EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 41

АБАЙ МҰРАЛАРЫН ЖИНАҚТАУ, ЗЕРТТЕУ, ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТАРИХИ СИПАТЫ
Ýäåáèåòòàíó
¹ 3-4( 17) 2017
Мақалада ақын Абай Құнанбайұлы мұрасының жинақталып зерттелуі және оларды оқыту мәселелері қарастырылады. Абайтану саласында құнды зерттеулер қалдырған тұлғалар жайлы сөз етіледі. Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа таныту және оны зерттеу ісінде ерекше еңбек сіңірген зерттеушілердің мұраларына шолу жасалды.
Статья посвящена истории сбора и изучения наследия казахского акына Абая Кунанбаева и вопросам преподавания его творчества. В статье дается обзор научным и публицистическим трудам ученыхабаеведов, внесших значительный вклад в дело изучения наследия поэта.
ҚАСЫМОВА ӘСЕМ ӘЛЕНҚЫЗЫ
PhD докторант, Памуккале университеті, Денизли қаласы, Түркия мемлекеті
The article is devoted to the history of collecting and studying the heritage of the Kazakh poet Abai Kunanbayev and the teaching of his work. The article gives an overview of the scientific and journalistic works of Scientifics who have made a significant contribution to the study of the heritage of the poet.
АБАЙ МҰРАЛАРЫН ЖИНАҚТАУ, ЗЕРТТЕУ, ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТАРИХИ СИПАТЫ
Абай шығармаларындағы тарихи шындық халқымыздың тағдырымен тығыз байланысты. Қоғамның құбылуына байланысты болған жақсы-жаман барлық құбылыстар халқымыздың тарихына да, Абай шығармаларына да ортақ болды. Сондықтан, Абай мұрасы- халық тағдырының айнасы десек те болады. Өйткені Абай шығармаларынан халық тағдырын көре аламыз. Халқымыздың данасы Абайдың мұрасын жинақтау, зерттеу, жұртшылыққа тарату абайтану ілімін тудырды. Абайтану тарихы- елдегі тарихи және саясиәлеуметтік жағдайларға байланысты ойшыл мұрасын зерттеу, тану, бағалау, насихаттау тарихын танып білу. Осы абайтану тарихын бір адамның өмірі емес, бүкіл халықтың өмірімен байланыстырамыз. Бұл абайтану тарихындағы, оны тудырған халық тағдырындағы құбылыстарды түсініп, олардың байланысын сезе отырып, оны келешекте болдырмаудың амалын іздеуге мүмкіндік береді.
Абай мұрасын танып зерттеу қарқыны жиырмасыншы ғасырдың басында қауырт дамып өте көп жетістіктерге жетті. Ең алғаш Абай шығармаларын бастыруға, оның елге таралуына ат салысқан адам Абайдың немере інісі Кәкітай Ысқақұлы болды [ 1, 35 ]. Ал ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған алғашқы зерттеу Әлихан Бөкейханұлының " Семипалатинский листок " газетіне 1905 жылы орыс тілінде жарыққа шыққан " Абай Құнанбаев " деген мақаласынан басталады [ 2, 58 ]. Ә. Бөкейханұлы бұл мақаласында Абайдың ақындық тұлғасын танытатын екі түрлі мәселеге ерекше тоқталған:
1) Ақынның жазба әдебиетке алып келген ағартушылық, жаңашылдық идеялары 2) Ақынның табиғат лирикасына қатысты өлеңдерінің қазақ поэзиясына үлкен жаңалық алып келгендігі. Сондай-ақ бұл мақалада Әлихан Абайдың орыс әдебиетінен үйренері көп болғандығы туралы: " Абай өзінің өмірінің соңғы сәтіне дейін Михаэлисті ерекше еске алып, " Дүниеде көзімді ашқанға себепкер болған кісі- Михаэлис ",- деп, өзінің оған борыштар екендігін білдіретін. Сонымен Абай Спенсердің " Тәжірибелерін ", Льюстің " Позитивті философиясын ", Днепрдің " Европаның ақыл ойының дамуын ", Н. Г. Чернышевскийдің " Современниктегі " мақалаларын оқыды және олардың тағдырымен таныс болды. Абай,
әсіресе, Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыды және " Ой ", " Қанжар ", " Дұға " тағы басқа өлеңдерін ден қоя аударды. Абай қазаққа түсінікті әрі пайдалы санаған Крыловтың көптеген мысалдарын тәржімалады "- деген деректер келтіреді [ 2, 412 ]. Ә. Бөкейханұлы мақаласынан бастау алған абайтану ілімі Кәкітай Ысқақұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы мақалаларында одан әрі жалғасын тапты. А. Байтұрсынұлы өз мақаласында " Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрын-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ ",- деп ашық түрде айтады [ 3 ].
Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа таныту және оны зерттеу ісінде ерекше еңбек сіңірген Мұхтар Әуезов болды. Ол- Абайдың ғұмыры мен шығармашылық жолын зерттеуге бүкіл өмірін арнаған ұлы тұлға. М. Әуезовтің бастамасымен Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуына орай 1933 жылы жарыққа шыққан Абайдың тұңғыш шығармалар жинағы абайтану саласының негізін қалаған ең алғашқы тарихи еңбек болып табылады. Бұл жинақ 1939, 1940 жылдары екі том болып қайта бастырылады. Бұл екі томдық жинақ 1933 жылғы жинақпен салыстырғанда, көптеген өзгешеліктерге ие болады. Алғашқы жинаққа 35 өлең енсе, соңғы жинақтарға 88 өлең енгізіледі. Абайдың әдеби мұрасын танып-білу, таныту жолында М. Әуезовтің айрықша еңбек еткен бағыты- ақын туындыларын ғылыми тұрғыдан тереңдете зерттеуі.
1930 жылдардан бастап Мұхаң " Абай " журналы мен " Шолпан " журналына зерттеу мақалаларын жариялап, Абай мұрасын зерттеуді қолға алу қажеттілігін үлкен мәселе етіп көтерді. М. Әуезовтің ғылыми теориялық деңгейі биік жатқан бірегей мақаласы 1934 жылы " Абай ақындығының айналасы " деген атпен " Әдебиет майданы " журналына жарияланады. Бұл болашақ абайтану саласының бағыт-бағдарын айқындап берген еңбек болды. Жалпы М. Әуезовтің көптеген жылдар бойы Абайды үздіксіз зерттеудегі ғылыми-теориялық және практикалық жұмыстарын үлкен төрт салаға бөліп қарастыруға болады: 1. Абай жазбаларын жинап, текстологиялы тұрғыдан сараптаған еңбектері; 2. Абай өмірбаянын қайтадан толықтырып жазып, ол өмір сүрген дәуірі жайында жинаған деректері мен
39