EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 8

¹ 3-4( 11) 2016
сауалнамалар ұйымдастыру, алынған мағлұматтар немесе деректер бойынша сауалнамаларды өңдеу және талдау жасау. Зерттеуде келесі негізгі сұрақтарға жауап берілді:- Мектептерде қандай педагогикалық тәжірибелер қолданылады және оларда АКТ қандай жағдайда пайдаланылады?
- Егер жаңа ақпараттық технологияларды нақты педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданылады жағдайда, АКТ қалай және қандай дәрежеде қолданылады?
- Әртүрлі педагогикалық тәсілдерді қолданумен байланысты( мұғалім, мектептер, жергілікті қоғамдастық пен тұтастай алғанда елдің деңгейінде) ортаның қандай ерекшеліктері бар?
- Жергілікті қоғамдастық пен тұтастай алғанда елдің деңгейінде) қоршаған ортаны ерекшеліктері әр түрлі педагогикалық тәсілдерді пайдалану және оларға АКТ қолданумен байланысты жатыр? Сәйкес келетін үрдістерді түсіндіретін үлгі( модель) құруға болама? Бiз сауалнаманың әзiрлеуде келесі жағдайларды ескердік:- информатика мұғалімдерінің кәсіби сипаттамаларын;- компьютерлендірудің материалдық-техникалық базасын;
- педагогтардың көзқарасы бойынша оқушылардың ақпараттық- коммуникациялық сауаттылықтың қалыптасу деңгейін.
Жасалған сауалнама сұрақтар түрінде ұсынылған 20 талапты қанағаттандырады. Сұрақтар әр түрлі өзгермелі нұсқада тұжырымдалған. Олардың кейбіреулері үшін жалаушалармен ерекшелеп бірегей жауап беру қажет. Бірнеше сұрақтарға " Иә " немесе " Жoқ " жауабының бірін таңдау қажет. Бірқатар сұрақтарға ұсынылатын нұсқасынан жауап таңдау болса, кейбір сұрақтарда ұсынылған тұжырымдамалардың барлығына жауап беру керек.
Сауалнамалардың бірқатар сұрақтары ICILS компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты Халықаралық зерттеуге негізделіп жасалды. Бұл сауалнамалар қазақ және орыс тілдерінде информатика пәнін жүргізетін мұғалімдерге дайындалған болатын. Сауалнамаларды өңдеу әртүрлі әдістермен жүзеге асырылды: негізінен, олардың жауаптарын қарапайым қосу амалымен жүргізілді, кейін жауаптар бойынша жалпы санына сәйкес пайыздық ара қатынас құрды.
Сауалнамада: 59 елді мекеннен қазақ тілінде сабақ беретін 301 мұғалім және 56 елді мекеннен орыс тілінде сабақ беретін 267 мұғалім қамтылды.
Қазақстанда оқушылардың ақпараттық- коммуникациялық сауаттылығының даму бағытын анықтайтын құбылыстар анықталды.
Зерттеуге қатысқан 568 сауалнама жүргізілген мұғалімдердің 401-і әйелдер болды, мұның өзі мектептерде оқыту процесінің ізгілендірілгендігін дәлелдейді. Ақпараттық технологияларды пайдалануды психологиялық тұрғыда қабылдау жөнінде жүргізілген зерттеулер- сауалнамаға жауап берген оқытушылардың жасы 25 және 49 жас арасында екендігін анықтады. Тек қатысқандардан 4-адамның жасы 60 және одан үлкен болды. Мұндағы 452 адамның іс жүзінде мамандық бойынша жұмыс істейтіндігі немесе информатика мұғалімдеріне арналған арнайы курстарды бітіргендігі білім беру саласындағы нақты көрсеткіш ретінде бізді қуантатын жағдай болғандығын атап өтуге болады. Алайда, қалған 107 адамның арнайы білімі жоқ екендігі оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылық деңгейін төмендетудің бір факторы болды. Информатика пәнінің мұғалімі үшін өзінің сыныбында тікелей ғаламторға қосылу көзінің болуы маңызды, өкінішке орай, 81 оқытушыда мұндай мүмкіндіктер жоқ болды.
