ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ 20 - 30 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
¹ 3-4 ( 17 ) 2017
Òàðèõ
Мақала 1920-1930 жылдадағы педагогикалық оқу орындарының Қазақстандағы білім беруді дамытуға қосқан тарихи рөлін бағамдауға арналған . Мақала авторы алғашқы жоғары оқу орындарының қалыптасу тарихын саралай келе , олардың Қазақстан аумағында білім беру жүйесін құруға қосқан үлесіне баға береді .
Статья посвящена исторической роли педагогических учебных заведений в развитии образования в Казахстане в 1920-1930 годы . Автор рассматривает историю становления первых высших учебных заведений и их историческую значимость в развитии образования на всей территории Казахстана в первой половине ХХ века .
МАҚСЕН ДАСТАН ЕРЖАНҰЛЫ
Қазақ инновациялық гуманитарлықзаң университеті , магистрант
The article is devoted to the historical role of the first pedagogical institutions in the development of education in Kazakhstan in 1920-1930 . The author considers the history of the formation of the first higher educational institutions and their significance in the development of education throughout the territory of Kazakhstan in the first half of the twentieth century .
ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ 20 - 30 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
20-30 - жылдардағы Қазақстандағы білім беру ісінің басты міндеттерінің бірі халыққа жалпыға бірдей бастауыш білім беруді іске асыру болды . Сол кездегі қиыншылықтарға қарамастан жалпыға бірдей бастауыш білім беру ісі жоспарға сәйкес ойдағыдай аяқталды . 1930 жылғы тамыз айында Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару Комитетімен Халық Комиссарлары Кеңесінің " Республикада жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу туралы " заңы жарияланды . Заңды жүзеге асыра бастау 1930-1931 оқу жылынан басталды .
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуға 8-11 жастағы балалар мен олардан жасы үлкен ересек балалардың бір бөлігі тартылуға тиіс болды . Бастауыш мектептердегі оқу жылының ұзақтығы 225 күн болып белгіленді . Көшпелі аудандарда жалпыға бірдей бастауыш оқу туралы қаулы 1931 жылдың көктемінен енгізілетін болды . Қазақстанның Халық ағарту комиссартатына , жергілікті жағдайды есепке ала отырып , көшпелі аудандардағы оқу жылының құрылымы мен ұзақтығын белгілеу тапсырылды [ 1,100 ]. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы қаулыға сәйкес кедейлердің балаларына мемлекет есебінен жәрдемдесу - тегін оқулықтар , жазу құралдарын , киім-кешек , сондай-ақ шәкіртақы беру көзделді . Жергілікті кеңестердің атқару комиттеттері алдына ескі үйлерді мектепке бейімдеу , жаңа мектеп үйлерін салу есебінен мектеп үйлерінің жалпы көлемін көбейту міндеті қойылды . Мұнымен бірге оларға мектепке арнап жеке меншіктегі үйлерді де жалға алуға рұқсат берілді , бұл үшін мемлекет есебінен арнаулы қаржы бөлінді . Республика үкіметінің қаулысы бойынша Алматы қаласында жалпыға бірдей міндетті оқудың күнбе-күнгі мәселелерін жедел шешіп , басшылық етіп отыратын арнаулы комитет құрылды . Оның құрамына партия , кәсіподақ , комсомол ұйымдарының , Оқу халық комиссариатының өкілдері енгізілді . Аудандық , қалалық , ауылдық , қыстақ-селолық кеңестер жанында да осындай комитеттер құрылды . Партия , кеңес , кәсіподақ , комсомол ұйымдары , оқуағарту қызметкерлері жалпыға бірдей бастауыш оқуды енгізудің негізгі шараларын жүзеге асыра отырып , жержерде орасан зор жұмыс жүргізді . Әрбір ауданда
жалпыға бірдей оқудың жұмыс жоспары жасалды . Әрбір қалада , елді мекендерде 8-11 жастағы балалар мен 12- 15 жастағы ересек балалардың саны анықталды , ұлты көрсетілді . 8 жастан 15 жасқа дейігі барлық балалар есепке алынды . Әсіресе , қазақ халқы отырықшы болып қоныстанған аудандарға ерекше көңіл бөлінді , бұлаудандардағы халықтың алдағы уақытта қаншалықты өсіп көбейетіні есепке алынды . Мұның үшін аудандық инспекцияның деректері , 1926 жылғы және одан кейінгі жылдардағы демографиялық санақ мәліметтері , сондай-ақ 1930 жылғы халық тізімі пайдаланылды .
Сол кездегі бірінші басқыш мектеп жоғарылы-төменді төрт бөлімі бар төрт комплектілі мектеп болды . Оқушылардың санына қарай мектеп екі комплектілі де және бір комплектілі бола алатын еді . Сынып комплектілердің саны бір мұғалімге 42 оқушы есебінен белгіленді . Мұның үстіне мектеп үйінің кеңдігіне , мұғалімдердің санына қарай жасы үлкен балаларды да бастауыш мектепке алуға болатын еді . Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетініңқаулысы бойынша мектеп оқуын жоспарлағанда Қазақстанда тұратын аз ұлттар мектептерінің де ойдағыдай дамуына көп көңіл бөлінді [ 2,25 ]. Бастауыш мектепті бітірмеген ересектерді барлық жерде міндетті түрде оқуға тарту үшін 1930-1931 оқу жылына қарай бірінші басқыш жаңа мектептер ашу жоспары жасалды . Бұл мектептер ерекше оқу жоспарлары бойынша оқытудың тездетілген формалары негізінде оқыта бастады . Ересектер мектептері сол кездегі жалпы мектептер үйлеріне орналастырылып , оларды толықтырды немесе дербес ауысым болып оқытылды . Кейбір көшпелі немесе жартылай көшпелі аудандардың жағдайына сәйкес , бір мектептің қамтитын жерінің аумағын ( ол шеті мен бұл шетін ) үш шақырымға дейін кеңейтуге рұқсат етілді . Бірақ мұнда балаларды көлікпен апару , алып қайту немесе интернат , жатақхана ашу , оларда жалшылар мен кедейлердің балаларын тамақтандыруды ұйымдастыру міндеттелді .
Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының жалпыға бірдей бастауыш оқу туралы нұсқауындағы ұсыныстарға сәйкес , жалпыға бірдей оқытуды қаржыландыруға қоғамдық ұйымдардың қаражаты , арнаулы үлестерден ,
28