¹ 3-4( 17) 2017
Òàðèõ
Мақала Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихын зерттеудегі тарихшы ғалым Кеңес Нұрпейісовтің тарихи роліне арналған. Мақалада Кеңес Нұрпейісовтің Алашорда тарихына арналған еңбектеріне шолу берілген.
Статья об исторической роли ученого-историка Кенеса Нурпеисова в изучении истории движения Алаш и правительства Алашорды. В статье дается обзор трудам Кенеса Нурпеисова по истории Алашорды.
ШАЙМАРДАНОВА НҰРГҮЛ СЕМЕЙБЕКҚЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты
An article about the historical role of the scientist-historian Kenes Nurpeisov in studying the history of the Alash movement and the Alashorda government. The article gives an overview of the works of Kenes Nurpeisov on the history of Alashorda.
КЕҢЕС НҰРПЕЙІСОВТІҢ АЛАШ ПЕН АЛАШОРДА ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тарихшылардың қолға алған мәселелерінің арасында кеңестік жүйе тұсында тыйым салынған 30-шы жылдары " халық жауы " деп айыпталып, қуғындалып, атылған ұлт зиялыларының қазақ қоғамына тигізген қоғамдық-саяси қызметі. Тарихта " ақтаңдақтар " аталып кеткен бұл мәселелерді алғашқылардың бірі болып ғылыми айналымға ендірген тарихшылардың бірі- Кеңес Нұрпейісұлы. Тарихшы ғалымдардың арасында Алаш мәселесі қызу талқыға алынып, түрлі ой-пікірлер, тұжырымдар айтылып жатқан кезде Кеңес Нұрпейісұлы Алаш қозғалысына жататын мәселенің басын ашып, оларды нақты түрде қарастыруды ұсынды.[ 1; 13-14 ] Еліміздің тәуелсіздікке қолының жетуі- кезіндегі идеологиялық қыспақ жағдайында " тиым салынған " немесе көмескіге айналған тарихи оқиғаларды жаңа деректерге сүйене отырып, шынайылықпен зерттеуге мүмкіндік туғызды. Бұл жағдай көптеген мәселелермен қатар, Алашорда және оның жекелеген мемлекет қайраткерлері турасындағы тақырыптарды да қайтадан ой-елегінен өткізуге серпін берді.
Осындай қалыптасқан жағдайда отандық тарих ғылымын жаңа көкжиектерге, түбегейлі өзгерістерге бағыттау мәселесі күн тәртібіне шықты. Осы тұрғыдан келгенде, Кеңес Нұрпейісов- Қазақстан тарихы ғылымын дамытуға сүбелі үлесін қосқан отандық тарихшылардың алдыңғы қатарында тұрды.
Кеңес Нұрпейісовтің Отан тарихында өзіндік айшықты қолтаңбасы Алаш пен Алашорда мәселесін зерттеуде де қалды. Ғалымның Алаш мәселесіне байланысты алғашқы зерттеулері аса ауқымды болмаса да, сол кеңестік кезеңде-ақ жарық көре бастады. Ал, көрнекті ғалымның Алаш тақырыбына тереңдей енуі сөз жоқ тәуелсіздік алған жылдардан басталады. Кеңес Нұрпейісов өзінің еңбектерінің басым көпшілігін Алаш тарихын зерттеуге, Алаш қозғалысының тарихи маңызы мен тарихи рөлін айқындауға, Алаш қозғалысының белсенді азаматтарының кісілік келбеттерін зерттеуге арнады.
Ғалым, XX ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Алаш партиясының рөлі мен орнын тиянақты әрі байыпты саралауды алғаш қолға алғандардың бірі болды. Ол өзінің " Алаш һәм Алашорда "
20
деген монографиясында, кеңес өкіметі кезінде 60 жылдан астам уақыт зерттеуге тыйым салынған Алаш және Алашорда тарихының деректемелік, тарихнамалық негіздерін, ұлттық-демократиялық Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламалық мақсат-міндеттері, мемлекеттік құрылым ретіндегі Алаш Автономиясының ұйымдасуы, Алашорданың нақтылы іс-әрекеттері сияқты мәселелерді ғылыми тұрғыда көтерді. Осы еңбектің арқасында тек зерттеушілер ғана емес, сонымен бірге, ұлт-азаттық қозғалысының осы бір ерекше кезеңін білгісі келетіндер де өз танымдарын байыта алды. Сөйтіп, қалың оқырман XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының " ақтаңдақ " беттерінің біразы Алаш партиясы мен Алашордаға тікелей байланысты екенін бағамдай түседі.[ 2; 11-12 ]
Кеңес Нұрпейісовтің Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының тарихын бүге шігесіне дейін зерттеуінің өзіақ ғалымның осы мәселені терең білуінің көрінісі дейміз. Кеңестік дәуірде бұл тақырып зерттеу айналымында болмасада, біз ғалымның оған байланысты сол кездерде-ақ мол мәліметінің болғанын байқаймыз.
Ғалым өзінің Алаш қозғалысы туралы еңбектерінде, оның тууының тарихи себептерін XX ғасырдың басындағы қазақ халқының жай-күйімен байланыстырып көрсетеді.
Аталған монографияда зерттеуші, Алаш қозғалысының бастауларына, монархия құлатылғаннан кейінгі кезеңдегі түрлі биліктерменАлашорда үкіметінің қарымқатынасына қатысты мәселелерді қамтыған.
Отандық тарихтың осы тұстарын зерттеуде өзіндік ойтұжырымдарын бере отыра, академик Кеңес Нұрпейісов Алаш қозғалысы тарихының деректемелік негіздерін кең көлемде қарастырып, оны негізінен төрт топқа бөледі: 1. 20-30 жылдарда жеке жинақтарда жарияланған деректер; 2. 1913-1918 жылдарда қазақ ұлттық баспасөзінде жарияланған деректер;
3. Қазақстанның, Ресейдің, АҚШ-тың, Францияның, Түркияның т. б. мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған деректер;
4. Алаш қозғалысының Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқайұлы, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев сияқты жетекшілерінің жеке мұрағаттары мен