¹ 3-4( 17) 2017
жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру үшін Халық ағарту комиссариаты қызметкерлерін білікті жергілікті ұлттық мамандармен қамтамасыз ету қажеттілігі де туды. Қазақ ауылдарына нұсқаулар мен мен бұйрықтарды, оқу бағдарламаларын ғана емес, іс қағаздарын, құжаттарды қазақ тілінде жіберіп, тиімді басшылық жасау үшін де жергілікті мамандар қажет болды. 1932 жылы желтоқсанда республика Халық ағарту комиссариатында штат бойынша 72 қызметкер болса, оның 30-ы, яғни 40 пайызы ғана жергілікті ұлт өкілдері болды. Ал, 1933 жылдың желтоқсанында 101 штаттағы аппарат қызметкерлерінің 62-і, яғни 61,3 пайызы қазақтар болды. Тек бір жылдың ішінде ғана жергілікті тұрғындар ішінен шыққан қызметкер қатары 21,3 пайызға артты.
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуды жүзеге асыру барысында пәндік оқу бағдарламаларымен қатар, оқулықтар мен әдістемелік көмекші оқу құралдарын басып шығару да маңызды орын алды. Оқулықтардың саны және тиражы өсіп отырғанына қарамастан оқулықтарды басып шығару жоспары жыл сайын орындалмады. 1931-1932 оқу жылында қазақ мектептері оқулықтармен 40-45 пайыз, ал орыс мектептері 70-75 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді [ 7,126 ]. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуды енгізуде республикада педагог мамандар проблемасы әлі де өткір күйде болды. Мектеп жүйесінің үздіксіз жылдам өсуіне орай оларды мұғалімдермен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің біріне айналды. Қазақстандағы педагогикалық оқу орындары мектептердің мамандарға сұранысын қамтамасыз ете алмады. Сондықтан да КСРО Халық комиссарлары Кеңесі 1933 жылы 20 қарашада " Қазақстанға кадрлар дайындау жөнінде " қаулы қабылдады.
Ауыл-селоларда жалпыға бірдей міндетті оқуды дамыту үшін мектептерді сан жағынан көбейтумен қатар, сапалық жағынан да нығайту қажет болды. Ауылдардағы бір және екі комплектілі мектептерді толық комплектілі төрт жылдық мектепке айналдыру білікті кадрларды қажет етті. Барлық жерде мектептерде мұғалімдердің білім деңгейлері қанағаттанарлық жағдайда болған жоқ. Ауыл мұғалімдерінің бір және екі комплектілі мектептерде сабақ беруге мүмкіндіктері болғанымен 3 және 4-ші жыл оқитындарға сабақ беруге білім деңгейлері жетпеді. Себебі, бұл мұғалімдердің басым көпшілігі төрт жылдық біліммен ғана жұмыс істеп жүрді. Қазақстандағы 20-30 жылдардағы білім беру ісінде басқа республикалармен салыстырғанда артта қалды. Бұның обьективті де субьективті де себептері болды. Оған қазақ ауылдарының бытыраңқы орналасуын, қазақтардың едәуір бөлігінің әлі де болса көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүруін және 1931-1933 жылдардағы аштықты айтуға болады.
