Òàðèõ
еңбектерінде кездесетін деректемелер.[ 3; 119-120 ] Кеңес Нұрпейісов Алаш және Алашорда тарихының көп жақтарының әлі де оқырмандар үшін беймәлім екендігін айтады, қынжылады. Оны ғалымның мына сөзінен толық аңғара аламыз: " Қазіргі оқырманның көпшілігі, әсіресе 20-30 жылдардан кейінгі дүниеге келген ұрпақ, " Алаш " туралы білмейді, ал біле қалған жағдайда, онысы шындыққа жанаспайды. Жағдайдың бұлай қалыптасуының өзіндік себептері болады. 20-шы жылдардан бастап орын алған бұрынғы " Алаш " партиясы меноның жетекшілеріне қарсы ұйымдастырылған алғашқы саяси сот процесінен кейін, бұл тақырыпты нақтылы-тарихи тұрғыдан зерттеуге ресми түрде тыйым салынды ". [ 4; 60 ]
Кеңес Нұрпейісовтің пікірінше, жалпы " Алаш қозғалысы "-XIX ғасыр мен XX ғасырдың тоғысында қалыптасқан қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясы негізін қалаған ұлт-азаттық қозғалыстың көрінісі. " Алаш қозғалысы " деген ұғым үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады. Олар " Алаш " атты партия, " Алаш автономиясы " атты қазақ мемлекеттілігі, сол автономияны басқаратын Алашорда үкіметі. Алаш қозғалысының жетекшілері, Алаш үкіметі үш ұлттық мақсат-мүддеге жауап беретін мәселелерді алдарына қойып, оларды шешуге тырысты. Олар біріншіден, қазақтың патшалық Ресейдіңотары болған кезеңде бөлшектеніп кеткен этникалық территориясының( халықтың ата-қонысының) тұтастығын қалпына келтіру, үшіншіден реформа, эволюция жолымен Қазақстанды өркениетті елдер қатарына қосу болды.[ 3; 188-189 ] Алаш қозғалысы- XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған қазақтың саяси- демократиялық қозғалысы. Қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, қазақтардың егіншілікке жарамды жерлерінің Ресейден келген қоныс аударушыларға берілуі, Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі осы кезеңнің нақты көрінісі еді. Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының осылай асқынуы қозғалыстың тарихи негізі болып табылады. Алаш қозғалысының басты мақсаты- қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, егіншілік пен өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, ұлттың мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылдың ақпан және желтоқсан аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. [ 5; 92-93 ]
Кеңес Нұрпейісов өзінің " Алаш және Түркістан автономиялары: ұлттық мемлекеттілігінің тәжірибелері мен сабақтары " атты мақаласында Алаш партиясы туралы былай дейді: " Алаш партиясы қоғамдық- саяси өмірге араласа бастаған кезден аса маңызды үш ұлттық мақсаттары- қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды, тарихи жаңа кезеңде қазақ мемлекеттігін қалпына келтіруді және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді- өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы түбірлі міндеттерді орындауда " Алаш " басшылығы революция( төңкеріс) емес, эволюция жолын таңдап алды. Осылайша алашшылар XX ғасыр басындағы қазақтың реформаторлық қозғалысын негіздеп қалыптастырды. Бұл қозғалыстың нақтылы міндеттері " Қазақ " газетінің 1917 жылғы 21-қарашадағы санында жарияланған " Алаш " партиясы программасының жобасында көрініс тапты.
10 баптан тұратын осы аса маңызды саяси құжатта Қазақстанның Қазақстанның келешекте тәуелсіз мемлекет ретінде қайта түлеп, қалыптасып-нығаюының тұғырнамалық бағыттары анықталды.
¹ 3-4( 17) 2017
Құрылтай шешіміне сәйкес Қазақстан халқымыздың ата-қонысын( этникалық территориясын) түгел қамтитын ұлттық-территориялық мемлекет болып жарияланды. Оның ресми аты Алаш автономиясы, ал үкіметі Алаш- Орда( Алаштың ордасы) болсын делінді.
Қазақтар арасындағы басқа ұлт өкілдеріне қазақтармен тең құқық берілді және олар бүкіл билік жүйесінде өздерінің санына қарай орын алады делінді. Алашорда үкіметінің құрамы 25 адамнан тұратын болды да, оның 15-і қазақтарға, ал қалған 10 орын Қазақстанды мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне берілетін болды. Бұл шешім сол кездің өзінде-ақ көп ұлтты өңір болған қазақ автономиясында қазіргі тілмен айтқанда саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтау мүдделерінен туындаған еді ". [ 6; 48 ]
Тарихи әдебиетте Алаш қозғалысына байланысты әртүрлі пікірлердің орын алғаны белгілі. Терең зерттеуші Кеңес Нұрпейісов Алаш қозғалысының нағыз ұлттық саяси-демократиялық қозғалыс болғанын баса көрсетіп отырады. Кеңес Нұрпейісов сол кездегі Алаш қозғалысының негізгі бастауларын былай суреттейді: " XX ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына Россия алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады.
Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-қазақ әскерлерін( казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында россиялық отарлаушылар Қазақстанның 45 млн десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда ең құнарлы 16 проценттей бөлігіне иелік етті. 1917 жылғы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен россиялық қоныстанушылар( негізгі орыс ұлтының өкілдері) сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 процентін құрды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен, дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды ".[ 7; 30 ] Әлем қауымдастығында нық орны бар тәуелсіз еліміз жағдайында өткен тарихымызды саралап, жаңғырту негізгі азаматтық борыш десек, ал, бұл тұрғыда атқарылар істер әлі де көп. Төл тарихымыздаәлі де болса, тереңдете зерттеуді қажет ететін беттерінің бірі- Алаш және Алашорда тарихы. Халқымыздың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерінің бірі болып саналатын Алаш және Алашорда тарихы өзге елдермен терезесі тең, дербес ұлт ретінде күн кешуге жұртын сендіре алған жаңашыл қозғалыс болды. XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі топтардың, ағымдардың өзара қақтығыс күрес кезеңі болса, қарама қайшылықты оқиғаларға толы бұл кезде, барлық әлеуметтік топтар күрес жолына шығып, бұл текетірес бүкіл өңірді қамтыды.[ 8; 44 ]
XX ғасырдағы қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік, ел тарихы туралы ащы терін төгіп төгіп, құлшына еңбектенген тарихшыларымыз баршылық солардың қатарында болған ғалым ағамыздың да өткені мен болашаққа жасаған қызметі қандай құрметке болса да лайық. [ 3; 191 ]
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдардан бастап өзі қайтыс болған 2007 жылға дейінгі аралықта ғалым,
21