¹ 3-4( 17) 2017
Әбден толып жарық ай, Жоғарылап өрледі. Таласып жарға байқамай, Нұры кемін көрмеді. Жар киесі атқан соң, Секпіл түсті бетіне. Асылық айтып шатқан соң, Қаяу түсті шетіне [ 3, 45 б.]
Айдың бетіндегі таңбаларды адам бетіндегі секпілі сияқты елестетесің. Немесе ақын " қармақтай белі бүгіліп " деп әдемі образ жасайды Табиғатты адам образында бейнелеу көнеден келе жатқан дәстүр. Бұл Абайда да өзіндік жаңа қырынан көрінді. Ал, Шәкәрім өлеңдерінің мазмұндық жағы, айтар ойы, талғамы өзінше бір бөлек. Ай да асылық айтып, ниетіне жете алмайды., күннің бетіне де дақ түседі.. Бұның шешуі не, Шәкәрім не айтпақ болып отыр? Менің жарым қандай Жар?! Ай өлді де күн қашты. Мағынасын байқаңдар, Сырлы сөзім, сырды ашты, [ 3 ]- деп тағы да терең ойға жетелейді. Ақын өлеңдерінде " шын " сөзі жиі қолданылады. Адам бойындағы қасиеттердің " шын ", " шын таза жан ", " шын сүю ", " шын сыр " сөздері арқылы өрнектеп, оны қоғамның шындығымен астастырып,, " шын дін ", " шын асық ", " шын нұр ", " шын хақиқат " деген ұ5ымдарға ұластырады. Шығармашылығында бастанаяқ төгіліп отыратын " шын " сөзі бірде адами қасиеттердің ең биік шыңы не деген сұраққа жауап іздеп, " шын таза жан "; бірде адами болмыстың ең шырқау ұмтылысы- " шын хақиқат ұғымы ", бірде діндердің арасындағы сан түрлі көзқарас пікірлер, " шын дін " яғни діннің тазалығы болып келеді. Мына өлеңінде ақын: Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай?- деп шын дін сөзін құдай ұғымымен астастырып, нақтылап береді. Шәкәрімнің даралығы- жалпы адамзат баласының әлемдік деңгейдегі мәселесін шешуге ұмтылысында. Оның үні бөлек. Ойы дара, тілі алмас қылыштай өткір. Бүкіл мініңді жөндеп, көңіл көзіңді ашуға міндеп тұрғандай. Шын асықтың әрбірі, Өліп топырақ болды да. Жаралыстың тағдыры, Жаратты мені орнына [ 3, 293 б ].
Ақынның ой тереңдігі сөз қолданысының бейнелілігі арқылы өзінің ішкі әлеміне жетелейді. Ақынның ішкі әлемі ғажайып. Ішкі рухы биік, көңіл көзі ашық. Өзінің ерекше жаратылысымен, ішкі көңіл көздерімен ақын құдайды танып білуге ұмтылған " шын асық " жоғары сезім иесі. Ақынның түйсініп, көңіл көзімен көріп, сезінгені жаратушыны тану. Жасырып тұр жар өзін, Бас көзімен қарама. Жүрегіңнің аш көзін, Жанның сырын арала,- дейді ақын. Ұлылар қай заманда болсын адам игілігін, адам болмысын айқындап, танып білген. Өйткені олардың өздері тәңірісінің нұры түскен, рухани дүниесі бай, үлкен қасиет иелері.
Шәкәрім үшін көкейкесті мәселелер Алланы сүю; еңбекті сүю, білімге ынтықтықпен арлы болу. Осы құндылықтар бар жерде өркендеу болады. Осы қасиеттер арқылы адамзат өз Отанын сүюді ұғынады. Жоғарыда келтірілген " Әбден толып жарық ай " өлеңінде " Асылық айтып шатқан соң қаяу түсті шетіне " деген жолдар бар. Мұнда Шәкәрім өмір, орта, дүние тақырыбын дидактикалық аллегориялық мағынада түсіндіруге ұмтылыс жасайды. Ешбір құбылыс жаратушымен, Жармен таласа алмайтындығын ескертіп өтеді. Сондықтан әрбір зерделі адам өзінің іс әрекеті
Ýäåáèåòòàíó
арқылы Жарға жағу керек деген сауал қойып отыруы керек деген ой ұсынады. Ақыл құсы адаспай аспандаса ", " Тәңірі мен жан ", " Шам Жардан жарықпын деп күнәлі боп ", " Мен кетемін " тағы басқа өлеңдерінде Шәкәрім Құдайбердіұлы философиялық кең ауқымды суреттер жасайды. Мұндағы теологиялық ой- қорытындылары бірін- бірі үстемелей толықтырып отырады: Хақиқат жар нұрына қанса біреу, Оның жаны өлмейді балталаса. Жарды көрген көзімнен сүймек болып, Ғажап па тамам айуан анталаса [ 3, 71 б.]
