EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 50

¹ 3-4( 17) 2017
Жи ырма бес інш і қар а с өзінд е қазақ хал қынан қадірлі азамат, қауымға пайдалы қайраткер шығару үшін орыс оқуының ерекше бағасын қадірлеп айтады. Оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын дейді. Абайдың жиырма алтыншы қара сөзінде: " Біреуді ызаландырмақ- шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп, қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?" [ 5, 54-б.]- делінеді. Мұнда Абай әлденеге балаша мәз болып, ессіз қуанғандықты сынға алады. Бұл мәселеге адамшылық тұрғысынан қарайды. Ақынның жиырма жетінші қара сөзі трактат үлгісіне ұқсайды. Терең ойлылығы жағынан жақын болып, түрі жағынан біраз алшақ болып ақынның отыз сегізінші қара сөзіне де келеді. Бұл қара сөздерді өсиет ретіндегі диалог-кеңес сөз үлгісіне, сұхбат формасына жатқызуға болады.
Абай жиырма сегізінші сөзінде: " Жақсылық, жамандықты жаратқан құдай, ләкин қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес " [ 5, 54-б.],- дейді. Абай адамның еркін байлап тастаушылықты Алла әмірі демейді. Алла пенделерін жаратқанда оларға ерік берген. Оны пенделер әрқилы пайдаланған.
Жиырма тоғызыншы қара сөзінде мақалдың бір емес, бірнеше мағынада айтылуы, қолданылуы мүмкін екенін айқын түсіндіреді. Абай кейбір мақалдарды мағынасы теріс деп сынап, оларды білместікпен айтылған сөздер деп санайды. Абай отызыншы қара сөзінде мақтаншақ кісі тек осындай ретпен мақтанады деп жай баяндап отырған жоқ, оны көркемдеп, әсірелеп, бейнелеп, сурет жасап отыр. Ол көп жерде образды сөздерді мол қолданып, әсірелеуге де әуестенеді. Айқын салыстыру, шендестіруді орынды қолдана отырып, терең толғанады. Абай отыз бірінші қара сөзінде адам білгенін, ұққанын ұмытпай ойына қалай тоқып алу керек екенін былай жеткізеді: " Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екіншісі, сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек. Үшінші, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайталап ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек; егер ой кез болып қалса салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы, күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді, бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер " [ 5, 67-б.]. Отыз екінші қара сөзінде адам көрсе қызарлық, салғырттық, ойын-күлкішілдік секілді жаман мінездерге бой алдырса, естігенін есінде сақтай алмайтынын, алған білімді, үйренген ғылымды пайдалы іске жарыта алмайтынын айтады. Отыз үшінші қара сөзінде кәсіп пен еңбекке қатысты адамды аздыратын салтты баяндайды. Бұрынғының адамдарының мінезін сөз етеді.
Абай өзінің отыз төртінші қара сөзінде " Адам баласына адам баласының бәрі- дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде- тууың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей, ахиретке қарай- өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың- бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көз алартыспақ лайық па?" [ 5, 74-б.]- дейді. Бұл қара сөзде өмір мен өлім философиясы туралы айтылады. Адамға бұл дүниеге қонақ екенін сезінуі, өзінің мәңгілік еместігін ұғынуы, сондықтан " бес күндік " ғұмыр үшін адамдар
Ýäåáèåòòàíó
бір-бірімен қырқыспай, игі істер жасауға дағдылануы керек. Отыз бесінші, отыз алтыншы қара сөздерінде Абай қазақтың дін жолының езіндегі өрескел мінді мінездерді шенейді. Пайғамдар өсиетін айта отырса да, өзінің сыни талаптарын айқын атап отырады. Сөйтіп айқын діншілдік үгіт сияқтанып басталған сөз ақынның өз ұғымындағы үлкен моральдық философияның тәрбиелік талаптарына келіп қосылады.
Абай отыз жетінші қара сөзінде " Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық; Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық, " Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол " [ 5, 79-б.],- деп тұспал сөзбен ақыл айтып, тұжырымды ой беріп, әдебиетте тұспал мәтел сөз формасын дамытты. Отыз сегізінші қара сөзінде имандылық, алланың хикмәті жайлы мәселелерді сөз қалады. Құдайға сенуді Абай адамгершілік идеяларымен тығыз байланыстырып айтады.
Ақынның отыз тоғызыншы қара сөзінде ұлттық мінез туралы терең ойлар айтылған. Ақынның қазақ халқының жөні түзу мақалдарын елдік қасиет ретінде қадірлейтінін көреміз.
" Абайдың 40-сөзі бастан-аяқ тосын, ойда жоқ, сырт қарағанда тіпті оғаш сияқты көрінетін, бірақ зейін салып, жете ойланса, айрықша өткір пікірді білдіретін, тізбектеліп бірінен кейін бірі келіп отыратын сұрақтардан құралған ",- дейді абайтанушы, академик З. Ахметов [ 6, 243-б.].
Ел мінезіне қатысты қырық бірінші сөзде Абайдың көп өсиет-сын өлеңдерімен ұштасатын жайттар қайта қозғалады. " Елді тағылым-тәрбие түзер еді, ол жоқ " деген ой туады.
Қырық екінші қара сөзі халықтың басына түскен, қоғам ішіндегі ауыртпалықтың бәрін теріп көрсететін жұмыссыздыққа арналады. " Еңбексіз жатып ішу, қолы ұдайы бос болу- жеке адамның басындағы және бар қауымдағы кеселдің үлкен себепшісі " деген дұрыс ойлар айтылады. Абай қырық үшінші сөзінде " Кім де кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол- көп жиғаны бар адам; сынап орындысын, орынсызын- бәрін де бағанағы жиған нәрселерден есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харекетке түсінген адамды ақылды дейміз ",- [ 5, 115-б.] дей келіп, одан ары пікірін ширатып, тереңдете түседі.
Қырық төртінші қара сөзінде " адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір " бәрекелдіні " керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, " бәрекелді " деушіні көңіл іздеп тұрады " деп адам баласының әлсіз тұсын айтады. Дана Абайдың ұлылығы сол- жеке адамға қатысты өте нәзік, шетін қасиеттерді талдай отырып, ұлттық мінезден де осы қасиеттердің көрініс алатындығын аңғартады.
Қырық бесінші сөзін: "... Адамшылықтың алды- махаббат, әділет сезімі. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол- Жаратқан Тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат сезімі бар. Бұл әділет, махаббат сезімдері кімде көбірек болса, ол кісі- ғалым, сол ақылды. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп " [ 5, 121-б.],- деп сарапқа салады. Абайдың түсіндіруінше, адамды жаратушы- Алла тағала. Адамның адамгершілік қасиеті мен ақыл-парасаты оның Аллаға деген сүйіспеншілік сезімінен байқалады. Алланы мойындап, оның хикметін сезіну адамның өзін-өзі танып-білуінің қайнар көзі болып табылады.
Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен
48