EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 26

¹ 3-4( 17) 2017
Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. 1764 жылы Кузнецк-Колыван шебінің бір бөлігі Өскеменнен Тигерец форпостына дейін ұзартылды. Сөйтіп, XVIIІ ғасырдың 60-жылдары Қазақстандағы шекаралық шептің шығыс қанаты Ресей әскери қамалдарының бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырылды. [ 1; 165 ]
Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ресейден Қазақстанға жаңадан көптеген әскери күштер әкелінді. Бұдан басқа патша өкіметінің өкімшілігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанға орталық губерниялардан орыс шаруаларының крепостнойлық жағдайына қарамастан, олардың бір бөлігін әкеліп қоныстандыруға белсене күш жұмсады. Бұл жерлердегі қазақтарды ығыстырып шығару жөнінде шаралар қолданылды. Сондай қадамдардың біріне, 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністеріне 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне тиым салатын шара жатады.
Ертіс бойындағы линиялардың қанат жаюымен, Алтайда үздіксіз кен өндіру ісі жолға қойылды. Бұл жағдай Ресейдің түкпір-түкпірінен жаңа жерлерге қоныстанушылардың келеуіне жол ашты. Шығыс Қазақстан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сонымен бірге оның тұрғындарының құрамына да байланысты болды. Осы жерде XVIII ғасырдың басында Ресей мен Қазақстан арасында, соның ішінде Шығыс Қазақстан өңірінде пайда болған қамалдар қандай әлеуметтік топтардан құрылды?- деген сұрақ туындайды. Семей қамалына, Солтүстік-Шығыс өңірге, жалпы Шығыс Қазақстанға алғаш келіп қоныстанған қоныстанушыларға назар аударатын болсақ, олардың ең алдымен, өз әлеуметтік жағдайларымен, айналысатын кәсіптерімен, діни сенімдерімен, сондайақ, ұлттық құрамдары-менерекшеленеді. Егер, өңірді игеру тұрғысынан қарайтын болсақ, бұнда таңданатын ештеңе жоқ. Қамалдарды салу барысында бұл өңірге әскери адамдар, казактар( оның ішінде таратылған Запарож Сечінің казактары да бар), сондай-ақ айдауға жіберілген поляктар қоныстандырылды.
Шығыс Қазақстан өңірінде қазақтардан кейін ең көп этникалық топты құраған әрине, орыстар болды. Орыстар, жалпы айтқанда " шығысславяндар " Қазақстан аумағына әртүрлі жолдармен, әртүрлі себептермен келіп шоғырлана бастады. XVI ғасырдың өзінде-ақ Қазақстан жерінде орал казактарының қоныстары болды. Шығыс Қазақстанға қоныстанаған орыстардың көпшілігі Ресей губернияларының помещиктерінің қаһарынанқашқандар, ескі дінді ұстанушылар( Старообряцы немесе кержактар.-авт.) және т. б. болды. Бұлар Бұқтырманың тау бөктеріндегі аңғарларға немесе ну орман ішіне орналасып, баспана тұрғызып және т. б. ауыр жұмыстарды жасады. Алтай тауларына келіп орналасқандықтан бұларды сол кездерде " каменщики " деп атаған. Басында орыс өкіметі олардың бар екендіктерінен бейхабар болды. Тек 1791 жылы ғана бұлар, ресми түрде Ресей өкіметінің бақылауына өтті [ 2; 34 ]. Бұлар Шығыс Қазақстан жеріне өз бетімен келіп, орналасушыларға жатады.
Шығыс Қазақстан территориясындағы ең алғашқы орыс мекендерінің пайда болуы XVIII ғ. Қазақ даласындағы әскери отарлаумен тығыз байланысты. Жоғарғы Ертіс қамалдарының бірінші тұрғындары Сібір казак войскосының құрамында болған казактар болды. 1760 жылғы Сібірдегі Өскемен қамалынан Бұқтырма өзені бойымен Телец көліне дейінгі жерлерге Уба, Үлбі, Березовка, Глубокое және т. б. өзен бойларындағы елдімекендер түсті. Сенат жарлығына байланысты бұл жерлерге шаруаларды да орналастыра бастады. Архангельск губерниясының Устюжск және Вятка уездеріндегі мемлекеттік шаруаларға осы жаққа келіп қоныстануға рұқсат берілді [ 3 ]. Жоңғар мемлекеті күйрегеннен кейін босап қалған жерлерге қоныстануға шаруалардың ұмтылысы жоғары болды. Олар өздерінУсть-Каменогорск қамалына қоныстандыруға өтініш жасай бастаған. 1743 жылы Кузнецов бөлімшесініңшаруалары Максим Земльяных мен Василий Шибаев 29 отбасының атынан Сібір линиясының басшысы, генерал-майор Киндерманға өздерін Усть-Каменогорск қамалына қоныстандыруға рұқсат сұрайды. Алайда ешқандай жауап ала алмайды. 1746 жылы олар өз өтініштерін қайта қайталайды. Бұл жолы олармен бірге, Ишим, Ялуторовск, Тара, Омбы бөлімшелерінен барлығы 200 адам өтініш жасайды. Олар өз өтініштерінде Усть-Каменогорск жерінің құнарлы екенін, егіншілік шаруашылыққа қолайлы екендігін атап көрсетеді [ 4; 35-37 ].
