EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 29

Òàðèõ
салыстырғанда осы аймақ бойынша бұл жылдары өте аз болғандығын ескертеді. Оңтүстік Қазақстан аймағында маманданған орта білімді қазақтар ішінде техниктер- 9,7 % ғана екендігін көрсетеді [ 3, 112-113 ]. Автор қазақтардың өсу динамикасына талдау жасап, қазақ инженер-техник зиялылар саны 1959 жылы 5,1 % болса, 1970 жылы 12,3 %- ғана өскендігін айтады. Ұлттық жергілікті маман кадр инженер-техниктердің сандық құрамының көбеюі 1970 жылдан кейін ғана өсе бастады деген тұжырым жасайды [ 3,117 ].
Сонымен қатар Э. Абланова 1959 жылғы санақ бойынша материалдық өндіріс саласындағы зиялылар саны 226 мың адамға немесе барлық республикадағы зиялылардың 45 % құраған, материалдық өндірістегі зиялылар ішіндегі ең көбі өндірістегі инженерлер- 27 %- дан жоғары болды деген дерек келтіреді.
Кеңестер Одағының ыдырауы қарсаңында, 80- жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан халқының әлеуметтік құрылымы, оның ішінде интеллигенциянң әлеуметтік бейнесінде де едәуір өзгерістер болды. М. Х. Асылбеков пен В. В. Козина өз еңбектерінде әлеуметтікэкономикалық реформаларға сәйкес халықтың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге тоқтала отырып,
¹ 3-4( 17) 2017
оның ерекшеліктерін талдады. 1979-1989 жылдардағы ой және дене еңбегімен айналысатын халық санының динамикасын көрсете отырып, ой еңбегімен айналысатын адамдардың санының едәуір артқандығын айтады.
Инженер-техникалық интеллигенция туралы жоғарыда келтірілген деректер 1960-шы жылдардан бастап олардың санының күрт өскендігін, оның ішінде қазақ кадрларының да көбейе бастағанын көрсетеді. Дегенмен де қазақ мамандарының өндірістік-техникалық салада азшылық болғандығын мойындауымыз керек. Оның бір себебі, өндірістік-техникалық оқу орындарында сабақ орыс тілінде жүргізілгендігі болса, басты себеп кеңес өкіметінің ұлттық кадрларға ұстанған теріс саясатында болды деген қорытынды жасауға болады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілген тарихи деректер Қазақстанның өткен ғасырдың 60-90 жылдарындағы инжнер-техникалық интеллигенциясының ел тарихында маңызды рөл атқарғандығын көрсетеді. Кеңес Одағының кадрлық саясаттағы қатаң бақылауына қарамастан сол жылдардағы инженер-техникалық интеллигенция республика өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосты.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Абжанов Х. М., Гуревич Л. Я., Интеллигенция Казахстана. История, теория, современность, Алматы, 1991. 2. Романов Ю. И. Осуществление ленинских идей электрофикации в Казахстане.- Алма-Ата: Наука, 1977. 3. Абланова Э. Қазақтар динамикасы( 1959-1970 жж) әлеуметтік-демографиялық дамуы: тарих. ғыл. канд.... дис.- Алматы, 1999.
27