EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | 页面 25

Òàðèõ ¹3-4 (17) 2017 Мақала Шығыс Қазақстан аумағы тұрғындарының көпұлтты құрамының қалыптасу тарихын баяндайды. Мақала авторы көпұлтты тұрғындардың қалыптасуына түрткі болған негізгі фактор ретінде Ресей и мпериясының халықтарды Шығысқа көшіру саясатын қарастырады. Статья посвящена истории формирования многонационального состава жителей на территории Восточного Казахстана. Основным фактором в становлении многонационального состава жителей региона автор рассматривает политику Российской империей по переселению народов на Восток. МАХМЕТОВА НАДИРА АМАНЖОЛҚЫЗЫ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты The article is devoted to the history of the formation of the multinational composition of inhabitants in the territory of East Kazakhstan. The author considers the policy of the Russian empire to resettle peoples to the East as the main factor in the formation of the multinational composition of the region's inhabitants ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КӨПҰЛТТЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА РЕСЕЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ШЫҒЫС САЯСАТЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ Шығыс Қазақстан тұрғындарының көпұлтты құрамы ұзақ тарихи кезеңдерде қалыптасты. Ресей империясының Оралдан шығысқа және оңтүстікке қарай жатқан жерлерді өзіне қосу барысында және азиялық елдермен байланысын жақсарта түсу мақсатында XVIIІ ғасырда қазақ жеріне ішкерілей орналасқан жаңа бекіністер желілері салды. Бұлар тарихқа "Ертіс линиялары" деген атаумен енген. Ресей шығыс бағыттағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге үнемі мүдделілік танытып отырды. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту мақсатындаРесей шығыс мемлекеттерімен және көршілес жатқан халықтарымен тығыз қарым-қатынас жасау мәселесіне үлкен мән берді.Ресейдің үлкен саясатында империямен көршілес жатқан жерлертүбінде соның құрамдас бөлігіне айналуы керек деген бағыт ұсталынды. Сондықтан да, Ресей тарапы көрші халықтармен сауда байланысын күшейте отырып, бүтіндей қосып алудың жолдарын қарастырды. Жалпы, сауда-экономикалық байланыстың артуына екі тарапта бірдей мүдделі болды. Сауда айланымы арқылы қазақтар көбіне, тұрмыстарына қажеті Ресей мануфактурасы шығарған тауарларды алды. Орыс пен қазақ арасындағы сауда негізінен айырбас сауда түрінде болды. Ал орыстар қазақтардан немесе басқалардан мал және мал өнімдерін алуға мүдделілік танытты. Ресей үкіметі мемлекеттің экономикасының нығаюына үлкен себебі бар сауда-экономикалық байланыстың тұрақты болуын көздеді. Сол сияқты, керуен жолдары өтетін Қазақстан сияқты кең байтақ транзиттік аймақта саяси жағдайдың шиеленіспеуіне, тұрақты болуына мән берді. Орыс мемлекеті кезінде Көшім ханға қарсы күресте өздеріне одақтас іздегенде де, түпкі мақсаттары Орталық Азияның нарығына кедергісіз шығу болғанын аңғару қиын емес. Өз кезектерінде, Орта Азия хандықтары тарапынан да шапқыншылыққа ұшырап отыратын қазақтар Мәскеумен байланыстарын осы мәселеде депайдалануға тырысты. Осы кезеңде, Қазақстанмен, Сібірмен және Орта Азиямен сауда байланысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Орыс мемлекеті жер аударылғандарды, көпестерді,қала тұрғындары-мещандарды, әскери жасақтарды Қазақстанға іргелес жатқан жерлерде ашылған бекіністерге үнемі орналастырып отырды. Жалпы, Ресей XVII- XVIII ғасырларда алған жерлерін бекіндіріп қана қоймай, соларды одан арғы жаулап алуларына негіз жасауға тырысты. Қазақстан шекарасына жақын орналасқан орыстардың алғашқы қаласы, Батыс Сібір аумағындағы "Үлкен Об қалашығы" болды. Бұл бекініс Ертіс өзеніне құйылатын Об өзенінің оң жағалауында орналасты. Өзінің аз уақыт ішіндегі тіршілігінде, осы бекініс (1594 жылы құлатылды) орыс әскери жасақтарының Сібірге және Қазақстанның территориясына терең енуіне қызмет етті. Мәселен, Тюмень (1586), Тобыл (1594), Томск (1604) бекіністері салынып, олар бірте-бірте қалаларға айналды [1]. Қазақстан жеріндегі бекініс жүйелеріне қатысты әдебиеттермен танысқанда, біздер олардың белгілі бір заңдылық бойынша орналастырылғанын көреміз. Бекіністер арасында өзара байланыстың күшті болуы үшін, линия бойымен орналасқан бекіністер аралығына шағын қамалдар - форпостар тұрғызылды. Линиялар бойындағы елді мекендерге Ресейден қоныс аударғандар, айдалып келгендер және т.б. қоныстандырылды. Аталмыш кезеңде,бүгінгі Шығыс Қазақстанды, Павлодарды қамтитын Ертіс бойындағы өңірде, "Ертіс линиясы" бойынша қамалдар, бекіністер, елді мекендер салына бастады. I Петрдің Ресей мемлекетінің құрамында Қырғыз-Қайсақ ордасының болуын қалауында, өзінің мемлекетінің шекарасын кеңейту ғана емес, сонымен қатар империяның шығыс шекарасын қауіпсіздендіру де жатты. I Петрдің жеке өкімі бойынша Жоғарғы-Ертіс желісіне кіретін жаңа бекіністер: Ямышев (1716), Омбы (1716), Железинская (1917), Семей (1718), Өскемен, Коряков (1720) және т.б. әскери-инженерлік құрылыстар салынды. Ресейдің Қазақстанның Ертіс бойындағы жерлерге экспансиясы бұрынғысынан да неғұрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарым бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телец ( Алтынкөл.-авт.) көліне дейін бекіністер салына бастады. 23