1760 жылдың тамыз айындағы және 1765 жылғы жарлықтар бойынша помещиктерге өздерінің басыбайлы шаруаларын айыпты істері үшін( предерзостные поступки) Сібірге қоныстануға және каторгаға жіберуге рұқсат берілді. Осы жарлық бойынша келгендер негізінен Өскемен қамалы қарамағындағы( ведомствосында) жерлерге орналасты. Орыс шаруалары егіншілікпен айналысты. Бұғанға дейін, жергілікті жердегі егіншілік мардымсыз болды. Әскерлердің өздерін жер өңдеу арқылы асырау шарасы сәтсіздікке ұшырады. Қызмет етуге және жер өңдеу үшін дон және орал казактары сияқты көп отбасылы казактар керек болды. Сондықтан да отбасылы шаруалардың келуі осы мәселені шешуге септігін тигізер еді.
1746 жылы Семипалатинск қамалында- 200, Ямышевта- 171, Усть-Каменогорскіде- 144 егін салатын алаптар болды. Шығыс Қазақстан өңіріндегі егіншіліктің дамуы туралы мәліметті 1789 жылғы статистикалық көрсеткіштерден байқауға болады. Осы жылы: қарабидай- 4418 десятина, көктемгі нан- 3129 десятина, бидай- 2284,5 десятина, сұлы- 1809 десятина, бұршақ- 5165 десятина жерге отырғызылды [ 5; 57 ].
1762 жылы II Екатеринаның манифесі негізіндегі үкімет сенатының жарғысы шықты, бұл бойынша діни бөлунішілік кезінде әр жылдарда Польшаға қашқандарды қайтару шарасы іске асырылды. Қайтып келген ескіғұрыптағылардың жартысы Алтайға қоныстандырылды. Олар Ульба және Уба өзендері бойындағы бұқтырмалық ескіғұрыптағылардың жанына қоныстанды. Староалейск, Лосиха, Секисовка, Шемонайха, Екатеринка және Бобровка мекендері пайда болды. Ұзақ уақыт бірге тұрғаннан кейін бұқтырмалықтар мен " поляктар " мәдени-шаруашылық қарым-қатынаста жақындасып кетті [ 5; 58 ]. Осыған орай Кенді Алтайда " поляктар " елді мекендері пайда болды. Мысалы, Староалейское, Лосиха, Секисовка, Шемонаиха, Екатеринка, Бобровка, Малая Уба, Быструха, Черемшанка және т. б. Жоқшылық пен қанауға ұшыраған Алтайды қоныстанушылардың біразы " Беловодье " атты жер жұмағы бар деп естіп, Бұқтырма арқылы Алтай тауларына тереңдеп еніп орналаса бастады. Алтай тауларына тереңдеп ену- тасқа қарай кету деп түсінгендіктен, бұл қашқындар " Алтайские каменщики " деген атқа ие болды [ 2 ]. Ал өңірдегі поляктар егіншілікпен қоса, мал шаруашылығымен айналысты.
Ертіс өңірі бойындағы саяси және сауда қатынастарының дамуына байланысты патша бұйрығымен өңірге қауырт қоныстандыру жарлығы жалғаса берді. Бұл жарлықтар нәтижесінде Ертіс өңірі бойындағы қамалдарда халық саны күрт өсті. 1745 жылдың 1 мамарындағы санақ көрсеткіші былай болды:
Қамалдар
Адам саны
Омбы қамалы
196 адам.
Железинск қамалы
54 адам.
Ямышевск қамалы
203 адам.
Семипалатинск
147 адам.
Усть-Каменогорск
53 адам
Òàðèõ
24