¹ 3-4( 17) 2017
жоғалып кеткен өлеңдерін қалпына келтірген жұмыстары; 3. Абай өмірі мен шығармалары туралы арнайы ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуі.
4. Абайды көркем шығарма(" Абай жолы ") жазу арқылы әлемге танытуы. М. Әуезов ақынның тәлім-тәрбиелік ойлары сөз ұғатын жастарды жаңа жолға, Абай аңсап кеткен адамшылыққа қарай жетектейтінін, әділдік, шыншылдық, арлылық, ойшылдық сияқты рухани жан тәрбиесін беретінін атап көрсете отырып: " Сахараны басқан қара түнекті қақ жарып, жалғыз қолда жалынды жалғыз шырақ ұстап, халқына бет нұсқап: " Таңың белден атады, күнің сонау жақтан шығады "- деп кеткен ақын едің дейді тебіреніп [ 4,78 б.].
Осылайша М. Әуезов өзінің Абай туралы алғашқы мақалаларынан бастап, монографиялық іргелі зерттеулері арқылы абайтануды дербес ғылым саласы деңгейіне көтеріп, ақын шығармаларының ғылыми басылымдарын жарыққа шығарды. Абайтанудың негізін қалаған М. Әуезовтің орасан зор ғылыми-шығармашылық ізденістерімен қатар, тағы басқа ғалымдар да айтарлықтай үлестерін қосты. Ғалым Қажым Жұмалиевтің " Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі " деп аталатын тұңғыш докторлық диссертациясы абайтану саласына қосылған елеулі еңбек болды. Әуезов заманында және Әуезовтен кейін С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Т. Тәжібаев, Б. Ер-закович, Қ. Мұхамедханұлы, М. Сильченко, Ы. Дүйсенбаев, З. Ахметов, К. Бейсембиев, Ә. Жиреншин, А. Нұрқатов, С. Қирабаев, М. Мырзахметұлы, Р. Сыздықова, Ж. Ысмағұлов және т. б. ғалымдар абайтану ғылымына өзіндік үлес қосып, абайтанудың әр түрлі саласынан ғылыми еңбектер жазды.
Абай руханиятына келер болсақ, 1940 жылы 5, 1946 жылы 6, 1965 жылы 7, 1988 жылы 8, 1995 9 жылы жарық көрген библиографиялық көрсеткіштерде Абай туралы жазылған еңбектердің санының өзі-ақ алты мыңнан асып жығылуы хакім мұрасының бүгiнгi күнге дейiнгi зерттелу тарихының қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді. Абайдың халық рухында осыншалық мол ой өзегiне арқау болып, түрлi салалардағы шығармашылық еңбектердiң тууына себепкер болуы, жұртымыздың Абайды тануға деген құштарлығының үлкен жемiсi. Өйткенi, Абайды тану- өзiңдi, ұлтыңды, тарихыңды, тіліңді, діліңді тану деген сөз. Бұл орайда Абай мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу мен ақынның көркем бейнесiн сомдауда және Абайды қазаққа ғана емес, әлемге танытуда да дара тұрған, сөз жоқ, Мұхтар Омарханұлы Әуезов екенi баршамызға белгілі жайт.
Абайтану ғылымы еліміз тәуелсіздік алған жылдары ғана коммунистік идеология ұстанған қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, ғылыми өрісін еркін кеңейтуге молынан мүмкіндік алды.
Абай мұрасын тануда әр кезеңде қоғамдағы саяси ахуалдың ықпалымен әр қиырға тартқан түрлi көзқарастағы ой-пiкiрлер де болды. Абайды өз жұртына танытып, насихаттау тұрғысындағы еңбектер шоғырын былайша бөліп көрсетуге болады:
1. Ең алғашқы мақалаларға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде жазылған материалдар жатады. Олар: Ә. Бөкейхановтың 10, К. Ысқақұлының 11, Зейнелғабиден ибн Әміренің 12, А. Байтұрсынұлының 13, М. Дулатұлының 14, С. Әбішұлының 15, С. Торайғыровтың 16, А. Белослюдовтың 17 еңбектері. Бұлардың көпшілігі 1993 жылы " Абайды оқы, таңырқа " 18 деген атпен құрастырылған жинаққа енді.