Ақынның Жар сөзіне қандай мағына сыйғызғандығын өлеңдерін мұқият оқып отырса өзі жауар береді. Сонымен Шәкәрімнің " Жар " дегендегісі Ақиқат, Құдай. Ал, бүкіл әлем оның сұлулығының айғағы. Әр халықтың құдай деп жүргендегісі бәрі де сол Ақиқат шындықтың көрінісі.: Бұл әлемнің әр түрлі, Бөлек емес ешбірі. Бәрі де Жардың бір сыры. Не көлеңке, не нұры [ 3,147 б.]
Шығармаларындағы Жар сөзінің қолданылуы: Жар нұрымен көңілді аш; Бейісте бар сұлу жар; Мен жомартпын жар нұрына; Ей, жарымыз, ай нұры; Асық жарды таптым деп; Менің Жарым қандай Жар; Жар киесі атқан соң; Жарының жаны жандары; Жар қанжары маған бал; Жардың жолы қиын жол; Жарымның нұрына жанып; Нұры өлшеусіз сұлу бір Жар; Жарға жетсем болғаны; Бояуы мінсіз сұлу шын Жар; Түсіп сәуле асық Жардан; Жардың нұры жарқыратып; Жардың сөзін Құран қыл; Менің Жарым қыз емес сынды ақынның өзі енгізген, Жар категориясын ашудағы ерекше көркем сөз үлгілерін көреміз. Ақын шығармаларынан жар категориясын сексен жеті жерде кездестірдік. Шәкәрім философиясындағы Жар феномені. Қазақ ойы дәстүрлі шығыс философиясының аясында, атап айтқанда ислам философясының негізінде дамиды. Ислам философиясының басты ұғымдарының бірі ретінде жар категориясы алынды. Қазақ тіліндегі " жар " сөзі парсы тіліндегі " яр-жар, дос деген мағыналы сөзден енсе, сол түбірлес парсыша " яри "- көмек, жәрдем деген мағынаны беріп тұр. Сонда өзіміз күнделікті қолданып жүрген " Алла жар болсын!" баталы сөзіміз Жаратушыдан көмек, жәрдем тілеуіміз екен. Сондай-ақ, қазақ лексикасындағы " жар "- ер жігіттің өмірлік серігі, жұбайы деген мағынаны да береді. Міне, осы екі астарлы, сырын ішіне магиялық әсері бар " жар " сөзінен жұмбағын шешу,- біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз осы. Осы қиын да күрмеуі көп харекетімзде Шәкәрім қажының еңбектеріне сүйенбекпіз. Өйткені, біздің ойымызша, қажының шығармашылығы арқылы қазақ дүниетанымындағы " жар " феноменінің тұңғыш рет мағынасы толық ашылған; Шәкәрім шығармашылығы- " жар " феноменін негіз қылып алған асықтық поэзияның қазақ топырағындағы озықта бірегей нұсқасы деп білеміз.
Алла Тағаланы сұлу қыз, ғашық жар, әйел бейнесінде елестету ислам дінінің ішкі астарлы мистикалық ағымы суфизм арқылы дүниеге келеді. Суфилер, қазақша сопылар, Аллаға ғашық жандар. Ислам философиясында Алла тағаланың бейнесі жоқ дерексіз. Ал дерексіз нәрсеге ғашық болу мүмкін бе өзі? Жоқ, мүмкін емес. Ал олай болғанда, Алла тағалаға махаббат гносеолоғиясымен тығыз байланысты. Сопылық ілімнің теоретиктерінің бірі Абу-Хамид аль-Газали өзінің " Сенім туралы ғылымдардың жандануы " атты еңбегінде былай дейді: " Біз ең бірінші мынаны жақсылап ұғып алуымыз керек: махаббат тек қана танымның нәтижесі, өйткені адам білген нәрсесін ғана сүйеді. Сондықтан да тастар сүю қабілетінен маһрүм: махаббат танымға ие тіршілік иесіне ғана тән қасиет ". Тіпті қазақ тіліндегі " жақсы көру " деген сөздің өзі ғашықтық таныммен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Өйткені " жәй көру " деген бар: онда
44