Ýäåáèåòòàíó
әшкерелейді. Ал төртінші қара сөзінде надан адамның қылығына күлсең рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, оның өзі қайғы, жақсы жанның қылығына күлсең рахаттанып, жақсыдан ғибрат алдым деп күл дейді. Бесінші қара сөзінде қазақтың кейбір мақалдарын сынайды. " Ер азығы мен бөрі азығы жолда ", " Түстік өмірің болса, күндік мал жина ", " Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық " сияқты мақалдардан қазақтардың қайғысы малда екен, бірақ олар мал үшін қам жемейді, малды қалай табуды білмейді деген қорытынды жасайды. Алтыншы қара сөзде Абай қазақтың " Өнер алды- бірлік, ырыс алды- тірлік " деген мақалы төңірегінде философиялық мәнде ой өрбіткен. " Ақын ақыл бірлігі не дегенге тегін тоқталмаған. Оның көп қырлары бар. Мысалы, ақылға салып ел қамын ойлау- нағыз бірлік. Тірлік туралы ақын философиясы таза прагматизмге( мал табуға) ғана емес, адам бойындағы парасаттылыққа бастайды. Ар, намыс, ұжданды сатып тірлік етуді Абай сынға алған ",- дейді академик Ғ. Есім [ 4, 308-б.].
Абайдың жетінші қара сөзінде философиялық ойлар, дүниеге көзқарасын білдіретін ғылыми пікірлер айтылады. Сонымен қатар " жас баланың да анадан туғанда екі түрлі мінезбен: ішсем, жесем, ұйықтасам және білсем, көрсем, үйренсем екен " деп туатынын айта келіп, адамдарды соңғысына шақырады. Сегізінші қара сөзінде " Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары, жақыны- бәрі мал " [ 5, 23-б.] болған топас, надан байлар мен би-болыстардың " ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы " жоқ екенін Абай жақсы түсініп, өзінің ғылымға, өнерге, еңбекке шақырған ағартушылық пікірлерін, үгіт-насихаттарын халық бұқарасына арнады. Тоғызыншы қара сөзінде туған халқы үшін жаны ауырған, елінің болашағын ойлап күндіз-түні аһ ұрған адам халқының бойындағы кемшіліктерді көрсе де көрмегендей кейіп көрсете алмады. Халқына, оның ұсақтүйек тіршілігіне налып, қапа болған Абай: " Мен өзім тірі болсам да анық тірі де емеспін " [ 5, 25-б.],- дейді.
Оныншы қара сөзінде өмірдің мәні, бала мен әкенің арасындағы қарым-қатынас, болашақ туралы ой айтылады. Ақын бұл қара сөзде әке мен бала арасы былай болуы керек деген ерекше қағида ұсынып отырған жоқ. Ол өмірде міндетті түрде орын алатын ұрпақтар арасындағы әңгіме өрісі, жеке бастың жауапкершілігі туралы мәселе қозғаған. Он бірінші қара сөзінде ұрлық пен бұзақылықтан тыйылып дұрыс жолға жүруді меңзеп көрсетеді. Абай сол кездің шындығын қаз қалпында баяндап, үстем тап емес, езілген таптың мұңын жырлап, халық жағында қалады.
Ақынның он екінші, он үшінші қара сөздерінде құдайға құлшылық етудің мәнін айтып, иман туралы сөз етіледі. Абай мұсылманшылықтың діндік үгітін айта отырып, адамгершілік өсиеттерді жеткізбек болады. Адамды адамгершілік биік сатыға көтереді дейді.
Он төртінші қара сөзінде Абай адамның ақылдың сөзін ұғып аларлық қасиетін, жігер-қайратын өте жоғ ары бағалайд ы. Халықтың азып жүргені ақылсы здығ ынан емес, ақылд ының сөзін тыңдамағандығынан. Елдің азып-тозып бара жатқанын сезген Абай содан шығудың жолы- халық түсінігінің өзгеруі деген тоқтамға келген.
Он бесінші қара сөзінде ақылды кісі мен ақылсыз кісінің нендей айырмашылығы бар, ақылды, есті кісі не істеп, не қоюы керек, соған тоқталады. Есті кісілер мен есер кісілердің мінезін, қылығын көрегендікпен сипаттап береді. " Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не
¹ 3-4( 17) 2017
ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?" [ 5, 36-б.]- дейді Абай.
