¹ 3-4( 17) 2017 Òàðèõ
ҚҰРМАНҒАЛИЕВ САМАТ МҰРАТБЕКҰЛЫ
ҚазИГЗУ магистранты
Мақала ұлттық ғылыми интеллигенцияның қалыптасу тарихына арналған. Мақала авторы Қазақстандағы индустрияның дамуымен қатар жүрген, алғашқы инженерлер мен техникалық интеллигенция өкілдерінің қалыптасу тарихын баяндайды.
Статья посвящена истории формирования и становления национальной научной интеллигенции. Автор рассматривает историю становления первых инженеров и представителей технической интеллигенции в условиях развития индустрии в Казахстане.
The article is devoted to the history of formation of the national scientific intelligentsia. The author considers the history of the formation of the first engineers and representatives of the technical intelligentsia the conditions of the development of industry in Kazakhstan
ИНЖЕНЕР-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТІК ТАЛДАУЫ
Қазіргі заманда бүкіл әлемде интеллигенцияның едәуір бөлігін инженер-техникалық мамандар құрайды. Қазіргі индустриялық және постиндустриялық дәуірде инженертехникалық кадрлардың үлесі де артып келеді. Олардың қоғамдағы мәртебесі мен орны да маңызға ие болуда. Сондықтан да тарихымызда болып өткен инженертехникалық интеллигенцияның бай тәжірибесін зерттеу маңызды болып табылады.
Қазақстан интеллигенциясының әлеуметтік дамуы мәселесі отандық тарихты кешенді түрде зерттеу мәселесімен байланысты қарастырылады. Кеңестік дәуірдің 1970-1980 жылдары кеңестік қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымы жайлы көптеген зерттеулер жарық көріп, онда кеңестік қоғамдағы таптар мен әлеуметтік топтар талданды. Әлеуметтік құрылымға арналған зерттеулерде идеологиялық бағыттылық үстемдік еткендіктен, зерттеушілерге әлеуметтік-таптық құрылым жөнінде жан-жақты талдау жасауға сол кезеңнің ғылыми талабы мүмкіндік бермеді.
1990-шы жылдардың басында Қазақстан инженертехникалық интеллигенциясының әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді объективті түрде бағалауға егемендік алғаннан кейін ғана қол жеткізілді. Оның қатары жаңаша көзқарас тұрғысында жазылған еңбектермен толықты. Оның айқын көрінісін 1991 жылы жарық көрген Х. М. Әбжанов пен Л. Я. Гуревичтің Қазақстан интеллигенциясы туралы еңбегінен байқауға болады [ 1 ].
Олар бұл еңбектерінде Қазақстандағы интеллигенцияның өсу тарихын деректік материалдармен негіздейді. Олар халық санағы материалдарына сүйене отырып, 1930-шы жылдардағы интеллигенция өкілдерінің 40-мыңға жуығы басқару орындарында, 30 мыңнан астамы қаржы-экономика саласында, 35 мыңы инженертехникалық қызметте екендігін айқындаған. Ал 1960-шы жылдың қарсаңында инженер-техникалық интеллигенция 150 мың адамды, қаржы-экономика саласындағы интеллигенция 100 мың адамды құрағандығын саралаған [ 1, 31-32 б.]. 1970 жылы Қазақстан халық шаруашылығында қамтылған жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандардың 32 % инженер-техникалық қызметкерлер құрағандығы зерделенген.
Кеңестік замандағы қазақ интеллигенциясының әлеуметтік бейнесі 60-жылдардан бастап мықтап өзгере бастады. Соғыстан кейінгі жиырма жылда
26
интеллигенцияда орыс ұлтының құрамы көп болды. Бұл ең алдымен ірі өндіріс орындарына, 50-60 жылдары салынған зауыт-фабрикаларға сырттан келген инжнертехниктердің көптеп шақырылтуымен байланыстырылады. Сонымен қатар инженер техникалық мамандықтарда оқитын оқу орындарында қазақтар саны да аз болды.
Мысалы, соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде интеллигенция 267 %-ға өсіп, мұнда да өсу қарқыны мен үлесі жөнінен орыс ұлты өкілдері алда болды( екі санақ аралығында 279,1 % өскен). Екінші кезекте қазақтар( 204,7 %-ға) саны көп болды. Қазақтар бұл топтағылардың 1939 жылы 19,5 % болса, 1960 жылы 15 % ғана болды( үлесі 4,5 пунктке төмендеді.( Ал орыс ұлты өкілдері барлығының 1939 жылы 57,7 % болса, 1960 жылы 60,3 % болып, негізгі көпшілік болды [ 2, 124 б.]. 1941-1960 жылдары елімізде жоғары білімді мамандардың саны 3,9 есе өссе, қазақтар арасында 19 есе көбейді. 1939-1959 жылдар арасында ой еңбегімен айналысатын қазақтар саны 1,6 есе, оның ішінде инженер-техник қызметіндегі қазақтар 4,9 есе, қазақ дәрігерлері 6,3 есе өсті деген деректерді көрсетеді [ 3, 126 б.]. 60-жылдарға дейінгі қазақ интеллигенцияның өз жерінде азшылық болуына 30-жылдардағы саяси қуғын сүргін мен оның соғыстан кейінгі кезеңде жалғасуы да себеп болды.
Абланова Э. А. 1959-1970 жылдар аралығындағы қазақ интеллигенциясының әлеуметтік ерекшеліктерін талдай отырып, қазақ интеллигенциясының саны мен құрамы туралы деректанулық мәліметтер келтіреді. Ол 1959- 1970 жылдар аралығында инженерлер арасында жоғары білімді қазақтар- 10,7 % құрағандығына тоқталады. Мамандық түрлері бойынша ішінде кадрларының көп білім алған жерлері ауыл шаруашылық оқу орындары мен педагогикалық білімдегілер саны жағынан көптеу болса, техникалық инженер мамандығын игергендер саны қазақтар арасында ол жылдары 10 пайыз төңірегінде ғана қалғандығы жайлы мәліметтерді ұсынады.
Э. А. Абланова 1959 жылы республиканың экономикалық аймақтары бойынша халық шаруашылығында еңбек еткен қазақтар арасында жоғары білімділердің жалпы халық арасындағы үлестік салмағына тоқтала отырып, Оңтүстік Қазақстанда қазақ инженерлері- 14,0 %, агроном мен мал дәрігерлері- 31,1 % құрайтындығын пайымдайды. Инженерлердің арасында қазақтар саны басқа ұлттармен