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру науқаны екінші бесжылдық тұсында да жалғасты. Бұл істің тез жандануына 1933 жылғы 10-16 шілде аралығында өткен өлкелік партия комитетінің алтыншы пленум шешімдері оң әсер етті. Өйткені пленумда Голощекиндік басшылық жол берген асыра сілтеулер мен аштық, одан туындаған қиындықтар толық болмаса да ашық айтылды, мектеп ісінде артта қалушылықтың бар екендігі мойындалды. Қабылданған шешім қазақ ауылында сапалы білім беруге, оқу жылын ұйымдасқан түрде бастауға, көшпелі және жартылай көшпелі аймақтарда мектеп-интернаттар ашуға, балалар үйіндегі оқу-тәрбие жұмысын жандандыруға, мұғалім кадрларына қамқорлықты күшейтуге барлық мекемелер мен ұйымдарды міндеттеді. Қазақстандағы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім берудің өзіндік қиыншылықтары да болды. Соның бірі Қазақ мектептеріндегі бастауыш мектептердің құрылымы еді. Олкезде Қазақстанның бастауыш мектептерінің құрылымы РКФСР-дегі 4 сыныпты бастауыш мектептің құрылымына үйлеспейтін. Жалғыз
Òàðèõ
бірінші сыныбы бар мектептер республикада 4,7 пайыз болды, бірінші және екінші сыныбы бар мектептер 37,2 пайыз, 1,2 3 сыныбы бар мектептер 24,8 пайыз, ал 4 сыныбы бар толық бастауыш мектептер бар болғаны 33,3 пайыз болды. Ал қазақ бастауыш мектептерінің жайы бұдан да нашар болды. Атап айтқанда бір сыныпты бастауыш мектептер 7,1 пайыз, екі сыныпты мектептер 48,7 пайыз, үш сыныпты мектептер 26,6 пайыз, ал төрт сыныпты мектептер небәрі 17,7 пайыз болды. Бастауыш мектептің әр түрлі сыныптарында да оқушылар саны біркелкі болмады. 1 және 2 сыныптарда 467 640 бала оқыды. Бұлар бастауыш мектептегі барлық оқушылардың 67,5 пайызы еді. Мұның өзінде 1 және 2 сыныптағы қазақ балалары 234 200, демек бастауыш мектептегі барлық оқушылардың 75 пайызы болды. Мектептің, әсіресе қазақ мектебінің тарихындағы бұл жағымсыз құбылыс қазақ ауылына сауат ашқызатын қарапайым мектептің өзі де жетеді деген зиянды теорияның нәтижесі болып табылады [ 8,254 ]. Қазақстан мектептерінің бастауыш сыныптарының оқушылармен толықтырылуының орташа мөлшері 24,8 пайыз, ал қазақ мектептерінде онан да аз 21,8 пайыз болды. Мал шаруашылықты аудандардың бастауыш мектептерінде одан да аз болды. Мысалы, Алматы облысының Балқаш ауданында 19,4 пайыз, Шыңғыстау ауданында 17,5 пайыз, Абыралы ауданында 11,8 пайыз ғана болды. Мұның басты себебі қазақ аудандары орыс поселкелеріндей емес, үй саны жағынан аз еді, оның үстіне қазақ ауылдары бір-бірінен қашық орналасты [ 8,254 ]. Қазақ мектептеріндегі кемшіліктерді жою үшін 1935 жылы 13 қарашада " Мектептердің құрылымын реттеу және қазақ орта мектебін дамыту туралы " қаулы қабылданды. Бұл қаулыда бастауыш мектепті тегіс төрт сыныптан тұратындай етіп қайта құруға тапсырма берілді. Төрт сыныпты ашу үшін 6-7 оқушы да жеткілікті болады деген нұсқау берілді. Жергілікті кадрлар мен мен кеңес мекемелеріне таяудағы 2-3 жылда ішінді 1,2,3 сыныптан тұратын мектептің орнына 4 сыныбы бар бастауыш мектеп құру міндеттелді. Екінші бесжылдық соңында Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру негізінен аяқталды. 1937 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша республикадағы мектеп жасындағы балалардың 96 пайызы бастауыш мектепке тартылды. Төрт сыныпты мектептер саны 1481-ден 2350-ге, оның ішінде қазақ мектептері 537-ден 1119-ға жетті. Егер 1933 жылғы 1 қаңтарда бастауыш мектептерде оқып жүрген қазақ балаларының саны 213 мың болса, 1937 жылы оның саны 314 мыңға жетті. 20-30 жылдары мектеп жұмысының даму барысы коммунистік тоталитарлық жүйенің ықпалына толық бағыныштылыққа түсті. Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысына саяси-идеологиялық сипат берілді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың сана-сезімі, ойлау жүйесі мен танымына қоғамдық ұйымдар( партия, комсомол, және пионер ұйымдары, өлке танушылар үйірмелері және т. б.), баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдени ошақтар, мектеп мұғлімдері жан-жақты ықпал етіп сталиндік қағиданы орындауға, оған ақиқат ретінде сеніп қабылдауға тәрбиеледі. Олар ой өрісі кең, еркін дамыған, батыл да байсалды шешім қабылдай алатын адам ретінде емес, қоғамдық әкімшіл-әміршіл тәртіпке бағынышты, қоғам дамуына белгілі бір міндеттерді атқаруға тиіс тек өз орнын ғана білетін тіл алғыш ғана болуы керек еді. Кеңес заманындағы білім беру ісі халықты жаппай сауаттандырғанымен өз азаматтарын рухани-мәдени тәуелділіккен түсірді. Француз тарихшысы Н. Верттың жазғанындай 20-шы жылдардың соңында 90 пайызы ғана бастауыш білім алған және олардың 70 пайызы ешқандай газет оқымаған жаңа қоғамды құрушы және
30