Абайдың он алтыншы қара сөзі барлығы сегіз сөйлемнен тұратын, өте қысқа мәтін. Қазақтың құдайға құлшылығы, қазақтың дін мәселесіне немқұрайлы қарағандығы айтылады. Әр нәрсеге жүрдім-бардым қарайтын, бірақ арғы ниеті түзу қазақ құдайға құлшылығым өзіне лайық болса екен деп қам жемейді, әйтеуір жұрт қатарлы жығылып-тұрып жүрсек болғаны деп ойлайды. Абайдың он жетінші қара сөзінде қайрат, ақыл, жүрек және ғылым туралы ойлары таратылған. Үшеуі де өнерлерін айтып бір-бірімен айтысады. Академик Ғ. Есім: " Бұл сөздің бір ерекшелігі- қайрат, ақыл, жүрек, ғылым объективтік идея формасында баяндалған. Мұндай тәсіл Платонға да тән. Қайрат, ақыл, жүрек және ғылымды жеке-жеке субстанция ретінде қарастыру- Шығыс философиясында қалыптасқан дәстүр. Сондықтан бұл сөздердің мәнін Батыс философиясынан іздеудің еш қажеті жоқ. Бұл- ислам дүниетанымындағы гносеологиялық ізденістердің көрінісі ",- деп ой түйіндейді [ 4, 324-б.].
Ақын он сегізінші қара сөзінде таза киініп, дұрыс жүруді құп ала отырып, әсіре кербездікті сынға алған. Абай он тоғызыншы қара сөзінде адам туғаннан есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, сондай білгені, көргені көп адам есті, білімді болады дейді. Білмегенді үйрену қорлық емес, қайта жалықпай іздену керек және естілердің айтқан сөздерін ұғып, ескеріп жүрген кісінің өзі де есті болатынын айтады.
Абай жиырмасыншы қара сөзінде адамның бір жаман қасиеті жалығу екенін айтады. " Жалығу деген әр нені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын- бәрінің баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады " [ 5, 43- б.],- дейді. Адам кешке дейін жалығып жұмыс істемей жата берсе, оның барар жолы да белгілі, ол жалығып, еріншектікке, жалғаулыққа одан әрі қанағатсыздыққа апарады. Осындай жаман тән қасиетін адам бойынан қалай құрту керек. Бірақ осы жалығу кімнен шығады. Бірін ұстап, көрген, білген, ойлыдан шығады. Адамның қуаты бірдей емес, бірінде жалығады, бірде ерінеді. Сондықтан өмірде өз орнын тауып тіршілікті қадірлей білу, оның мән- мағынасын терең тану қажет деп біледі.
Ақын жиырма бірінші қара сөзінде ауылдағы құр кеуде мен ұлықтардың арамзалық, жауыздық іс-әрекеттерін, білімсіз қауымның жалған мақтанын, ұрлық-қулығын әшкерелейді. Жиырма екінші қара сөзінде Абай: " Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлейін деп ойладым " деп қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымын ашып берген, кімнің кім екенін айтқан.
Абай жиырма үшінші қара сөзінде күнделікті тіршіліктен бұлтартпас уәждер келтіреді. Егер жүз ат бәйгеге қосылса, сенің атың соңынан оныншы болып келсе, он аттан озып шықтым деген де қуаныш па? Немесе, ғылым көпке келе ме, мыңның бірі ғалым бола алады, бұл жерде көппен көрген ұлы той деген мақалдың мәні кетеді. Бір үйдің іші түгел ауырса, көппен көрген нәрсе деп қуану қажет пе екен? деп қазақта қуаныш пен жұбаныш жайын аса ащы сатирамен, алуан түрлі салыстырулармен, нақыл сөз үлгісінде өзгеше тапқырлық, шешендік тауып, өрнектеп жеткізеді.
Жиырма төртінші қара сөзінде халқының тұрмысын ойлап, оның болашағына көз жіберіп қапа болады. " Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?" [ 5, 50-б.]- деп жүз адамның соңынан екі жүз кісінің пәле іздеп жүргенін айтып, осылай бола берсе қазақтардың бірін-бірі құртып тынатынын жеткізеді. Есті, мықты дегендер болыс, би болсам дейді. Ел қамын жеген ер де жоқ деп ақынның қапа болуы сондықтан.
47