EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 48

¹ 3-4( 17) 2017
Ýäåáèåòòàíó
Мақала Абай Құнанбайұлының " Қара сөздеріндегі " философиялықағартушылық ойларына арналған. Автор ақынның қара сөздерін талдау келе, оның жеткізгісі келген негізгі идеяларына түсініктеме береді.
Статья посвящена просветительско-философским Абая Кунанбаева, отраженным в его " Қара сөздер "( Слова назидания). Автор статьи анализирует тексты слов назиданий и разъясняет основные идеи, которые хотел передать автор.
ТҮРІКПЕНОВА АЙГҮЛ ЖҰМАНҚЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
The article is devoted to the enlightening and philosophical ideas of Abai Kunanbayev, reflected in his " Kara Sozder "( Words of edification). The author of the article analyzes the texts of the words of edification and explains the main ideas that the author wanted to convey.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР

Абай халықтың жоғын жастанып, кемел жолға бастар жолды іздеді. Сол жолда аянбай тер төгіп, өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнеледі. Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Ұлы Абайды " ұлы " деп тек оның поэзиясы-өлеңдері ғана емес " Қара сөздер " атты прозалық шығармалары да танытады.
" 1890 жылдардан бастап, ұстаздық, үгітшілік жолына түскен соң, Абай өлеңді аз жазса да, " Қара сөзбен " айтатын өсиетті көп жазады. " Ғақлия " деген өсиеттері сол 1890 жыл мен 1898 жылдардың арасында жазылған. 1891 жылдан соң өлеңмен айтпақ болған сөздерінің талайын қара сөз үгітіне айналдырып жіберген. Кей уақыттарда сол қара сөзде айтқан пікірлерінен шығарып өлең қылып кеткені де бар. Қалайда соңғы 10-15 жыл ішінде Абай осы сияқты жаңа жанрды тауып, соған кейде өлеңнен де көп уақыт бөледі " [ 1, 364-б.].
Абайдың қара сөздері- ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.
Ұлы жазушы М. Әуезов: " Жалпы алғанда, Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны боп қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған ертегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді " [ 2, 210-б.],- дейді.
" Ақынның ағартушылық идеясына байланысты әр алуан ойларынан туған үгіт-насихат, нақыл сөздер болып келеді. Жанрлық жағынан алып қарағанда адамдарға ақыл-өнеге берер ғылыми-философиялық шолулары бар публицистикалық эссе сияқты. Тақырып, идея жақтарынан алып қарағанда бұл қара сөздер ақынның өлеңдеріндегі пікірлердің жалғасы тәрізді. Ақын өлең арқылы толық жеткізіп бере алмаған пікірлерін осы қара
сөздері арқылы айтқанға ұқсайды ",- дейді академик З. Қабдолов [ 3, 37-б.].
Абайдың қара сөздерінің құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Ақынның қара сөздері көлемі жағынан шағын, мазмұны бай, сөзге сараң, мағынасы терең болып ерекшеленеді. Қара сөздердің тәрбиелік мәні зор, білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген іс-әрекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді. Абай бірінші қара сөзінде жер ортасы жасқа( 45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. Өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді. Жазуға қалай кіріскені туралы айтылады. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Абай екінші қара сөзінде халықтарды салыстырады. Бізге ғибрат ету үшін Еуропа асып, Батыс шарламай, өзіміз күнде көріп, аралас-құралас болып жүрген көрші елдерімізді " тәжік, сарт " деп өзбектерді, ноғайларды, орыстарды алады. Еңбек сүйген ел атаулының бәрі де қазақтай еңбексіздікке мол салынған және сол еңбекті өнеркәсіпке, күндегі тірлікте көрші елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына үлгі берерлік, артық елдер болып бағаланады. Мұнымен өзге елдердің бәрі керемет, қазақ қана артта қалып қойған дегенді меңземейді. Туған халқына жаны ашып, басыңды көтер, еңсеңді тік ұста көзіңді аш дейді.
Абай үшінші қара сөзін билік мәселесіне арнаған. Қазақ жайын жақсы білген адамдар: " Би екеу болса, дау төртеу болмақ ",- деп айтыпты дейді Абай. Абай қазақ сахарасын билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді. Сол күндегі ел тірлігінің қайшылық, ауыртпалықтарын молайтып отырған патшалық аппараты туралы да ой қозғайды. Болыс атаулының елге сор болатын, тынымсыз сойқанды мінездерін
46