Òàðèõ
өнерінің бір топ тамаша туындылары, С. Щедрин, К.
Лебедев, К. Брюллов, И. Шишкин сияқты атақты
қылқалам шеберлерінің өшпес туындылары бар.
Невзоровтар отбасының коллекциясы өзіндік тарихын
тереңнен, сонау ХІХ ғасырдан бастайды. Өнерді терең
бағалай білетін отбасы Юлий Владимирович көп
жылдарғы жинақтаған мәліметтерін мұражай қорына
тапсырды [6, 31].
Мұражай коллекциясының қатарын қазақстандық Ә.
Қастеев, А. Ғалымбаева, Г. Исмаилов, С. Мәмбеев, Е.
Сидоркин, М. Айтбаев, Б. Түлкиев сынды қас
шеберлердің туындылары толықтыруда.
Мұражай қорында 3600 өнер туындылары, соның
ішінде 1000 экспонат Қазақстан бейнелеу өнері жайында
баяндайды.
Мұражай қызметкерлері де үлкен ғылыми зерттеу
жұмыстарып жүргізіп, соның нәтижесінде тұңғыш каталог
жинағын баспаға әзірледі.
Мұражайдың шығармашылық туындылары тек облыс
көлемінде ғана емес, Астана, Алматы, Павлодарда да
көрермендер назарына ұсынылуда. Мұражай жанында
лекторий, балалардың көрсемсурет студиясы жұмыс
істейді, классикалық музыка кештері өтеді.
1995 жылы Қазақстан мәдениетін дамытудағы зор
еңбегі бағаланып Ю.В. Невзоров Елбасының
Жарлығымен "Парасат" орденімен марапатталады.
1854 жылдың 1 қазанында Семей облысы дүниеге
келді. Осы кезден бастап Семейде құрылыс орындары
қарыштап дами бастады.
1868 жылы үш қабатты облыстық басқарма
ғимаратының құрылысы аяқталып, оған мемлекеттік
баспахана орналасты.
Музей экспозициясының бірінші бөлімінде Семейдің
ХІХ және ХХ ғасырдағы ғимараттары мен көшелері
туралы мәліметтер орналасқан. Экспозицияда сол
кездегі ХІХ ғасырдағы әріп теру столы, шрифтер,
¹3-4 (17) 2017
штамптар, баспа және шрифтердің әртүрлі өнімдері мен
өнімдерінің үлгілері қойылған.
Достоевскийдің Әдеби-Мемориалдық Мұражайы -
Семей қаласындағы мәдени-ағарту мекемесі. Орыс
жазушысы Ф.М. Достоевскийдің туғанына 150 жыл толуы
қарсаңында 1971 жылы құрылған. Мұражай жартылай
ашылған кітап пішінінде бұрынғы жазушы тұрған (1857
- 1859) екі қабат ағаш үйге жапсарлас ғимаратта
орналасқан.
Мұражайдың кіре берісіне Достоевский мен
Ш.Уәлихановтың достығын бейнелейтін қоладан
құйылған мүсін қойылған. Мұражайда жазушының
алғашқы "Бейшаралар" (1846) романынан бастап,
"Ағайынды Қарамазовтар" (1880) романына дейін,
сондай-ақ, әр жылдары басылған толық жинақтары,
әлем тілдерінде шыққан туындылары, ғалымдардың
жазушы шығармалары туралы жазған зерттеу еңбектері
қойылған. 2000-нан астам экспонат бар [7, 25].
Жазушының Сібірде өткізген жылдарын (1849 - 1859)
бейнелейтін экспозициялар бір бөлімде жеке
жинақталған. Омбыдағы кезеңі "Өлі үй" атты композиция
арқылы көрсетілген. Осы бөлімде жазушының "Сібір
дәптері", "Өлі үйден жазбалар" атты шығармаларына
суретшілер А.Н. Корсакова мен З.А. Толкачеваның салған
иллюстрациялары қойылған. Мұражайда жазушының
Уәлихановпен жазысқан хаттары, оған байланысты
көптеген құнды экспонаттар бар. 1974-75 жылдары ескі
үйге қосымша қазіргі заманғы екі қабатты ғимарат
салынды. Оның екінші қабатында экспозиция залы,
бірінші қабатында қор қоймасы, ғылыми кітапхана мен
оқу залы, киноколлекциялық зал орналасқан. Жобасын
"Семсель-проект" институты жасаған. Бас сәулетшісі
В.Ф.Власов.1977 жылғы қазан айында мұражай кешенін
құру аяқталды: оған мұражайдың ескі және жаңа
ғимараттары және сол араға жақын маңда орналасқан
"Ш.Уәлиханов пен Ф.Достоевский" қола мүсіні кіреді.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Исин А. "Семейге тарих мұражайы керек" // Ертіс өңірі . - 2010. - 8 қыркүйек. -8 б.
2. Ыбыраева А.Семей мұражайы тарихынан // Қазақ тарихы.-1999.-№ 2.-27-32 б.
3. Кенжебеков М. "Жидебай - Бөрілі қорық мұражайы". //Дидар. 2002 ж. 15 қыркүйек. 3 б
4. Нұрқасым Қ. "Сергек һәм сері Семей жеріндегі ұлттық мәдениеттің дамуы жайында". //Ертіс өңірі. 2007 ж. 5
қыркүйек. - 12 б.
5. Қасымбаев Ж. "Семей қаласының тарихы". А. - 1990 ж. - 26 б.
6. Асылбекова С. "Қазақ мәдениеті қазақ мемлекетінің жүрегі". А. өнер. 2003 ж. - 31 б.
19