¹ 3-4( 17) 2017
Ïñèõîëîãèÿ
Мақала белсенді кәсіби қызметпен айналысатын адамдар үшін күнделікті қажу мен дағдарыстарды еңсеру жолдары туралы баяндайды. Дағдарысты еңсерудің түрлі тәсілдері сипатталып, олардың тұлғаның өмірге деген қатынасын нығайтудағы рөлі қарастырылған.
АБДУЛЛИНА ГУЛЬНАРА КАБДЫШЕИТОВНА
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің аға оқытушысы
Статья посвящена изучению проблемы активного преодоления повседневных стрессовых ситуаций у людей, занимающихся активной профессиональной деятельность. Показаны различные поведенческие стратегии преодоления стресса с точки зрения активности личности и их связь с жизнестойкостью.
The article is devoted to the active overcoming of everyday stress by humans, who on an active professional activity. Different behavioral coping strategies are shown in terms of personal activity and their relationship with vitality.
ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ИНТЕНСИВТІ ИНТЕГРАТИВТІ ПСИХОТЕХНИКАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ғылыми-техникалық прогресс неғұрлым дамып жетілген сайын, дағдарыс жағдайлары мен психикалық проблемалар да көбеюде. Өмір сүру, тіршілік мәселелері күрделенген сайын психология ғылымы саласында да зерттеу мәселелері де күрделенуде, әсіресе, дағдарыс мәселесі. Қазіргі кезде медицина, психология, әлеуметтану, саясаттану және т. б. ғылымдарды біріктіретін мәселе " дағдарыс ". Дағдарыстың өзекті болуы қоғам дамуындағы әлеуметтік жағдайлар мен жалпы адами, қоғамдық факторлармен байланысты. Жалпы адами факторларға: әлемдегі антропогендік катастрофалар мен " соғыс-сойқындар ", күнделікті өмірдегі( әсіресе, ақпараттар арқылы) қатыгездік, зорлық, қинау, табиғи катаклизмалар( су тасқыны, жер сілкінісі, климаттық өзгерістер), психогендік( соғыс әрекеттері, бомба жарылыс, терроризм, криминалдық жағдайлар) және т. б. Дағдарыс жағдайларының себептерімен байланысты туындайтын төмендегі мәселелерді ғалымдар жан-жақты зерттеуде:
- Әртүрлі дағдарыстар негізіндегі субьективті уайымдар;
- Дағдарыс жағдайларды диагностикалауға мүмкіндік беретін симптомдар;
- Арнайы терапевтік( медикаментозды), психотерапиялық, психикалық көмек көрсету.
Дағдарыс немесе кризис гректің " krisis "- " шешім ", " бұрылыс орны ", " өзгеріс орны " деген мағынаны білдір еді [ 1 ]. Дағ дарыс дегеніміз жеке тұ лғаның немес е топтың қалы птасқан рес ур стары ны ң көмегімен шешілмейтін, өмірлік жолдағы табиғи( жас кезеңдік және экзистенционалды) және жасанды( антропогенді, техногенді, социогенді) кедергілер. Тұлғалық дағдарыс- субьектінің қалыпты өмір ағынындағы кедергілерден пайда болатын, негізгі тір шіл ік ету құнды л ықтар ыны ң( ө мірлік, мінезқылықтық негізгі мотивацияларының) жоғалуымен айқындалатын, тұлғаның максималды дезинтеграциялық( ішкі- психикалық деңгейдегі) және дезадаптициялық психикалық жағдайы. Тұлғалық дағдарыс ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі дағдарыс- жаскезеңдік, өмірлік және экзистенциалды( адамның табиғи дамуы дағдарыс себебі болуы). Сыртқы дағдарыс- стрессор ретіндегі
сыртқы жарақаттық жағдайлар: экстремальды, тіршілікке қауіпті жағдайлардан психикаға әсері және нәтижесіндегі жарақат, стресс, стрестен кейінгі жарақат( посттравматическиий стресс- ПТСР).
Дағдарыстық( кризистік) жағдай тұлғаның дағдарыстық уақыттағы кезеңі. Дағдарыстық( кризисная личность) тұлға- дағдарыстан кейінгі жағымсыз дезинтеграциялық, девиантты және делинквентті мінез-құлықтық, жүйкелікпсихикалық немесе психосоматикалық бұзылулардың, әлеуметтік ортаға бейімделе алмаудың тасымалдаушысы ретіндегі субьект. Дағдарыстық жағдайлардың шығуы мен туындауы мынандай себептерге байланысты:
- стрестік жағдайлар: әртүрлі деңгейлеріне қарай, өте күрделі жағдайларға дейінгі әсерлерден туатын стресс реакциялар( шок әсерінен туатын психикалық жарақат);- бір жас кезеңінен екіншісіне өту( жаскезеңдік);- тұлғалық жаңа өзгерістер кезеңіне өту
( экзистенционалды дағдарыс). Кез-келген адам өміріндегі дағдарыс жағдай- адам өміріндегі стресс. Сондықтан адам тіршілігінің барлық құрылымына әсер етеді. Стрестің әсеріне қарай симптомдары бар [ 2 ]. Стрестік ықпалдардың мынандай аспектілері бар:
-тұлғалық( үрей, агрессия, депрессивті жағдай, апатия, кінәлі сезім, жалғыздық, ұялу, дел-сал болу, қозудың жоғарлауы, күйзелу, өзіндік бағалаудың төмендеуі, т. б.);
- мінез-құл ықты қ( ж арақат алу; тәуелділ ік: нашақорлық, ішімдік, құмар ойындар; эмоциялық ұстамсыздық; ас қортудың, ұйқының, сөздің бұзылуы; импульсивті мінез-құлық; аяқасты денедегі тремор; т. б.);
- денсаулық( көптеген психосоматикалық аурулардың: өкпе демікпесі, аменорея, жүректің ишемиялық, асқазанішек ауруы, гипертония, қант диабеті; үнемі арқа мен кеуде тұстарындағы этиологиясы анықталмаған жағымсыз жағдайлар; бас айналуы мен талып қалу; ұйқысыздық; бас ауруы және т. б. дамуы);
- когинтивті аффектілер( шешім қабылдай алмау, зейінін тұрақтандыра алмау, есте сақтаудың нашарлауы, айтылған сындарға өте жоғарғы сезімталдылық, ақылой тежелуі);
- физиологиялық аспектілері( зәрі мен қандағыкатехоламиндер мен кортикостероидтардың,
50