¹ 3-4( 17) 2017
Бұлар әдеби оқулықтар, шығыс ғұламаларының еңбектері. Абай қорық-мұражайы қорында 20 мыңнан астам жәдігері, 12 950 кітабы бар ғылыми кітапхана және көшірме жасайтын ғылыми-техникалық бөлім бар.
Абай ауданының аймағында орналасқан Бөрілі- Мұхтардың балалық, жастық шағы өткен жер. Сондықтан мұнда жазушының өмірі мен шығармашылығын қамтиды.
Жидебай- Абайдың әкесі Құнанбай әулетінің ата қонысы. Мұнда ақынның әдеби мұралары: қара сөздері, өлеңдері, аудармалары жазылды [ 3, 3 ].
Ақын мұражайына кезінде өркендетуге үлес қосқан жазушы, ғалым, қайраткерлер Қ. Туғанбаев, Қ. Мұхамедханұлы болды. Мұражайда жазушы М. Әуезовтың өз қолымен сыйға тартқан ақынның көзі тірісінде түскен фотосуреттері және Абай үйінің дүниелері асылдың көзіндей сақтаулы.
Облыстық тарихи- өлкетану мұражайы- Қазақстандағы ең ежелгі мұражайлардың бірі. Мұражай жергілікті энтузиаст жинақтаушылардың жиған топтамаларының негізінде 1915 жылы ашылды. Ғасырға жуық тарихының барысында мұражай Шығыс Қазақстан өлкесіндегі көне замандардан бастап қазіргі күндерге қатысты табиғат пен жаратылыстық ескерткіштерді жинап сақтаған үлкен қоймаға, ірі ғылыми- зерттеу орталығына айналды.
Мұражайда 140923 жәдігер сақталуда. Мұражай қорына жыл сайын мыңға жуық зат келіп түседі. Экспозициялар арқылы 7 000 түпнұсқа жәдігер орналастырылып көрсетуге қойылған. Мұражай 2011 жылы 50-ден астам көрмелерді тамашалауға ұсынды. Жыл бойында мұражайды 130 000 адам келіп көреді. Мұражай қызметкерлері 1 200 экскурция өткізіп, дәрістер оқиды.
Археологиялық топтамалар арқылы біздің өлкемізде С. Черников, Ф. Арсланова, С. Ақынжанов, З. Самашев тәрізді танымал археологтардың жетекшілігімен болған барлық археологиялық экспедициялардың материалдары топтастырылып жинақталған. Мәселен, сабының басы жылқы мүсіні түрінде орындалған б. з. д. ХIII ғасырдан жеткен қола қанжар, Зевакино моласынан табылған руникалық жазбалары бар қола айналар ерекше құнды, бірегей археологиялық жәдігерлер болып табылады.
Мұражай бастау көздерінің негізінде қызметкерлердің академиялық басылымдарда 250 ғылыми және ғылымикөпшілік мақалалары жарық көрді.
Мұражай жабдықтаған экспозициялар мен көрмелер- ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Мұражайда 7 экспозиция залы жабдықталып қызмет көрсетуде. Тарихи-өлкетану музейі- Қазақстан және Батыс Сібір музейлерінің ішіндегі ең ірі ғылыми және мәдениет орталығы болып табылады. Оның негізі 1883 жылы 11 қыркүйекте( ескіше) қаланған.
Оның алғашқы ұйымдастырушылары болып белгілі зерттеуші ғалым Е. П. Михаэлис, П. Е Маковецкий, Н. И. Долгополов, А. А. Леонтьев, П. Д. Лобановский т. б. жер ауып келген зиялылар музей ісін дамытуда жарқын істердің ұйтқысы болған. Комитет мүшелері өлкеде географиялық, этнографиялық және экономикалық зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, көптеген мәліметтер жинастырды [ 4, 12 ].
