¹3-4 (17) 2017
Қазақстан тарихының "ақтаңдақ", оның ішінде Алаш,
қуғын-сүргін, ұлт зиялыларының тағдыры мәселелеріне
арнаған жүздеген ғылыми зерттеу мақалаларын жазып,
осы негізде шәкірттерін т?рбиелей де білді. [9;15]
К.Н.Нәрібаев "Талай тұлғаларды танытқан тарлан
тарихшы" атты өзінің Кеңес Нұрпейісов туралы ойын
былай сабақтайды: "Алаш тарихы күрделі әрі маңызды
мәселені ол жан-жақты, жүйелі түрде зерттеді. Ең
алдымен жалпы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын, Алаш
қозғалысының пайда болу және даму кезеңдерін, Алаш
партиясының құрылу тарихы мен атқарған қызметтерін,
партия көсемдерінің еңбектерін толық әрі тиянақты түрде
зерттеді.
Òàðèõ
Жалпы Алаш тарихы жөнінде академик К.Нұрпейіс
100-ден аса ғылыми еңбектер жазды.Бұрын көпшілікке,
ғылымға белгісіз болып жатқан көптеген құбылыстардың
бетін ашты. Сондықтан Кеңес Нұрпейісұлы заңды түрде
Алаш тарихын зерттейтін ғылыми мектептің негізін
қалаушы болып саналады".
Кеңес Нұрпейісов өз кезінде Отандық тарих
ғылымының айшықты жұлдызы болды десек еш
қателеспейміз. Себебі, тарих деген даңғыл да дара
жолда артына көптеген құнды мұра қалдырған ғалым.
Осы жерде халықтың айтқан "ғалымның өзі өлсе де, хаты
өлмейді" деген нақылы еске түседі. Ғалымның еңбектері
алда әлі талай зерттеушілерге бағдар бермек!
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Смағұлова С.О. К.Нұрпейіс еңбектеріндегі Алаш мәселесі: Тұлғалар тағдыры // Алаш Орданың 100 жылдығына
арналған "Нұрпейісов оқулары" аясында өтетін "Алаш Орда және қазақ мемлекеттілігінің мәселелері" атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы.-Алматы , 2017.228 б.
2. Рысбеков Т.З. К.Нұрпейіс және қазақ тарихы ғылымы // "Дүниежүзі тарихы: зерттеу және оқыту мәселелері"
атты "Нұрпейісов оқулары шеңберіндегі" ҚР ҰҒА академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының 75-жылдығына
арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағы.-Алматы , 2010.446 б.
3. Сләмов А.С. Тарих және тағылым.Ғылыми мақалалар жинағы. Семей, Интеллект,2010. -328 б.
4. Нұрпейіс К. Тарихи тұлғалар. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы.-2007.60 б.б.
5. Қазақстан Ұлттық энциклопедия Алматы: "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы 2005. (92-93)
6. К.Нұрпейіс Алаш және Түркістан автономиялары: ұлттық мемлекеттілігінің тәжірибелері мен сабақтары Отан
тарихы.- 2001.-№3 48 б.
7. Нұрпейіс К. Алаш қозғалысы қалай басталды? Аңыз адам.- 2014 (6-7 б.б.)
8. Сләмов А. Алаш қозғалысы және Алашорда үкіметі тарихының өзекті мәселелері// Шәкәрім журналы 2012 №1
44 б.
9. Аширбекова Ж.Б. Ғалым салған жол Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің хабаршысы №2 (5)
2010
10. Алаштұлғалы. Кеңес Нұрпейісұлы туралы естеліктер / Құраст.:Т.Нұрпейісов. - Алматы,2010.-352 б.
22