EURASIAN EDUCATION №3-4 2017 | Page 19

Òàðèõ ¹3-4 (17) 2017 Мақала Шығыс Қазақстан облысы Семей өңіріндегі мұражайлардың тарихына арналады. Мұражайлар қорларының қалыптасуы, экспозициялық және көрсе жұмыстарының ұйымдастырылу тарихы жан-жақты қарастырылады. Семей өңірі мұражайларын типологиялық топтастыру жүргізілген. БОЛАТОВА ҚАЛАМҚАС БОЛАТҚЫЗЫ ҚАЙРОЛЛАЕВ НҰРСҰЛТАН ҚУАНЫШҰЛЫ т.ғ.к, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Тарих және география кафедрасының меңгерушісі Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті, магистрант Статья посвящена реконструкции истории музеев Семейского региона Восточно- Казахстанской области, изучению формирования фондов, организации экспозиционной и выставочной деятельности в музеях. Осуществлена типологизация музеев Семейского региона. This article is focused on the history of the museums in the Semey region of the East Kazakhstan, it explores the formation of funds, organization exposure and exhibition activity here. The author develops typology of museums in the Semey region. СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ МҰРАЖАЙЛАР ТАРИХЫ Қазақстан Республик асының Президенті Н.Ә.Назарбаев елдің іргесі түзуленген кезеңнен бастап өткен әр тарихи жылды атап өту дәстүрін биыл мәдениетті қолдау жылы деп жариялануының қазақ халқының тағдырында, ұлттың болашағының іріктелуінде алар орны зор. Осы тұрғыдан алып қарағанда мәдениеттің әлеуметтік салмағы мен бағыт - бағдарын пайымдайтын, қазіргі қоғамға лайық ұлттық рухтың беріктігі мен биіктігін анықтайтын, оған ғылыми талдау жасай отырып, сараптайтын уақыттың дұрыс келгенін ұғыну қажет. Мәдениет пен өнерді мәдени мұраларды, олардың тарихын көз қарас арқылы тануға, ұстануға сай мәдени жасауға бет бұрды. Шығыс Қазақстан өңірінің мұсылмандық тарихында жазылған алғашқы қала Семей өңірі болуы ғажап емес. Мәдениетке бет бұрған осы әлемдік үрдістермен ғана емес, қазіргі Шығыс Қазақстан өңірінің мәдени өңірінде қалыптасқан ахуалмен байланыстырылады [1,8]. Қазақстан даласында алғашқы мұражайлар ХІХ ғасырдан бастап қалыптаса бастады. Қазақстан даласында алғаш мұражайларды ұйымдастыру жұмыстары орыс географиялық қоғамының Орынбор 1868 ж. Батыс Сібір - 1877 ж. Түркістан 1896 ж. бөлімдері статистикалық комитеттер және орынбор ғылыми архивтік комитетінің мүшелері бәсекеге араласты. Семей қаласында 1878 ж. облыстық статистикалық комитеттің құрылуы 1920 жылы орыс географиялық қоғамның мүшелері ашылуы Семейді Қазақстанның шығыстың ғылыми, мәдени орталығына айналдырды. Белгілі зерттеуші ғалым Е.П. Михаэлис басшылық еткен комитет мүшелері өлке