Батыс-Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі шығарып тұрған құнды басылым " Записки …" бүгінгі күнде таптырмайтын асыл қазынаның деректеріне сүйене отырып қала тарихында елеулі орны бар түп
Òàðèõ нұсқалармен танысуға болады.
Сонымен бірге, ұлы ақын Абай Құнанбаев та осы алғаш құрылған тарихи-өлкетану мұражайын ұйымдастырушылардың бірі болған. Сол мұражайға ақын атамыз 60-қа таяу экспонаттар өткізгенін деректер растайды. Оның көбі этнографиялық бұйымдар. Үлкен ас салатын табақ, қымыз құятын құтылар, қобыз, асатаяқ, шоқпар, айбалта, қамшы, кебеже т. б.- мұның бәрі Абайдың өзі тұтынған, қолымен ұстаған заттар.
Американдық саяхатшы, журналист Дж. Кеннан осы өлкетану мұражайына ерекше көңіл бөлген. Көп жылдар бойы музейде География қоғамының мүшелері Б. Г. Герасимов, А. Баландин, И. Власов, Г. Корнилов, жергілікті өлкетанушылар ағайынды Болослюдовтар еңбек еткен.
Музей қаланың ортасында бұрынғы Губернатордың үйінде орналасқан. Бұл ХІХ ғасырдың аяғындағы архитектуралық ескерткіш өзінің тарихи әсемдігімен көз тартады.
Музей экспозициялары алғашқы бесжылдықтар кезіндегі өңіріміздің халық шаруашылығы салаларының құрылып қалыптасуын және даму барысынан сыр шертеді. Стахановтық қозғалыстың алғашқы қолдаушылары Түрксиб темір жолы, ет-консерві комбинаты, кеме жөндеу заводы сияқты алып құрылыстардың салыну тарихымен, еңбек ерлерімен таныстырады.
Мұнда соғыс жылдарының қасиетті ескерткіштері де көптеп кездеседі. Жерлес батырларымыздың жеке заттары, киім-кешектері, қару-жарақтары, сирек кездесетін фотосуреттері мен басқадай документтер кімді болсын толғандырмай қоймайды.
Музей экспозицияларында соғыстар кейінгі бесжылдықтар кезеңін, алға қойған міндеттерді орындау жөніндегі облыс еңбекшілерінің еңбек жетістіктерін баяндайтын мәліметтер мол. Өңіріміздің ғылымы мен мәдениетінің кешегісі мен бүгіні жайында да құжаттар тың деректер береді. Музей тақырыптық экспозицияны жетілдіру, музей қорын толықтыру, кештер, кездесулер өткізу, түрлі тақырыптарда лекциялар оқу тәрізді шаралар жүргізеді. Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы 1985 жылы құрылды. Қазіргі күні Қазақстандағы көркем сурет құндылықтарын жинақтаған ірі орындардың бірі. Мұражай жинағы салыстырмалы түрде шағын, дегенмен, өзінің құрамы және көркемдік құндылығы тұрғысынан өнер зерттеушілері мен мамандар үшін өте қызғылықты [ 5, 26 ].
Невзоровтар отбасының жинағының тарихын тереңнен, сонау XIX ғасырдан бастайды. Ю. В. Невзоров атасынан, әкесінен мұра болып қалған картиналарын толықтырып, байытты. Қазіргі экспозиция келбетіне Юлий Владимирович өз үлесін қосты. 1991 жылы мұражай Невзоровтар отбасы атауы берілді. 1995 жылы Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Парасат орденімен марапатталды. Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинаған ірі мәдениет орындарының бірі- Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы 1985 жылы құрылған. Мұражайдың бітім болмысын революцияға дейінгі орыс өнері айқындайды.
Мұражай коллекциясы отбасы Невзоровтар атынан сыйлыққа келген 500-ден астам орыс, шетел туындыларынан жинақталды. Оның ішінде XVIII-XX ғасыр аралығында дүниеге келген сурет және кескіндеу
18