдеңгейлі әрі күрделі жүйе; өзінің тұлғалық құрылымдық формасында дербес биографиялық тәжірибе, сананың шексіз мүмкіндіктері, кеңістік, уақыт және байланыстар бар. Кез-келген тұлғаның негізі - әлеуметтік "МЕН"-і. Сана мен тіршілік бір бағытта тұлғаның үш жаһандық құрылымдарын сақтауға бағытталғанда тұлға мен орта, қоғам, әлеумет, ұжым арасында қалыпты баланс және үйлесімділік (гармония) болады.Тұлғаның ішкі идеясының үйлесімділігі мен әлеуметтік ортақтастығы "эго" идентификациясындағы: "Рухани-МЕН", "Материалистік- МЕН" және "Әлеуметтік-МЕН" үштік бірлестікпен түсіндіріледі. ¹3-4 (17) 2017 Үштік бірлестіктеріндегі идеялар балансы өте маңызды. Осы үштік бірлестік арқасында тұлға балансты ұстай алуымен қатар, ішкі гармониясы мен әлеуметтік жағдайы табысты болады. Енді "МЕН" құрылымдарының арақатынас байланыстарын қарастырайық Егер "МЕН" құрылымында сана "Материалистік-МЕН" - ге бағытталса: денені жаулау; әлемді нақты заттармен жаулау; кеңістікті заттық элементтерімен немесе ақша эквиваленттерімен толтыру және тұлғаның жинақтау, меңгеру және нарықтық бағдары байқалады. Ал санасы заттар әлемін жаулау мен заттарға тәуелді болады. Егер "МЕН" құрылымында сана "Әлеуметтік-МЕН" - ге бағытталса: санасы карь ералық өсуге, билеу мен басшы болуға бағытталған. Барлық энергиясын басқалар үшін маңызда болуға бағыттайды және басқалардың өзіне деген көзқарасына тәуелді. Өзіндік бағалауы мен өзін-өзі бекітуі тұлғаның интерпсихикалық көзқарасына байланысты. Өзін жақсы сезінуі біреудің мақтағанына, көңіліне тәуелді. Қоғамдық парызын орындау барысында көптің зейіні мен көңіл аударғанын қалайды. Ал "Рухани-МЕН" санасы өте сирек кездесетін ж ағдай. Әлемдік діндер мен рухани дәстүрлерді жасаушылар: Ахмет Яссауи, Абай, Лао- цзы, Будда, Христос және т.б. мысал бола алады. "Рухани-МЕН" - ге бағытталған тұлғаның санасы білім алу мен рухани құндылықтарға, шығармашылыққа бағытталған. Оларды заттар мен байлықтар, материалдық тіршіліктер қызықтырмайды. Аталған үш құрылым бір-бірімен тығыз байланыста. Әлеуметтік "МЕН"рухани "МЕН" - ге тәуелді және байланысты. Сондайақ әлеуметтік "МЕН" материалистік "МЕН" -ге тәуелді және байланысты бола алады немесе болуы мүмкін. Бұлар бірін-бірі толықтырып, тікелей байланыста болады. Адам өзінің идентификациялық кеңістіктерін жасерекшеліктеріне байланысты өзгертіп отырады. Негізгі мақсат олармен бірге өмір сүру. Көптеген мәдени-әлеуметтік кезеңдерде, өмірдің өтпелі сәттерінде, бір статустық жағдайлардан екіншілеріне өтуде қоғам мүшелерінде дағдарыстар туындаған. Дағдарыстар тұлғаны тіршіліктің тылсым жағдайлары жайлы уайымдау мен қайғыруларға әкеледі. Дағдарыс индивидтің жаңа әлдеқайда сапалы деңгейлерге ауысуы, нығаюы мен маңызды ұстанымдарды басшылық етуі. Дағдарыстық жағдайлар адамның тереңінен толық қалыптаспаған барлық сыртқы жағдайларының айқындалуы. Сыртқы жағдайлардың барлығы кризис үрдісінде айқындалады және адам оның көріністерін түсіне бастайды. Адам сыртқыдан құтылып, таза экзистенционалды тіршілік санасын терең ұғынып, санасы тазарады. Адамның дағдарыстық, психикалық мәселелерін талд ауд а б ір ін-бірі өзара анық тап , тол ықт ыр ып отыратын үш әлем мен үш тәсілдің маңызы ерекше: 51