2. Кеңестік цензураның ықпалымен 1923-1951 жылдар аралығында жазылған С. Мұқановтың [ 19 ], І. Қабыловтың [ 20 ], Ғ. Тоғжановтың [ 21 ] еңбектері және Абайдың ақын шәкірттеріне қатысты өрбіген әдеби айтыстар мен Абай мұрасына орай қабылданған қаулы-қарар материалдары [ 22 ]. 3. Абай шығармашылығына шынайы әділ бағасын
Ýäåáèåòòàíó
беруде айқын бағыт, берік тұғыр ұстанған Абай мұраларын қалайда ұрпаққа аман жеткізу ниетімен жазылған Ы. Мұстамбайұлының [ 23 ], Қ. Жұбановтың [ 24 ], І. Жансүгіровтің [ 25 ], Б. Кенжебаевтың [ 26 ], З. Шашкиннің [ 27 ], Қ. Мұхаметхановтың [ 28 ] еңбектері.
4. Абай мұраларын терең танытатын ғылыми негіздегі салиқалы зерттеулер мен тың ой-пікірлер. Оған М. Әуезовтен 29 бастап, Ә. Сағди 30, А. Нұрқатов 31, Ә. Жиреншин 32, М. С. Сильченко 33, Е. Ысмайылов 34, Қ. Жұмалиев 35, Р. Сыздықова 36, Т. Тәжібаев 37, Х. Сүйіншәлиев 38, З. Ахметов 39, М. Мырзахметұлы 40, Қ. Салғараұлы 41, Ғ. Есім 42, Т. Жұртбай 43, Ж. Ысмағұлов 44, т. б кең көлемді зерттеулері.
Кеңестік идеологияның белең алып, партиялық саяси үстемдіктің өршіп тұрған кезеңінде Абай шығармашылығы жайлы заман ызғарымен жаңсақ пікір айтқан жазушы С. Мұқанов, кейін хакім мұрасы жайлы ой-танымдарын түбегейлі өзгертіп, ақын мұратының асыл қасиеттерін халқына танытуда келелі ғылыми еңбек жазды 45. Абайтанушы ғалымдар ақын шығармашылығы үш қайнардан нәр алып сусындады деп көрсетеді: 1) Қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) Ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) Орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік( ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.
1940-1950 жылдары Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде, жан-жақты жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Атап айтқанда, ақынның қоғамдық, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ойтолғауларын тереңінен тексеріп талдаған еңбектер жарық көрді. 1957 жылы М. Әуезовтың тікелей басшылығымен дайындалған Абай шығармаларының толық жинағының жариялануы абайтану ғылымындағы ең ірі әрі елеулі табыс болды. 1965 жылы ғалым М. Мырзахметұлы " Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы " деп аталатын кандидаттық диссертациясы қорғады. Бдан соң Т. Кәкішевтің абайтану тарихын дамытуға үлес қосқан " Оңаша отау "( 1982 ж.) атты монографиясы жарыққа шықты.
1965 жылдан бастап Абай мұрасы туралы диссертациялық зерттеу жазылып, жүйелі түрде қорғала бастады. Күні бүгінге дейін абайтану саласынан кандидаттық, докторлық диссертациялардың жазылып, көптеген ғылыми монографиялардың жариялануы ақын мұрасының ұшан теңіз мол қазына екендігін дәлелдейді.
Ал тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1990 жылдардан бастап, бұрын айтуға тыйым салынған Абайдың діни көзқарастары мен исламға қарым-қатынасы туралы мәселе көтеріліп, ақынның моральдық философиясы, адамгершілік негіздері туралы ойлары жаңа бағыт-бағдар тұрғысынан зерттеле бастады. Ғалымдар А. Машановтың " Әл Фараби және Абай ", Ғ. Есімовтың " Хакім Абай ", М. Орынбековтың " Абайдың философиялық көзқарасы ", М. Мырзахметовтың " Абайдың адамгершілік мұраттары " деп аталатын зерттеулері ақын дүниетанымының күрделі мәселелерін ұлттық философия негізінде қарастырған, абайтану саласына тың бағыт алып келген ірі еңбектер болды. Абайтану саласында құнды зерттеулер қалдырған тұлғаның бірі әдебиетші, архивтанушы Бейсенбай Байғалиев. Қаламгердің ақын өмір жолына байланысты көлеңкелі тұстар мен күмәнді сауалдардың ақиқатын ашқан " Абай өмірбаяны архив деректерінде " атты монографиясы 2001 жылы басылып шықты. Бұл еңбектен Абайға қатысты барлық деректердің дәлелді тұстарымен танысуға болады. 2009 жылы ғалым С. Қасқабасовтың бастамасымен Абайдың 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген тұңғыш жинағы жүз жылдан кейін факсимиле түрінде жеке кітап болып басылып шықты. Соңғы жылдары жарыққа
40