Сауалнамаға жауап берушілердің көпшiлігінің
ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
көзқарасы бойынша оқу процесiнiң толыққанды жүргізілуі үшін мектепте компьютер жабдығының жеткілікті дәрежеде емес екендігін қосымша атап өтуге болады. Алайда, сыныптардағы компьютерлік жабдықтарды орналастырудың белгілі бір ережелері бар. Информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша13-15 компьютерден аспауы қажет [ 4 ]. Осы себепті, ірі сыныптар шағын топтарға бөлінеді.
Оқу бағдарламасы оқушыларға сабақ кезінде ғаламторды белсенді пайдалануды қамтиды [ 5 ]. Осылайша, тек қана 87 информатика мұғалімінің сыныптарындағы компьютерлердің саны ережелік талаптарға сай болып шықты. Ал, қалған мектептер, информатика сыныптары үшін бос орындар мен техникалық құралдарды жеткілікті дәрежеде орналастыра алмаған. Осыған қарамастан, Ғаламторға қосылған мектептердің көпшілігінің Ғаламторға қосылу жылдамдығы 1-ден 100 Mb құрайды.
Оқушылардың ақпараттық және коммуникациялық сауаттылығын дамытуда Ғаламтордың болуы үлкен рөл атқарады. Сауалнамаға қатысқан 568 адамның тек 12- сі ғана ғаламтордың қолда болуы керек деген пікірге қарсы жауап берді, бұл әлемдік желіге мектептердің шамамен 100 % қамту көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар, Пилоттық сынау нәтижелерін талдау үшін сынақ әзірлеушілермен Skype-конференция өткізілді. Осылайша, АКТ сауаттылығының даму үдерістерін және оны бағалау тәсілдерін жүргізуге жасалған талдау негізінде келесі қорытынды тұжырымдама жасалды: 1. 2015 жылға арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес, жоба аумағында мектеп оқушыларының ақпараттықкоммуникациялық( АК) сауаттылығын және оны бағалау параметрлерін анықтау барысында халықаралық және отандық жүргізілген тәжірибелерге талдау жасалды. Талдау жасау барысында, оқушылардың АК-сауаттылық деңгейіне тікелей әсер ететін алғашқы факторлар, яғни информатика сабағын оқыту үрдісі мен орта білім беруді ақпараттандыру жағдайын бағалау бойынша сауалнама жүргізілді.
2. Кең көлемді халықаралық салыстырмалы зерттеулерге 1997 жылдан ғана жүргізіле бастады, бұрынғы КСРО елдерінен оған Балтика мен Ресей мемлекеттері ғана қатысты. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы ақпараттарды алу үшін мамандар мен бiлiм беру ұйымдарының жетекшілеріне сауалнамалар жүргізілді, мұнда сауалнама мазмұнына АКТ-сауаттылық және АКТ-құзыреттілік деңгейі бойынша сұрақтар мен тапсырмалар енгізілген жоқ. 3. Оқушылардың АК-сауаттылығын бағалау деңгейін анықтау үшін құрастырылған арнайы тапсырмалар бірінші рет 2013 жылы жүргізілген халықаралық зерттеу мазмұнына ICILS енгізілді, мұндағы тапсырмалар нақты пәнаралық контекст жағдайында құрастырылды. Мұнда Ресейлік ICL Test тестілеу мазмұнында технологиялық дағдылар контексінде қарастырылатын танымдық және этикалық құрылымдарына басты назар аударылды, жалпы алғанда, технологиялық дағдыны емес, оқушылардың АК сауаттылықтың танымдық құрылымдарын бағалау бүгінгі тест мазмұнының басты ерекшелігі болып табылады. 4. Оқушылардың АКТ-сауаттылық деңгейі білім беруді ақпараттандырудың ағымдағы деңгейіне және білім беру мекемесінің АТ инфрақұрылымдарының жағдайларына өте тәуелді болып табылады, сондықтан бұл бағалау технологияларын дамытуда және нақты тапсырмаларды дайындау барысында ескерілуі тиіс; мұғалімдердің сауалнама қорытындысы бойынша көптеген мектептердің техникалық жабдықтарының қанағаттанарлық деңгейін анықтады, бірақ, сол зертханада компьютерлердің санын тиімді орналастыру барысында кемшіліктер орын алған, қолданылатын бағдарламалық құралдардың әртүрлілігінде үлкен
6