EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 44

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАР, НҰР КАТЕГОРИЯЛАРЫ
¹ 3-4( 17) 2017
Ýäåáèåòòàíó
Мақалада қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларындағы философиялық категориялар әдеби тұрғыдан зерттелген. Автор ақын танымындағы " Жар ", " Нұр ", " Хақиқат " сияқты категорияларға әдеби талдау жасайды
В статье дается литературный анализ философских категорий в произведениях казахского акына Шакарима Кудайбердиева. Автор статьи рассматривает категории " Свет ", " Истина " и " Суженый " в поэзии акына с литературной точки зрения.
ОСПАНОВА МАҚПАЛ
" Пушкин " атындағы орта мектептің қазақ тілі мұғалімі, Қарасай ауданы, Алматы.
The article gives a literary analysis of philosophical categories in the works of the Kazakh poet Shakarim Kudaiberdiev. The author of the article considers the categories " Light ", " Truth " and " Narrowed " in poetry of poet from the literary point of view.
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАР, НҰР КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Қазақ халқы жер бетіндегі басқа халықтар сияқты дүниетанымы мен діни наным- сенімінің ұзақ уақыт эвалюциялық даму жолын басынан кешірді. Ол қоғамдық санадағы эвалюциялық өсіп-өркендеудің ізбедері сол халықтың тілінде, діни ұстанымында, танымтүсінігінде, мінез- құлқында сақталатыны күмәнсіз. Осы әлеуметтік таным- түйсік жинақталып келіп, қазақтың жалпы халық ретіндегі мінез- құлқы мен қабілет- қарымы, діл табиғатының бейнесін айқындап көрсетеді. Біз Шәкәрім шығармаларынан халқымыздың қоғамдық санасының пішіні діннің белгілі уақыт пен кеңістік аралығындағы табиғи бейнесін анық көретіндігіміз осыдан. Шәкәрім шығармаларында біржақты дінді жалаң баяндап, құр уағыздау, соқыр сенімнен ада екендігі, дүниетаным тұрғысынан өз алдына дербес ғылым деңгейіндезерттеп және поэтикалық жағынан да ол көркемдік- эстетикалық биік талғаммен бейнелеудің шыңына жеткізгенін атап айтқан жөн. Мысалы: Ескі иманды отқа өртеп // Асыл иман алған күн // Дозақ оты жалындаса, // Оны жар нұры деп білсем // Жанымен сүйді әділет ардың жолын // тағы басқа мысалдарды жатқызуға болады. Шәкәрімнің дінге қатысты ұстанымы сөз болғанда, ұстазы Абай идеясынан тағылымы сезіліп тұрады. Абайдың дін туралы толғамдарын дұрыс түсініп, бағалау оған тарихи тұрғыдан қарауды талап етеді. Абай заманында қазақ даласында қос дінділік орын алды, ресми өмірде ислам діні үстемдік еткенімен, күнделікті тіршілікте шаманизмдік түйсіктер басым болды. Қос дінділік орын алды. Абай " Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққан " деген еңбегінде осыған орай сипаттама беріп өтеді яғни осы үрдіс Шәкәрім шығармаларынан да анық байқалады. Шәкәрім жырының да идеялық мақсаты рухани шынайылық, пәктікке биік гуманизмге, адамгершілік биігіне ұмтылыс. Алғашқысында таза көрінгеннің тек сыртқы бейнесі сондай-ақ, ал іші алдамшы екендігіне түңілген ақын шындыққа, ақиқатқа өзінің соқпағын салады. Бұрын шын бар бүгін шын Ертең шын бар үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек.
Нені қарастырса да, қай білімге бет бұрса да олардың асылынан, аса жоғары деңгейінен сусындауды дұрыс
көреді [ 1; 7 б.]
Шәкәрім дін жайында, діннің адамзаттың өсіп- өнуіне, адамгершілігіне тигізер әсері туралы көп өлеңдер жазды. Оның дүниетанымы тек қана дінмен шектелмейді. Оның астарында кең де пәрменді дінтану, теология, сенім жайлы ойлар жатыр. Ақынның жалпы дүниетанымы діннің ауқымынан шығып, жалпы адамгершілік жайлы ұғымды меңзейді.
Шәкәрім имандылықтың жоғарғы сатысында ақыл " рухани көзбен көру " қабілетіне ие болады, сол арқылы адам құдіреті ақиқатпен байланысады, оны таниды. Барлық рухани күштерді үйлескен тұтастыққа біріктіру арқылы адам мистикалық интуиция дәрежесіне көтеріледі [ 2; 94. б ] деп түсіндіреді.
Ақын діннің тазасын іздеп, шатағын сынға сал дейді. Таза діннің бастауы жүрегі таза, иманы берік, өз ақылымен жаратушыны таныған адамдарда жатыр. Таза мұсылман Алланың азабынан, қаһарынан қорқынышта, рахматында үмітте жүрген адам дейді. Шығармаларында жарға ғашықтық деген үлкен категория бар. " Менің жарым қыз емес, хақиқаттың шын нұры " [ 3 ] дейді ақын. Жарға махаббатын ол сопылар табиғатына тән ғашықтық пен жырлайды. Нәпсіңді тыйып, дүние қызығынан бас тартсаң жардың нұрын көресің деп, келтіреді. Өзінің ғашықтық халін гүлге ән салған бұлбұлмен, шамның жарығын айналған көбелекпен салыстырады: Сорлы бұлбұл жарға асық боп, Нұрлы гүлге айтты зар. Көбелек те шамды алам деп, Отқа түсті боп құмар [ 3; 244 б.]
Сағат сайын шақырған тауық пен ұлыған ит те өз иесіне өз тілімен құлшылық етеді, нәпсісі көзін байлаған адамзаттан айуан артық деген ойды айтады: Тауақ неге шақыра сағат сайын, Дей ме уақыт өткенін ұқтырайын. Кейде зарлы дауыспен ит ұлиды, Білемісің, қылып тұр, нені уайым? Олар деп тұр: Ойға алып бір құдайын, Зор құдіретін әлемге ұқтырайын. Құлшылық, намазы мен иманы сол, Күнде бір, айында бір, сағат сайын [ 3; 261 б.] Құран Кәрімде Әулие деген ұғым жиі кездеседі.
" Алланың жақын досы, құлы " деген атау.
42